Атырау, 13 мамыр 11:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Талдықорғанда бұрынғы қала әкімінің орынбасарына қатысты сот өтуде

1 565 просмотра



Талдықорған қаласында бұрынғы қала әкімінің орынбасары Әсет Шаяхметовке қатысты сот отырысы өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Қылмыстық кодексінің 366 бабы (пара алу), 218 бабы (қылмыстық жолмен алынған ақша немесе мүлікті жылыстату (заңдастыру) боынша айыпталған экс-әкім орынбасарына қатысты сот отырысы Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтуде. Қылмыстық іс 32 томнан тұрады. 

Айта кетерлігі, айыпталушы Әсет Шаяхметовке қатысты бұлтартпау шарасы бұрынғысынша - үйқамақта ұстау бойынша қалдырылған.

Еске сала кетейік, Әсет Шаяхметов Шығыс Қазақстан облысында туған, жоғары білімді, бұрын сотталмаған. Ол былтыр «пара алды» деген күдікке ілініп, кейін ұсталардан бірнеше күн бұрын жұмысынан кеткен болатын.   

 

Дереккөз: inform.kz

23 тамыз 2018, 12:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.