Атырау, 25 желтоқсан 00:47
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Оқиға

Оқиғалар тізбегі Оқиға

Оқиғалар тізбегі

Махамбет көшесінің бойындағы жалдамалы пәтерде екі қыз 30 жастағы әйелдің «Нокиа» ұялы телефонын тартып алған. Қарашаның 22-не қараған түні облыстық аурухананың жансақтау бөлімінен Огородный көшесінде уақытша тұрып жатқан Өзбекстанның 27 жастағы азаматшасының арқа тұсынан алынған пышақ жарақатымен түскендігін хабарлады. 28 қараша 2013, 00:00 2 791 рет қаралды
Оқиғалар тізбегі Оқиға

Оқиғалар тізбегі

Қазанның 22-де таңертең су полициясы мен табиғат қорғау прокуратурасының біріккен рейді барысында Каспий теңізінен бортында Дамбының 18 және 20 жастағы тұрғындары бар моторлы қайық ұсталды. Қазанның 22-де тал түсте Индер ауданының Өрлік ауылында үй ауласына қойылған көліктен белгісіз біреулер 2 жылу радиаторын ұрлап кеткен. 31 қазан 2013, 00:00 3 679 рет қаралды
Оқиғалар тізбегі Оқиға

Оқиғалар тізбегі

Төменгі Перетаскада тұратын41 жастағы тұрғынның ауласынан 72 түп қарасора табылды. Тамыздың 28-нде күндіз Доссор-Атырау тас жолынан Қарабатанға бұрылатын маңда«Дэу-Нексия» көлігінің 30 жастағы жүргізушісі көлік рөліне ие бола алмай, Урал-5557-30 самосвалымен соқтығысқан. 4 қыркүйек 2013, 19:55 2 330 рет қаралды
Қылмыс хроникасы Оқиға

Қылмыс хроникасы

24 тамызда түн ортасында Жилгородоктағы тұрғын үйлердің ауласында екі бірдей қымбат шетелдік көлік - – «Тойота Ланд Крузер 200» мен «Тойота Прадо» отқа оранды. Өрт көліктерді түгелдей жойып жіберді. Сонмен қатар, өрт жанында тұрған гаражға жайылып, «Жигули» автокөлігі де жанып кетті. 29 тамыз 2013, 00:00 2 390 рет қаралды
Қылмыстық хроника Оқиға

Қылмыстық хроника

20жасар қыз өз туған күнін атап өту үшін Атырау мейрамханаларының бірінен 15 адамдық үстел дайындауға тапсырыс береді. Алайда белгіленген уақытта туған күн иесі де, оның қонақтары да келмеді. 15 шілдеде сағат 11.50-де Алмагүл ықшамауданының №22 үйінің ауласында тұрған «Жигули» ВАЗ-2106 және «Ниссан-Премьера» автокөліктері бір уақытта өртеніп кетті. 16 шілде 2013, 18:54 3 079 рет қаралды
Қылмыс хроникасы Оқиға

Қылмыс хроникасы

Наурыздың 3-і күні таңғы сағат 6-да белгісіз екеу терезе арқылы Сатыбалдиев (бұрынғы Осипенко) көшесіндегі асханаға кіріп, аспаздарды пышақпен қорқытып, олардың бірінің ұялы телефонын, сонымен қатар кассадан 120 мың теңгені алып кеткен. Полицейге 34 жастағы жеке кәсіпкер шағымданды. Ол өткен жылдың қарашасында коммуналдық пәтер алуға көмектесемін деп уәде берген 32 жастағы ер адамға 4 мың доллар берген, ал ол содан кейін ғайып болған. 5 наурыз 2013, 15:38 3 038 рет қаралды
Іс қозғалды Оқиға

Іс қозғалды

ЭҚжСКА (қаржы полициясы) сайтында Атырау облыстық департаментінің «Атырау облыстық құрылыс басқармасы» ММ бастығының орынбасарына және басқа тұлғаларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабының 2-тармағы (қызмет өкілеттігін теріс пайдалану) бойынша қылмыстық іс қозғағаны туралы хабарлама пайда болды. 13 желтоқсан 2012, 20:16 3 905 рет қаралды
Қылмыс хроникасы Оқиға

Қылмыс хроникасы

Балауса ықшамауданындағы үйлердің бірінің ауласынан 23 тамызда түнгі сағат 3-те денесінде зорлықпен өлтірілген белгілері бар 33 жастағы Өзбекстан азаматының мүрдесі табылды. Марқұмды өлтірді деп күдіктелген 32 жастағы отандасымыз ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Заттай айғақ – болат арматура тәркіленді. 30 тамыз 2012, 00:40 2 185 рет қаралды
22 жастағы жұмыссыз әулие зиратын қиратты (жаңартылды) Оқиға

22 жастағы жұмыссыз әулие зиратын қиратты (жаңартылды)

2 желтоқсан күні таңертең Атырау қаласының шетінде, Мирный мен Левая Перетаска поселкелерінің арасында орналасқан зираттан қолына балта ұстаған адам ұсталды. Сары-Ата әулиенің зиратын ызалана қиратқан ол, полиция қызметкерлеріне егер олар жақындайтын болса, өзін-өзі жарып жіберемін деп сес көрсеткен. 2 желтоқсан 2011, 15:11 8 189 рет қаралды
Оқиға

Қысқа қайырғанда

«Стоп-трафик» операциясының барысында полицейлер Амангелді көшесіндегі пәтерлердің бірінен Құрманғазы ауданының Нұржау селосының тұрғыны қамқорлық еткен притонды анықтады.ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, онда Оңтүстік Қазақстан облысынан келген үш қыз тұрады екен. Қожайын әйел оларға клиент тауып беріп, сол үшін әр қыздан 500 теңгеден алып отырыпты. 8 қыркүйек 2011, 17:35 2 437 рет қаралды
Оқиға

Жүргізуші мүрдені зиратқа жасырмақшы болды

Жаяу жүргіншіні өлімші етіп қағып, қылмыс ізін жасырмақшы болған 30 жастағы жүргізушіге қатысты қылмыстық іс аяқталып, сотқа жолданды. Бұл туралы ІІД-де өткен брифингте жауап алу басқармасының бастығы Қалыбай ТӨЛЕУЛИЕВ хабарлады. 27 қаңтар 2011, 00:00 4 144 рет қаралды
Оқиға

Қыздың өлімі үшін медиктер айыпталуда

Мақат аудандық ауруханасында 10 жасар қыз баланың қайтыс болу фактісі бойынша қылмыстық іс қаралуда. Қыздың туысқандары уақытында медициналық көмек көрсетілсе, сәбиді құтқарып қалуға болатындығына сенімді. 6 қаңтар 2011, 00:00 4 041 рет қаралды
Оқиға

Қаққан соң «аурухана іздеуге» аттаныпты

Өткен аптада Доссорда «Дэу-Нексия» көлігінің жүргізушісі 13 жасар қыз баланы қағып кеткен. Оны бірден ауруханаға апарудың орнына, ол оны көлігіне мінгізіп, белгісіз бағытқа кетіп қалған, - деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВА. 6 қаңтар 2011, 00:00 4 423 рет қаралды