Атырау, 6 мамыр 09:09
 ашықВ Атырау +20
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Ипотекалық компания ұсынатын баспана

3 697 просмотра

– Ақтөбе қаласында «Жас отбасы» тұрғын үй бағдарламасына 35 жасқа дейінгі азаматтар қатыса алады, ал, бізде - Атырауда неге 29 жасқа дейін деп көрсетілген.

Сұлушаш

Сұраққа қалалық ТКШ тұрғын үй секторы бөлімінің меңгерушісі Марта НҰРҒАЛИЕВА жауап берді:

– «2020 жылға дейін аймақтарды дамыту бағдарламасы» аясында Атырау қаласында тұрғын үй салу құрылысы екі санат бойынша жүргізілуде: олардың бірі мемлекеттің тұрғын үй қорынан баспанаға мұқтаж тұрғын үй кезегінде тұрғандар үшін берілетін арендалық баспана және Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісі бойынша берілетін баспана. Бұл бағытта тұрғын үй халықтың барлық санатындағы азаматтарға және некеге тұрғандарына кем дегенде 2 жыл болған, жастары 29-ға жетпеген жас отбасыларға қолжетімді.

Ақтөбеде тұрғын үй құрылысы үшінші бағыт – «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ желісі бойынша жүргізілуде. Бұл бағыт бойынша некеде тұрғандарына үш жыл болған және жастары 35-ке дейінгі жас отбасылар әрі қарай сатып алу мүмкіндігімен арендалық баспана ала алады. Және бұл бағыт бойынша міндетті талаптар қойылған – пәтерге үміткерлер кезекте тұрғандар тізімінде болуы тиіс. Атырау қаласында биылғы жылы «ҚИК» АҚ желісі бойынша тұрғын үй құрылысын бастау жоспарланып отыр. «ҚИК» АҚ бағдарламасы бойынша әрі қарай сатып алу мүмкіндігімен арендалық баспана алу үшін көп балалы, толыққанды емес, мүгедек-балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, оралмандар, мемлекеттік қызметкерлер және тұрақты кірісі бар бюджеттік мекеме қызметкерлері қатыса алады. Жоғарыда аталған 6 санаттың ішінен ұсынылған тұрғын үйдің тек 50 пайызы ғана 35-ке дейінгі жас отбасыларға бөлінетін болады.

14 сәуір 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.