Сұрақ-жауап Өмір бойына жалға беріледі «Нұрлы жер» бағдарламасы туралы нақтылағым келеді. Осы бағдарлама бойынша пәтерлер жалдау шартымен халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі. Ол қанша уақытқа беріледі? Мен өлгеннен кейін бұл пәтер не болады? Менің балаларыма қала ма және қандай шартпен? 28 тамыз 2019, 20:14 10 445 рет қаралды
Сұрақ-жауап Кепілзат міндетті Менің банкте депозитім бар. Қараша айында келісімшартта келісілген соманы жинаймын, оған қоса келісілген мерзім де жақындайды. Пәтер сатып алуды жоспарлап отырған едім, бірақ оның құны банктен алатын несие мен депозитімнің мөлшерінен асып кетеді. Мысалы, менің 3 миллион жинағым бар, оған қоса сіздің банк маған 3 миллион бере алады. Ал пәтер бағасы - 19 миллион теңге. Қалған соманы құрылыс салушы 2 жыл ішінде төлеуге мүмкіндік береді. Мұндай жағдайда сіздерден несие ала аламын ба? 28 тамыз 2019, 20:11 51 987 рет қаралды
Сұрақ-жауап Мәміле туыстар арасында болса Мен банк салымшысымын. Бастапқыда пәтер алғым келді, кейін жер алуды ұйғардым. Бір туысым өзінің жерін сатып алуды ұсынған еді. Бірақ жерге уақытша мемлекеттік акт берілген. Туысым тұрақты мемлекеттік актіні жерге үй салынғаннан кейін ғана ала алады. Ал әзірге нотариус бізге алдын-ала сату-сатып алу шартын жасауды ұсынып отыр. Сату-сатып алу туралы алдын-ала жасалған осындай шарт негізінде маған несие беріле ме? Туысқаным осы жерден үй сал дейді. Ол үйді өз атына тіркеп, содан кейін оны маған ресми түрде сатпақшы. Егер менің әзірге жер телімім болмаса, үй салу үшін несие ала аламын ба? 28 тамыз 2019, 20:12 10 906 рет қаралды
Сұрақ-жауап Кім басшы? ҚазТрансГаз Аймақтың тұтынушылармен жұмыс жасау әдістері тіпті шаршатады. Бұл компанияның басшысы өте беделді адам ба деп те ойлайсың. Бұл компанияның басшысы кім екенін білгім келеді. 2 қараша 2017, 00:00 7 587 рет қаралды
Сұрақ-жауап Төлем қағазынан бұрын Төлем қағазына қалдықтарды жинау үшін үшін төлемді неге қосқан? Бланкте басқаша жазады, Ал, Арнайыавтобаза басқа соманы көрсетеді. Мен ай сайын Арнайыавтобазаның кеңсесіне төлем жүргіземін, ал, РЦКУ бланкасы бойынша мен қалдық үшін тағы төлеуім керек пе? Түсіндіріп беріңізші, әйтпесе, түсіне алмай жүрмін. 2 қараша 2017, 00:00 5 889 рет қаралды
Сұрақ-жауап Қауіпсіздік бағасы Қазір газдан улану оқиғаларының жиілеп кетуіне байланысты газ жабдықтарын техникалық тексеру жұмыстары жүріп жатыр дейді. Бұл үшін әр нүкте үшін 1 000 теңге төлем алады екен. Күзде 800 теңге еді. Бұл сонда бақылаушы үйдегі газ қазандықтарын санап, олар дұрыс орнатылған ба, жоқ па, тексеріп, акт жасап, 1 жылға шарт рәсімдеп, өз жұмысын атқарғаны үшін алынатын төлем бе? 12 қазан 2017, 00:00 3 338 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жер кімдікі болса, асфальтты сол салады – Біз «Жеті қазына» тұрғын үй кешенінің ауласындағы шұңқырларды жөндеу жұмыстары бойынша Атырау ТКШ бөліміне алғаш рет 2016 жылдың 6 қазанында жүгінген едік. Жауап хат биылғы жылдың наурызында келді. Онда шұңқырларды жөндеу жұмыстары 2017 жылғы жол жұмыстарының жоспарына енгізілгені хабарланған. Бүгін ТКШ бөліміндегілер біздің жеке нысан екенімізді және асфальттың болмайтынын хабарлады. Ал біздің тұрғын үй массивін жол жөндеу жоспарына енгізу туралы шешім не болды? 21 қыркүйек 2017, 00:00 3 218 рет қаралды
