Атырау, 29 қараша 22:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Владимир Путин АҚШ салған санкциялардың ақылға сыймайтынын айтты

1 281 просмотра



Ресей президенті Владимир Путин АҚШ-тың Ресейге қарсы салған экономикалық санкцияларын мәнсіз деп танып, әрі көңілге қонбайтынын айтты. Сонымен қатар ол ақыр соңында Вашингтон конструктивті диалогқа келісетітіне үміттенетінін жеткізді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ABC News басылымына сілтеме жасап.

Сочиде фин басшысы Саули Ниинистомен кездесу барысында Владимир Путин өткен айда АҚШ президенті Дональд Трамптың қатысуымен өткен Хельсинки саммитіне оң бағасын берсе де, Трампты Ресейге қарсы соққы жіберуін жалғастырып жатқаны үшін айыптады.

«Трамппен кездесуім туралы айтар болсам, оған оң баға беремін әрі пайдалы кездесу болды деп ойлаймын. Екі сағаттық кездесу барысында барлық даулы мәселелер реттеледі деп ойлау қате болар еді. Бірақ ашық әңгіме мен еркін пікір алмасу әрдайым пайдалы», деді Владимир Путин.

Дональд Трамп Путинмен байланысты күшейте түскенімен, оның әкімшілігі Мәскеуге қарсы экономикалық қысымды арттыра түскені белгілі. Сондай-ақ 2016 жылғы сайлауға Ресейдің араласқан болуы мүмкін деген болжам да батыс демократиясының заңдарын бұзды деп қабылданды.

Путин бұл жерде мәселе тек АҚШ президентінің позициясында емес, мемлекеттік класстың, яғни, истеблишменттің де ұстанымында екенін атап өтті. Сонымен қатар ол Ресей секілді мемлекетке қарсы салынған АҚШ шектеулерін мәнсіз деп атады. Сондай-ақ ол Вашингтон бұл әрекеттерден еш пайда болмайтынына көз жеткізіп, серіктестікті қайда жандандыратынына үміттенетінін айтты. Естеріңізге сала кетсек, жақында Трамп әкімшілігі Ресейе қарсы санкциялардың санын арттырған болатын. Оның ішінде АҚШ кибершабуылға қатысты талаптарды орындамаған екі ресейлік компания мен Солтүстік Кореямен күмәнді сауда жасады деген айыппен тағы екі компанияға санкция салды.

Дереккөз: baq.kz

23 тамыз 2018, 17:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.