4 қарашада Мақат аудандық ауруханасына беті мен мойыны қарудан жараланған Доссор поселкесінің 23 жастағы тұрғыны жеткізілді. Ол облыстық ауруханаға алып бара жатқан кезде қайтыс болды.
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, осы факт бойынша ҚР ҚК 103-бабы, 3-тармағы бойынша (жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) қылмыстық іс қозғалып, өлім құшқан азаматтың 24 жастағы ауылдасы ұсталды. Қылмыс криминалды «разборка» барысында жасалған.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