Атырау, 24 желтоқсан 22:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Мәдениет

Суретші Рафаэль Слекенов: «Леонардо да Винчи де тапсырыспен сурет салған» Мәдениет

Суретші Рафаэль Слекенов: «Леонардо да Винчи де тапсырыспен сурет салған»

Наурыздың 5-і күні облыстық Шаймардан Сариев атындағы өнер музейінде белгілі қылқалам шебері Рафаэль Слекеновтың жеке шығармашылық көрмесі ашылды. Көрмеге оның бояуы кеппеген 49 жұмысы ілінді. 9 наурыз 2011, 22:21 12 096 рет қаралды
Белгілі әнші Амангүл ОРЫНБАСАРҚЫЗЫ: «Өмірде бір адамнан көңілім қалды» Мәдениет

Белгілі әнші Амангүл ОРЫНБАСАРҚЫЗЫ: «Өмірде бір адамнан көңілім қалды»

Қазақ қыздарына қайран болған қайсар жігіттеріміз аруларын алақандарына сап аяласа, әлем де қаруланып, адамдар да қатігезденбес еді деп ойлаймыз, біз іштей қиялдарға беріліп... Аналарымызды «бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеген» деп айтуы  жәй емес қой. Сондай бір ұлттық болмысын сақтап, рухынан адаспаған белгілі өнер иесі, екі ұлдың анасы да әбден ерекше құрметке лайықты. Жаһандану жолында қаймағы бұзылмаған қалпында қалып отырған талантты әншілеріміздің бірі - бұрынғы «Жібек жолы» тобының мүшесі Амангүл ОРЫНБАСАРҚЫЗЫ. Жақында оның жеке концерті облыстық Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театрында өткен болатын. Бізге әншімен сұхбаттасудың сәті түсті.  3 наурыз 2011, 01:05 12 988 рет қаралды
Белгілі театр сыншысы Әшірбек СЫҒАЙ: «Бізде сәл сын айтқан адамды жау көреді» Мәдениет

Белгілі театр сыншысы Әшірбек СЫҒАЙ: «Бізде сәл сын айтқан адамды жау көреді»

Өткен аптада Махамбет Өтемісұлы атындағы облыстық қазақ драма театрын аттестациялауға Алматыдан арнайы келген театр сыншысы, профессор Әшірбек СЫҒАЙ жергілікті актерлардың ойынына өзінің лайықты бағасын беріп кетті. Атырау театрының репертуарындағы «Қарагөз», «Махаббат мұнарасы», «Супер келін» спектакльдерін көріп тамашалаған сахна өнерінің жанашыры Қазақстан театрының бүгінгі ахуалы жөніндегі ой-пікірімен де бөлісті. 23 ақпан 2011, 00:00 10 254 рет қаралды
Сахна сыртындағы шебер Мәдениет

Сахна сыртындағы шебер

Көрермен үшін театр киім ілгіштен басталады, ал актер үшін грим жасау бөлмесінен басталатын шығар. Махамбет атындағы облыстық драма театрының қуыс-қуыс түкпірінде орналасқан осы бөлмедегі төрт трюмоның алдында актерлар қалпақтарын киіп, сақал-мұрттар жапсырып, әбігерге түскен. Қыздар жағы сәнді шаштарына жасанды ұзын бұрымдарын өрсе, ал беттеріне грим жасалған басқалары ешкімге көңіл аудармастан домбыраларын дыңғырлатып жатыр. 17 ақпан 2011, 00:00 10 543 рет қаралды
Шетелдіктер Қазақстан суретшілерімен танысты Мәдениет

Шетелдіктер Қазақстан суретшілерімен танысты

Ақпанның 12-сі күні Шаймардан Сариев атындағы облыстық көркемсурет және қолданбалы өнер музейінде республикамызға танымал суретшілердің көрмесі өткізілді. «Тәуелсіздік – тәңірдің берген сыйы» деп аталған көрмеге музей қорындағы 33 суретшінің 73 туындысы қойылыпты. 17 ақпан 2011, 00:00 7 691 рет қаралды
Домбыраның дүлдүлі Мәдениет

