Атырау, 29 қараша 22:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Қала орталығында ер адам полицейлерге оқ жаудырды

1 544 просмотра


Фото: rbc.ru

Ресейдің астанасы Мәскеу қаласы орталығында ер адам кенеттен еш себепсіз екі құқық қорғаушыға оқ ата бастайды.

Оқиға Мәскеу орталығында Сивцев Вражек көшесінде кешкі мезгілде болды. Шабуыл кезінде полицейлердің бірі жарақат алған, деп хабарлайды РИА Новости. Қарулы ер адамға оқ атып, жарақаттап, тоқтатқан. Оны ауруханаға жеткізді. Зардап шеккен полицейге де медициналық жәрдем көрсетілді. Өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.

Кейінірек белгілі болғандай, полицейлерге 31 жастағы Қабарда-Балқар Республикасының тумасы шабуыл жасаған екен. Бұл әрекетінің себебі белгісіз.

Аталған дерек бойынша құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қастандық жасау туралы бапқа сәйкес қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Тергеу комитеті.

Дереккөз: sputniknews.kz

24 тамыз 2018, 10:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.