Сұрақ-жауап Үй күреле ме, жөнделе ме? Авангард 3 ықшам аудандағы №35 үйде тұрамыз. Үйдің 1-қабатында әлеуметтік қорғалмаған адамдар, «Арнаулы автобаза» қызметкерлері, интернат мекемелерінің бұрынғы тәрбиеленушілері тұрады, «Арнаулы автобаза», ПИК кеңселері орналасқан. Біздің үйіміз ескі, 2-подъездің қабырғасы жарылып тұр. Үйдің бірінші қабаты шөгіп қалған, подъезге еңкейіп кіреміз. ПИК терможаңғырту жүргізуге қатысты ТКШ-ге жүгінді, алайда ол жақтан мердігерлердің біздің үймен байланысқысы келмейтіні туралы жауап келді. Олар қандай да болмасын құрылыс жұмыстары үйдің одан сайын бұзылуына әкелуі мүмкін екендігіне сенімді. Біздің «апатты» үй деген мәртебеміз жоқ. Үйімізге терможаңғырту жүргізіле ме? Егер жүргізілмесе, не себепті жүргізілмейді? Егер терможаңғырту болмаса, онда бізге, тұрғындарға ғимараттың одан әрі бұзылуына жол бермес үшін үйді қалай ұстап тұру керек? 29 маусым 2017, 00:00 3 295 рет қаралды
Сұрақ-жауап Мұрагерлік іс – Мен танысымнан ауызша келісім бойынша жер телімін сатып алған едім. Бұл (үй салынғанша) уақытша пайдалануға берілген жер телімі. Бізге қойылған шарт мынадай болды: мен үй саламын, қожайын тұрақты мемлекеттік актіні ресімдейді, ал кейін қағаз жүзінде жердің маған берілетіндігін (сатылатындығын) ресімдейтін болады. Мен үйді салдым, бірақ, танысым сол уақытта қайтыс болды. Мұрагерлері бар, олар ауызша келісімнің шарттарын орындауға қарсы емес. Мұрагерлердің алдағы әрекеттері қандай болуы тиіс? 1 маусым 2017, 00:00 3 984 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жер телімін сатып алсаңыз, кезегіңіз жойылмайды 2007 жылы жер телімін алуға кезекке тұрдым. 2011 жылы жер сатып алып, үй салдым. Осыған орай маған мемлекеттен тегін жер телімін беруден бас тартпай ма? Егер бас тартатын болса, мен өз кезегімді ұлыма ресімдей аламын ба? 18 мамыр 2017, 00:00 3 033 рет қаралды
Сұрақ-жауап Балалар және таблеткалар – 1 жасқа дейінгі және 5 жасқа дейінгі балаларға тегін дәрі-дәрмектердің берілуін кім және қалай тексереді? Дәрі-дәрмектердің берілуі әлдебір журналға белгіленуі тиіс пе, бәлкім, оларды алған кезде ата-аналар қолдарын қоюы тиіс шығар? Менің екі балам бар. Тегін рецепт бойынша бірде-бір тегін дәрі-дәрмек алып көрген емеспін. Бәлкім, ешқашан оларды сұрап көрмегендіктен шығар. Бірақ, біздің учаскелік дәрігерлер бұл дәрмектердің бізге тиесілі екенін біледі ғой. Мен емханаға тіркелгенмін, бір жерлерде осы жастағы балалардың есебі жүргізілетін шығар, қажетті дәрі-дәрмектер берілетін болар. Олар қайда кетіп жатыр? 1 жасқа дейінгі және 5 жасқа дейінгі балаларға қандай дәрі-дәрмектер тиесілі? 13 сәуір 2017, 00:00 3 252 рет қаралды
