Атырау, 27 қыркүйек 12:32
 ашықВ Атырау +14
$ 478.54
€ 533.76
₽ 5.17

Қылмыстық хроника

2 960 просмотра

20жасар қыз өз туған күнін атап өту үшін Атырау мейрамханаларының бірінен 15 адамдық үстел дайындауға тапсырыс береді. Алайда белгіленген уақытта туған күн иесі де, оның қонақтары да келмеді. Мейрамхана 97 мың теңге мөлшерінде шығынға ұшырады. 54 жасар мейрамхана меңгерушісі полицияға шағымданды.

***.

10 шілдеде белгісіз біреулер қала мейрамханаларының бірінің алдында тұрған «Мерседес-240» автокөлігінің терезе әйнегін сындырып, салоннан 600 мың теңгесі бар сөмкені ұрлап кеткен. Тергеу жүріп жатыр.

***

12 шілдеде сағат 21.00 шамасында Доссор кентінде екі «Лада» - ВАЗ-2107 мен ВАЗ-2171 соқтығысып қалды. Нәтижесінде «жетіліктің» екі жолаушысы мен жүргізушісі аудандық ауруханаға жеткізілді.

***

Сәтпаев даңғылындағы үйдің 50 жасар тұрғыны осы жылдың мамыр айында 25 жасар әйел кірпіш партиясын түсіріп берем деп уәде беріп, 745 мың теңге ақшасын алып, жоғалып кеткенін полицияға хабарлады. Тергеу жүріп жатыр.

***

13 шілдеде сағат 20.00 шамасында облыстық ауруханаға ішінен пышақпен жарақаттанған 50 жасар ер адам түсті. Жарақат жасады деп зардап шегушінің 56 жасар ағасы күдіктеліп отыр. Полицияның жорамалы бойынша, ол бұзақылық жасап, інісін асхана пышағымен жаралаған.

***

Болашақ ықшамауданының 53 жасар тұрғыны полицияға 13 шілдеде түнгі бір шамасында белгісіз біреу «Фольсваген» маркалы автокөлігін теуіп, майыстырып кеткенін хабарлады. Бұзақылық жасады деген күдікпен зардап шегушінің 31 жасар көршісі ұсталды.

***

13 шілдеге қараған түнде Азаттық даңғылындағы бір үйдің ауласында тұрған «Лендровер» джип автокөлігінің терезесін белгісіз біреулер сындырып, сөмкені ұрлап кеткен. Жалпы шығын 100 мың теңгені құрады. Тергеліп жатыр.

***

14 шілдеге қараған түні Ерниязов-Сәтпаев жол айрығында «Ниссан» және «BMW» автокөліктері соқтығысып қалды. Нәтижесінде жүргінші зардап шегіп, травмотолог тексеріп шыққан кейін, үйіне жіберілді. Сонымен қатар апат кезінде «Ниссанның» 23 жасар жүргізушісі мен 22 жасар жолаушысы жарақат алды – олар облыстық ауруханаға жеткізілді.

***

14 шілдеге қараған түні Мақат кентінде «Лада» автокөлігінің 22 жасар жүргізушісі қарсы бағыттағы жолға шығып кетіп, «Тойота-Камри» көлігімен соқтығысып қалды. ЖКО нәтижесінде екі жүргізуші мен бір көліктің жолаушысы облыстық ауруханаға жеткізілді. Көліктердің тағы үш жолаушысы дәрігерлер тексергеннен кейін, үйлеріне жіберілді.

***

15 шілдеде сағат 11.50-де Алмагүл ықшамауданының №22 үйінің ауласында тұрған «Жигули» ВАЗ-2106 және «Ниссан-Премьера» автокөліктері бір уақытта өртеніп кетті. Өрт 15 минуттан кейін өрт сөндіру бөлімдерінің көмегімен сөндірілді. Автокөлік салондары түгелдей жанып кетті. Осыдан шамамен бір сағаттан кейін Ақсай селосында ВАЗ-2106 көлігі өртке оранды. «Жигули» санаулы минуттарда түгелдей өртеніп кетті, оны қалпына келтіру мүмкін емес.

16 шілде 2013, 18:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.