Атырау, 31 қазан 12:55
 бұлттыВ Атырау +10
$ 488.45
€ 529.19
₽ 5.04

Ұры «электриктер»

1 791 просмотра

Криминалдық полиция қызметкерлері төрт адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВА.

Ұсталушыларға екі эпизод бойынша айып тағылып отыр. 9 сәуірде олар Доссор поселкесіндегі жеке кәсіпкердің үйіне барған. Күтпеген қонақтарға есікті балалары ашыпты. Өздерін таныстары едік деп таныстырған олар әкесін сұрап, үй ішінде ересектердің жоқ екендігіне көздерін жеткізіп, ішке кірген. 150 мың долларды құраған сома қылмыскерлердің олжасына айналған.

Бұл тұлғалар 6 мамырда Махамбет селосында орын алған қылмысты жасады деп күдіктелуде. Өздерін электрикпіз деп таныстырған олар үйге кіріп, 250 мың теңгені ұрлап кеткен, - дейді Г. Мұхтарова. – Ұрланған ақшаға күдіктілер өздеріне шетелдік маркадағы жеті көлікті сатып алған.

Тамара СУХОМЛИНОВА

22 мамыр 2013, 15:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.