Сұрақ-жауап Денсаулық сақтауға арналған жүйе Мен «Жарқын болашақ KZ» ЖШС-нің «КазМедИНФОРМ» жүйесі бүгінгі күні облыста енгізіліп жатқан «Даму» ЖШС-нің кешенді медициналық ақпараттық жүйесінен (КМАЖ) анағұрлым атқарымды, КМАЖ-де «КазМедИНФОРМ» ұсынатын мазмұнның бар болғаны 3-5 пайызы бар, деп оқыдым. Әрі қарай пайдаланған кезде одан да үнемді болады, дейді. Бұл дұрыс па және емдеу мекемелері үшін бағдарламалық қамтуды кімдер таңдайды? 2 наурыз 2017, 00:00 3 781 рет қаралды
Сұрақ-жауап ЕурАзЭО-мен тең Баспасөзде 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының бұйрығымен реттелетін нарықтардағы үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тiзiлiмінің жойылғаны туралы ақпарат жарияланды. Бұйрықтың күшін түсіндірсеңіздер.azh.kz сайтынан 2 ақпан 2017, 00:00 2 323 рет қаралды
Сұрақ-жауап Препаратпен толық қамтылған Анам Сәуле Құбаева №1 емханада эндокринологтың есебінде тұр. Ол жыл бойына өзіне тиесілі дәрі-дәрмектерді: сиофор, амарил және басқаларын толық ала алмайды. Оған 1-2 қораптан 3 рет дәрі-дәрмек берді. Бұл тек бір айға ғана жетеді. Емханадағы дәрігерлер дәрі-дәрмектердің медицина мекемесін қажетті көлемде қамтымай отырған облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылардың кінәсінен берілмей отырғанын айтады... 15 желтоқсан 2016, 00:00 2 363 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жеделдік үшін қосымша ақы Мен жеке бас куәлігімді жоғалтып алдым. Ал, қазір ол маған шұғыл қажет болып қалды, өйткені, біз пәтер сатып алу құжаттарын рәсімдеп жатырмыз. Бұрынғыша газетке құжаттардың жоғалғаны туралы хабарландыру беру және үй кітапшасын көрсету міндетті ме? Және куәлікті жедел түрде алу қанша тұрады? 2 маусым 2016, 00:00 2 316 рет қаралды
Сұрақ-жауап Заңдастыру + мемлекет кірісіне 10% Жақында баспасөзде мемлекеттік кірістер департаментінің 2016 жылы 1 мамырда Атырау облысында ҚР тысқары жатқан жалпы сомасы 207,4 млн теңге болатын мүлік заңдастырылды деген ақпарат жарияланды. Осыдан бірнеше жыл бұрын шетелден пәтер сатып алған болатынмын, соған қатысты менің қоятын сауалдарым бар еді. Мен бизнесменмін, бұл жылжымайтын мүлікті ешқандай заңды бұзбастан адал еңбегіммен тапқан ақшама сатып алдым. 2 маусым 2016, 00:00 2 320 рет қаралды
Сұрақ-жауап Ипотекалық компания ұсынатын баспана – Ақтөбе қаласында «Жас отбасы» тұрғын үй бағдарламасына 35 жасқа дейінгі азаматтар қатыса алады, ал, бізде - Атырауда неге 29 жасқа дейін деп көрсетілген. 14 сәуір 2016, 00:00 3 987 рет қаралды
Сұрақ-жауап Барлығы да онлайн – Жақында заң бойынша қонақ үй, мейрамхана, сұлулық салондары, т.б. нысандар қожайындарын кассалық онлайн аппарат алуға міндеттеді. Біздің 18 шаршы метр алаңы бар шаштаразымыз бар, алайда «Сұлулық салоны» санатына біз жатпаймыз, өйткені, салонда стандарт бойынша 30 шаршы метр және одан жоғары алаң болуы тиіс. Ол жерде қарапайым шаштараздарға қарағанда кең қызмет түрін ұсынады, қызметкерлерінің құрамы түрлі бейінді, әрі қызмет құны да жоғары. 7 сәуір 2016, 00:00 3 100 рет қаралды
