Атырау, 26 желтоқсан 00:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Барлығы да онлайн

2 950 просмотра

– Жақында заң бойынша қонақ үй, мейрамхана, сұлулық салондары, т.б. нысандар қожайындарын кассалық онлайн аппарат алуға міндеттеді. Біздің 18 шаршы метр алаңы бар шаштаразымыз бар, алайда «Сұлулық салоны» санатына біз жатпаймыз, өйткені, салонда стандарт бойынша 30 шаршы метр және одан жоғары алаң болуы тиіс. Ол жерде қарапайым шаштараздарға қарағанда кең қызмет түрін ұсынады, қызметкерлерінің құрамы түрлі бейінді, әрі қызмет құны да жоғары.

ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитетінің бас сарапшысы Раушан СӘБДЕНОВА мемлекеттік кірістер комитеті бизнес жоғары табысты болуға тиіс және бизнестің осындай түрін жүзеге асырған кезде қолма қол ақша қолданылған ақшалай есеп айырысулар көп болуы керектігі ескерілгенін атап өтті. Онлайн-режимде салық төлеушілердің кірістері туралы мәліметтер алу салық төлеушілердің декларацияларында өз кірістері туралы нақты көрсетуді қамтамсыз ететін болады. Бірақ біз өз бизнесімізді жоғары табысты деп есептемейміз. Бір есептеу машинасының құны 60 мың теңгеден басталады. Кәсіпкерлер оларды өз есебінен сатып алуы тиіс. Ол жоқ болған жағдайда айыппұл қаупі төніп тұр. Сондай-ақ, осы кассалық аппараттарға sim-карталар орнатылады, оны ай сайын біз Қазақтелекомға төлеуге тиіспіз. Шағын шаштараз осындай кассалық аппарат алуға міндетті ме?

«Дина» базарындағы кәсіпкерлер тобы


Сұраққа облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің мемлекеттік кірістер басқармасының бастығы Эльмира ИСКАЛИЕВА жауап берді:

– ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1129 қаулысымен «Қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде орналасқан салық төлеушілерді қоспағанда дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар ҚР аумағында жүзеге асыру кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдануды қамтамасыз етуге міндетті болатын жекелеген қызмет түрлерiнің тізбесі» бекітілді.

Бұл тізімге 10 атау кіреді, соның ішінде «Қонақ үйлердің көрсетілетін қызметтерді ұсынуы», «Мейрамханалар және тамақ өнімдерін жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтер», «Шаштараздардың және сұлулық салондарының көрсетілетін қызметтерді ұсынуы» бар.

Бұл қаулыда шаштараздың да, сол жерде жұмыс істейтін қызметкерлердің саны да, олардың кіріс мөлшері де нақтыланбаған. Тек шаштараздар мен сұлулық салондары делінген. Осылайша, сіз қалай болғанда да, осы анықтамаға жатасыз және онлайн-мәліметтер тарату қызметі бар бақылау-кассалық аппарат қолдануға міндеттісіз.

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА

7 сәуір 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.