Атырау, 13 тамыз 23:59
 дождьВ Атырау +32.4
$ 465.19
€ 536.55
₽ 5.61

Заңсыз аулапты

2 086 рет қаралды

Бірлік поселкесінің маңындағы Атырау-Доссор тас жолында «Газельді» тексеру кезінде полицейлер Ақтөбе тұрғынына тиесілі 900 келі қара балық тапқан.

Атырауда Говоров көшесінің маңында 152 келі сазан тиелген ВАЗ-2104 автокөлігі тоқтатылған. Балықтың барлығы Дамбы селосының тұрғынына тиесілі боп шықты. «Бұдан басқа, Каспий теңізінің маңындағы Камынино учаскесінде «Нива» мен «Фольксваген-Гольф» автокөліктері ұсталды, - деп хабарлайды Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВА. – Бір көліктен 195 келі, екіншісінен 255 келі қара балық табылған. Барлық факілер бойынша қылмыстық істер қозғалды».

Зульфия ИСКАЛИЕВА

11 қаңтар 2012, 20:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.