Сұрақ-жауап Біржолғы материалдық көмек туралы - Мені эпилепсиямен ауыратын 15 жастағы мүгедек балам Бекмұрат Қалбайға берілетін біржолғы материалдық көмек мөлшерінің жылдан-жылға азайып бара жатқандығы алаңдатады. Өткен жылы біржолғы материалдық көмек ретінде 30 000 теңге алсам, биыл 15 000 теңге ғана берілді. Бұл ақша баламды Алматыдағы «Ақсай» балалар клиникасында ем алуға апаруыма мүлдем жетпей қалды. Жылына бір рет берілетін материалдық көмекті жыл сайын шу шығарып, айлап жүріп әзер аламын. Тіпті, өткен жылы тиесілі ақшамды прокуратураның араласуымен алдым. 17 желтоқсан 2015, 00:00 7 344 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жоғалған адамның мұрасы – Менің азаматтық некедегі күйеуім 5 жылдан астам уақыт бұрын хабар-ошарсыз жоғалып кетті. Біздің ортақ баламыз бар, ол әке деп танылды. Балам оның фамилиясын алды. Күйеуімнің мүлкі – екі пәтері бар. Бір пәтерде менің жоғалып кеткен күйеуімнің қызы отбасымен, ал екіншісінде оның алыс туыстары тұрады. Бірінші пәтер сату-сатып алу келісімшарты бойынша баламның әкесіне, екіншісі жекешелендіру туралы келісімшарт бойынша оған және оның бірінші некедегі балаларына (ұлы мен қызына) тиесілі. Мен баламның мүліктік үлесін алғым келеді, бірақ оның үлкен балалары мүлікті бөлуге қарсы, мұндай жағдайда қалай әрекет еткен жөн? 3 желтоқсан 2015, 00:00 3 893 рет қаралды
Сұрақ-жауап «Динаға» кіру құны – Біз «Дина» базарынан азық-түліктер, заттар мен жуу құралдарын сатып аламыз. Жақында базардың үш немесе төрт бөлікке бөлінгенін байқадым. Көлікке арналған бүкіл өткелдер қоршалған. Басқаша айтқанда, егер бұрын жалпы базарға кіру үшін 50 теңге төлейтін болса, енді құрылыс материалдары базарына бөлек, азық-түлік базарына бөлек, заттар сататын базарға бөлек төлеуге тура келеді. Бұл қаншалықты заңды? 19 қараша 2015, 00:00 2 416 рет қаралды
Сұрақ-жауап Машиналар көтерілісі – Биылғы жылдың қазанынан бастап бүкіл кәсіпкерлерде онлайн-режимде мәліметтер жолдау қызметі бар кассалық аппарат болуы тиіс деп әлденеше рет хабарланды. Бұл аппараттар болуы міндетті емес кәсіпкерлер санаты бар ма? 29 қазан 2015, 00:00 2 550 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жеңілдіктің жыры – Жақында әлеуметтік жоба шеңберінде «Атаба» компаниялар тобы зейнеткерлер үшін тауарларға 10 пайыз жеңілдік ұсыну туралы меморандумға қол қойды. Мен зейнеткермін, бірақ «Атаба» уәде еткен жеңілдік картасын ресімдей алар емеспін. Жилгородоктағы «Атаба» супермаркетінде уәде етілген жеңілдік картасын ресімдеу үшін маған алдымен 3000 теңгеге тауар алу керектігімді айтты. Тек осыдан кейін ғана мен картаны ресімдей алады екенмін. Онда да тек әртүрлі күні белгілі бір азық-түліктерге ғана жеңілдік ұсынады. Мәселен, бір күні әлдебір сүт өнімі, басқа күні – жармалар және т.б. Яғни, меморандумға қол қойылған кезде айтылғандай уәде етілген жеңілдікті мен әр уақытта пайдалана алмаймын.Балықшыдағы «Атаба» супермаркетінде маған картаны тек дүйсенбі мен бейсенбіде ғана ресімдей алатынымды және жеңілдіктің тек нан мен сүтке ғана қолданылатынын айтты.Зейнеткерлерге осы картаны ресімдеу үшін нақты шарты қандай екенін білгім келеді. Уәде етілген 10 пайыздық жеңілдік қандай тауарларға беріледі? 30 шілде 2015, 00:00 2 549 рет қаралды