Домбыраның дүлдүлі

Осындай атаумен өткен аптада Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде күй қағаны Рыспай Ғабдиевтің 75 жас мерейтойына арналған концерт өтті. Кезінде өзі жетекшілік еткен Дина Нұрпейісова атындағы академиялық ұлт-аспаптар оркестрі ҚР мәдениет қайраткері Талғат Қамалиденовтың дирижерлығымен «Тойбастар» шығармасын орындап, кештің шымылдығын ашты. 17 ақпан 2011, 00:00 12 310 рет қаралды
Маржан ТӨРЕХАНОВА: «Мен мансапты емес, отбасымды ойлаппын» Мәдениет

Маржан ТӨРЕХАНОВА: «Мен мансапты емес, отбасымды ойлаппын»

Халқымыздың маңдайына біткен қазақтың бұлбұлы Бибігүл ТӨЛЕГЕНОВАНЫҢ үздік шәкірттерінің бірі қазір Атырауда тұрып жатқанын бәрі бірдей біле бермейді. Ұстазы шәкіртіне үлкен үміт артып, оған өзінің орындауындағы «Бұлбұл» әнін 2007 жылы сеніп тапсырды. Содан бері ел аузында «Атыраудың бұлбұлы» атанған опера әншісі Маржан ТӨРЕХАНОВАНЫ жерлестері де іздеп тұратын болды. Біз жақында Маржан апаймен кездесіп, сұхбат алдық. 3 ақпан 2011, 00:00 7 248 рет қаралды
Күй шебері Құралбек домбыраны аяғымен де тартады Мәдениет

Күй шебері Құралбек домбыраны аяғымен де тартады

Басқа‑басқа башаймен де күй тартатын Құралбек деген жігіт Қызылқоға ауданы Тасшағыл селосында тұрады дегенде елең еткенім бар. Күй десе делебесі қозбайтын қазақ бар ма!? Құралбекті әдейі ат арытып іздеп бардым. 20 қаңтар 2011, 00:00 9 127 рет қаралды
Балауыздан жасалған мүсіндер көрмесі Мәдениет

Балауыздан жасалған мүсіндер көрмесі

Қарашаның 9-ы күні облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Ресей елінің Санкт-Петербург қаласынан келген балауыз мүсіндер музейінің көрмесі ашылды. Көрмеге Гиннес рекордтар кітабына енген әлемге әйгілі тұлғалар мен «Шрек», «Жұлдызды жауынгерлер» («Звездные воины»), «Сәттілік серілері» («Джентльмены удачи») фильмдері кейіпкерлерінің елу мүсіні қойылды. Петербургтың балауыз мүсіндер көрмесі Атырауда бірінші рет өткізіліп отыр. Мұнда кейбір мүсіндер тірі адамды еске түсіріп, қасына жақындап қалсаң, қазір-ақ сенімен сөйлесіп кететіндей ерекше әсер қалдырады. 16 желтоқсан 2010, 00:00 17 157 рет қаралды
Жастар Инаматқа жанашырлық танытты Мәдениет

Жастар Инаматқа жанашырлық танытты

Желтоқсанның 14-і күні Атырау мұнай және газ институтының студенттерінен құралған «Позитив» КВН командасы «Өмірге үміт сыйлайық!!!» атты қайырымдылық концерт өткізді. Осы концерттен түсетін ақша ауыр науқастанып жатқан 9 жасар Инамат Нұғымановтың емделуіне жұмсалмақ. 16 желтоқсан 2010, 00:00 4 901 рет қаралды
Қазақшаңыз қалай? Мәдениет

Қазақшаңыз қалай?

