Атырау, 13 мамыр 17:41
 ашықВ Атырау +15
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

"Бір бөлімде 15 адам отыр, іс бітіретін үшеуі ғана" - Назарбаев шенеуніктерді сынады

1 664 просмотра


Фото: kazakbol.com


Назарбаев төрт мемлекеттік органда іске қосылған пилоттық жоба туралы әңгімеледі. Нұрсұлтан Назарбаев Атырау қаласындағы іссапары барысындағы жиналыста мемлекеттік қызметшілерді сынға алды.

"Жақсы бағдарламалар жазылып жатыр, бірақ нақты жұмыс істелмейді. Екі әкімдік пен екі министрлікте пилоттық жобаны енгізіп: "Бюджет бар ма, орында. Басқару үшін қанша керек болса, сонша бөл де, қалған қаражатты шенеуніктердің жалақысын көтеруге жұмса, бірақ еңбек ететін болсын", — дедім. Бір бөлімде 15 адам отырады –  іс бітіретін үшеуі ғана. Рас емес пе? Ақылды адам жаза біледі. Есесіне қаламға, қағазға, орындыққа ақша үнемдеуге болады, оның үстіне қазақ астыма көлік мінгіз дейді", — деді Назарбаев.

 Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылдың қаңтарынан бастап әділет министрлігі, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік, сонымен бірге Астана мен Маңғыстау облысы әкімдіктерінде пилоттық жоба енгізілген. Бұл органдарда еңбекті бағалаудың жаңа жүйесі сынақтан өткізіліп, нәтижесінде мемлекеттік қызметшілердің жалақысы өзгерді.

Кейінірек жемқорлыққа қарсы ведомство есеп бергендей, пилоттық жоба нәтижесінде төрт мемлекеттік органда жұмыстан шығару көлемі үш есе азайды, ал жұмыс орнына қабылдануға үміткерлер саны екі есе көбейген.

Шенеуніктердің еңбегін бағалаудың жаңа жүйесі барлық органдарда енгізілетін болады.

Дереккөз: sputniknews.kz

24 тамыз 2018, 10:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.