Сұрақ-жауап Препараттар тапшы - Мен демікпемен ауырамын, диспансерлік есепте тұрмын, «Серетид» препаратын тегін алуға тиіспін. Бірақ бізде Құлсарыда жыл басынан бері бұл дәріні тегін бермейтін болған. Мен үнемі өз дәрігеріме телефон соғып тұрамын. Бірақ тендерге бүкіл құжаттардың дер кезінде жіберілгенін, ал тендер қорытындысы әлі жоқ екенін ғана білдім. Маған бұл дәрі өмірім үшін қажет, қазір мен жарамдылық мерзімі өтіп кеткен құралды қолдануға мәжбүрмін. Айтпақшы, ерекше назар аударуды қажет ететін тағы бір жәйт: неліктен облыс жарамдылық мерзімі бітейін деп тұрған дәрі-дәрмектерді сатып алады? 25 маусым 2015, 00:00 2 225 рет қаралды
Сұрақ-жауап Әуелі үй саласыз - Бізге екі жыл бұрын әуежай трассасы маңынан жер телімін пайдалануға берді. Енді оған үй салайық десек, су, газ, жарық желілері жүргізілмеген. Әкімдік жерді иелену құқығын екі жылға уақытша ұзартып берді. Бірақ олар уақытша мемлекеттік актісін берді. Неге жер сатып алған адамға тұрақты мемлекеттік акт берілмейді? 18 маусым 2015, 00:00 2 312 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жаппай ұсыныс қаруы – Жарамсыз газ тапаншасын қайта тіркегім келген, бірақ құқыққорғау органдарында маған оны кәдеге жаратуға тапсыруды ұсынды. Тапаншаны тапсырдым, ал қолыма ешқандай құжаттар алған жоқпын. Сол жерде ұсталған тапаншаны алуды ұсынды. Қаруды кәдеге жаратуды тапсыру процедурасы қандай? Құқыққорғау органдарынан бұрын пайдаланылған қаруды алуға болатыны рас па? Ол қалай ресімделеді? 4 маусым 2015, 00:00 1 878 рет қаралды
Сұрақ-жауап Сатып алдың ба, ұшасың - Көктем басында «Air Astana» әуекомпаниясының басшылығы билет тарифіне кіретін отын алымы құнының төмендегенін хабарлаған болатын. Егер мен осы төмендеулерге дейін бірнеше ай бұрын билет сатып алған болсам, әлі пайдаланбаған билет құнын қайта есептеуді талап ете аламын ба? 4 маусым 2015, 00:00 2 715 рет қаралды
Сұрақ-жауап «Анамыздың қиналғанын көру өте ауыр» - Анам қатерлі ісікке шалдыққан, қазір 4-сатыда, қатты қиналады. Есепте тұр және ауыруды сездірмейтін препараттарды алады. Алайда наурыз айының ортасынан бастап біз «Трамадол» препаратын ала алмай келеміз. Дәрігерлер мұны біресе науқастардың өте көптігімен және препараттардың тез бітіп қалатындығымен, енді бірде шымкенттік фармацевтика зауытының дәрі-дәрмектер шығармайтындығымен түсіндіреді. Біз, тіпті, «Трамадолды» дәріханадан сатып ала алмаймыз. Бізге жақын адамымыздың қиналғанын көру өте ауыр. Ауыр науқасты пациенттерге арналған ауруды сездірмейтін дәрмектерді жеткізудегі іркілістер немен байланысты? Неліктен өтінімдерді жасауға жауапты мамандар мұндай жағдайларды қарастырмайды? 16 сәуір 2015, 00:00 2 302 рет қаралды