Қазақ тілін үйрену керек деп бәрі айтады. Тіпті оны айтып келе жатқанымызға 20 жылдан асты. Қазақ тілі туралы заң қабылданып, қазақ тілін дамытуға арналған 2001-2010 аралығындағы он жылдық бағдарлама да аяқталды. Бірақ ешқандай нәтиже жоқ. Неге? Өткен аптада «Мен қазақша білемін!» атты өзге ұлт өкілдері арасында өткен байқау осы сауалға табылған жауап тәрізді. 15 желтоқсан 2010, 00:00 9 485 рет қаралды
«Анашым» Мәдениет

«Анашым»

1970 жылдың қараша айы. Тайсойғанның қабағы тұнжыраған мұңлы күзі. Мұңлы болса да тәтті еді-ау сол күз... Қарашаның қара суығынан сабағы солғын тартқан бұйрабас түзгіндер мен ауыл сыртындағы сайларға біткен қызыл қурайлар ара-тұра күздің өкпек желі шайқап өткенде ызыңдап, сыбызғы үніндей бір әуез шығаратын. Көк жүзінен жыл құстарының соңғы керуені қиқулап өтетін. Ал күзгі ауадан ауылдың өзіне ғана тән бір сүйкімді иіс сезілуші еді. Осы бір көріністер сол кездегі жас композитор Сейсенбі Құлмағанбетовке шабыт беріп, ерекше тәтті сезім сыйлайтын. 8 желтоқсан 2010, 00:00 12 227 рет қаралды
Актер Ержан ЖҰМАТОВ: «Кешімді өткізу идеясы - Алладан келген бұйрық» Мәдениет

Актер Ержан ЖҰМАТОВ: «Кешімді өткізу идеясы - Алладан келген бұйрық»

Ержан ЖҰМАТОВ – облыстық Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театрының актері. Ол ақын Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» пьесасы бойынша құрылған спектакльде қазақ вальсінің королі Шәмшінің рөлін сомдады. Жақында оның жеке шығармашылық кеші өтті. Бір көрермен әзіл мен лирикаға, махаббатқа толы бенефисте: «Ержан десе Шәмші ағамызды, Шәмші аға десе Ержанды еске түсіретін болдық» деді. Олай болса, біз актермен болған сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз. 8 желтоқсан 2010, 00:00 11 537 рет қаралды
Мақаштың ел басқарған кезі қойылымға арқау болды Мәдениет

Мақаштың ел басқарған кезі қойылымға арқау болды

«Мәңгіге аты қалған, Мақаш әкім!». Қарашаның 25-і күні Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театрында атақты Мақаш әкімнің 180 жылдық мерейтойына орай сахналанған қойылым осылай аталды. Ұзақтығы қырық минутқа созылған моноспектаклді тамашалауға Мақаш әкімнің үрім-бұтағы Алматыдан арнайы ат жектіріпті. 2 желтоқсан 2010, 00:00 7 097 рет қаралды
Қазақ қол өнерінің Арыстаны Мәдениет

Қазақ қол өнерінің Арыстаны

Қазақ халқы ежелден қастер тұтқан өнердің бірі – қол өнері. Заманалар өзгерісі оның экзотика күйінде ғана қалып қою қаупін тудырған кезеңдер де өтті басымыздан. Әсіресе, Кеңес үкіметі кезінен бастау алған батыс мәдениетіне тым асыра еліктеу ағымы бірнеше ұрпақты ұлттық қол өнерден алыс ұзатып әкетті. Осыған жаны ауыратын және осы өнермен ғұмыр бойы талмай айналысып келе жатқан өнерпаздың бірі - атыраулық шебер, ҚР Мәдениет қайраткері Арыстанбек Молдашев. 1 желтоқсан 2010, 00:00 16 593 рет қаралды
Балет шебері Болат АЮХАНОВ: «Шәкірт ұстазын қайталай алады, бірақ оның оригиналы бола алмайды» Мәдениет

Балет шебері Болат АЮХАНОВ: «Шәкірт ұстазын қайталай алады, бірақ оның оригиналы бола алмайды»

Болат АЮХАНОВ. Харизматикалық тұлға. Қолынан қолшатыры, мойнынан қызыл шарфы түспейтін нәзік те жұмбақ жан. Адамдарға көмектескенді жаны сүйеді. 40 жылда өзінің ізін жалғастырып келе жатқан 37 балет бишісіне пәтер алып берді. Өзінің Алматыдағы төрт бөлмелі пәтерінде үйсіз - күйсіз жүрген әріптестері оның жанұясымен көп жылдар бойы бірге тұрды. Меншікті мекенінде сәндік символы ретінде ит, мысық ұстамайды. 1 желтоқсан 2010, 00:00 11 196 рет қаралды