Атырау, 15 желтоқсан 23:36
 ашықВ Атырау -8
$ 522.38
€ 612.60
₽ 6.54

Жүргізушіден сақ бол

2 016 рет қаралды


Үстіміздегі жылдың шілде айында Махамбет ауданы Алмалы ауылында масаңдық белгісі бар 40 жастағы ер адам жүргізген «Лада Гранта» автокөлігі тоқтатылды. Ол медициналық куәландырудан өтуді ұсынған полицейлерге қарсылық көрсетті: ЖПҚ инспекторының көйлегінің түймелерін жұлып, қолына кісен салмақ болғанда баспен бетіне ұрып, қашып кетті. Алайда алысқа ұзамады – бірнеше минуттардан кейін бұзақы ұсталды.

Сотта Ж. Өз кінәсін мойындап, кешірім сұрады. Жүргізуші ҚР ҚК-нің 380-бабы 1-тармағы (Билік өкіліне қатысты күш қолдану) бойынша айыпты деп танылып, 1 жылға бостандығы шектелді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

23 тамыз 2018, 20:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.