Сұрақ-жауап Қауіпсіздік үшін алты мың теңге – Өткен жылдың желтоқсанында мемлекеттік бағдарлама бойынша Балықшыдағы көп қатарлы жаңа үйден пәтер алдым. Қоныстандырған кезде әр пәтерге бүкіл коммуникациялар жүргізілді. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ны қоспағанда бірде-бір монополиске біз қызметті қосқаны үшін ақы төлеген жоқпыз. Бүкіл коммуникацияны – электр желілерін, газды, суды, жылуды жүргізу бюджет қаржысының есебінен жасалды деп болжауға болады. Неліктен «ҚазТрансГаз Аймақ» әр пәтер иесін газ вентильдерін ашу мен стояктарға газ жіберуден тұратын газ құбырына қосу қызметі үшін алты мың теңгедей ақы төлеуге міндеттеп отыр? Сондай-ақ, «ҚазТрансГаз Аймақ» қызметін төлеу кезінде маған тек түбіртекті ғана берді. Менімен ешқандай келісімшарт жасаған жоқ, клиенттерге келісімшарттарды қолға бермейтіндігін айтып желеуретті. Неліктен? Бұл монополист пен тұтынушы арасындағы өзара қарым-қатынастың қарапайым тәжірибесі ғой. 16 сәуір 2015, 00:00 2 684 рет қаралды
Сұрақ-жауап Тауар туралы тиісті ақпарат - Супермаркеттерде немесе дүкендерде азық-түлік тауары туралы қандай ақпарат берілуі тиіс? 26 наурыз 2015, 00:00 6 048 рет қаралды
Сұрақ-жауап Анықтама сатып алыңыз - Жұмысқа орналасу кезінде міндетті түрде наркодиспансерден, психодиспансерден, тубдиспансерден анықтама сұратады. Барлық анықтама да ақылы, өзі жұмыста жоқ адамның оны сатып алуға қалтасы көтермейді. Наркодиспансерден анықтама алу кеше 500 теңге еді, бүгін 700 теңге болып тұр. Бұлар коммерциялық мекемелер емес қой, неге қызметтері ақылы? 12 наурыз 2015, 00:00 2 407 рет қаралды
Сұрақ-жауап Құмар ойындар - Ұлым құмар ойындармен әуестеніп кетті. Отбасының барлық кірісін букмекерлік кеңселер мен ойын автоматтарына жояды. Жанұясында кейде тамаққа ақша табылмай қалады, ал оның үш баласы және жұмыс жасамайтын әйелі бар. Жақында ол астындағы көлігін ломбардқа салып, кейін кері қайтара алмады, содан кейін пәтерін де сатып, бар ақшаны осы қарғыс атқыр ойынға салды. Бұл отбасымыз үшін үлкен қайғы болды. Маған біреулер оның құқықтарын шектеуге болады, яғни, жалақысын алуға, мүлікті сатуға тыйым салып, бұларды әйелі не анасы жасай алатындай қылуға болады деп кеңес берген. Мұны қалай жасауға болады? - Менің әкем психдиспансерде есепте тұр, сондықтан да нотариус мәмілеге куәлік бере алмайды, түсініктірек айтсам, біз ортақ пәтерімізді сата алмай отырмыз, онда әкемнің де үлесі бар және оның келісімі керек. Біз қазір өте ауыр жағдайда қалдық, сондықтан да бұл пәтерді қалай да сатуымыз керек. Не істеуге болады, кеңес беріңіздерші. 19 ақпан 2015, 00:00 2 538 рет қаралды
Сұрақ-жауап Қалдықсыз бөліс - Біз күйеуіміз екеуміз жас отбасы ретінде мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алғанбыз (күйеуімнің атына). Біздің кәмелеттік жасқа толмаған үш баламыз бар. Күйеуім егер ажырасатын болсақ, менің пәтер үлесін ала алмайтынымды, себебі, пәтер оның атына рәсімделгенін және ол оны менің келісімімсіз-ақ сата алатынын айтады. 12 ақпан 2015, 00:00 2 340 рет қаралды
Сұрақ-жауап Затыңыз сақталуы тиіс – Біз супермаркеттерге кірмес бұрын күзетшілер талап еткендей өз сөмкелерімізді ұяшықтарға қалдырып кетуге міндеттіміз бе? Оның үстіне, олар дүкеннің сөмкеміз үшін жауап бермейтінін айтады. 15 қаңтар 2015, 00:00 2 617 рет қаралды