Атырау, 25 қараша 20:28
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Туған ағасын өлтіргенге үкім шықты

2 506 просмотра


Атырау облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша сотта ағасын пышақтаған адамға үкім шығарылды. Іс материалдары бойынша, үстіміздегі жылдың 25 наурызында сотталушы О. Мен туған ағасы П. Қала сыртындағы Көкарна ауылында үйдің ішкі жөндеу жұмыстарын істеп жатады.

Жұмыс барысында ағайындылар демалып, аздап арақ ішуді ойлайды. Алайда, ішкен ішімдіктің мөлшері көбейіп кетті ме, араларында жанжал басталады. Ас үй пышағын алған О. бауырының кеуде тұсынан пышақ салады, ол сол жерде бірден өліп кетеді.

Сот О.-ны ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-тармағы (Кісі өлтіру) бойынша кінәлі деп тауып, 9 жылға бас бостандығынан айырды.

- Сотталушы О.-ның кінәсі куәгерлермен сарапшылардың куәліктерімен және сот-медициналық сараптама нәтижелерімен расталды,- деп нақтылады соттың баспасөз қызметі.

Фархат ӘБІЛОВ

24 тамыз 2018, 09:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.