Атырау, 25 сәуір 22:30
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Қылмыс хроникасы

2 195 просмотра

Жаңаталап селосының 32 жасар тұрғыны ауылдасына жұмысқа кіргіземін дегені үшін 182 мың ақша бергені, алайда уәде берген мерзімі өткеннен кейін жұмыс та, ақша да қайтарылмағаны жөнінде полицияға шағымданды. Алаяқтық туралы бап бойынша қылмыстық іс қозғалды.

*                  *                 *

Доссор селосының тұрғыны спутниктік антенна ұрлаймын деп қолға түсті. Неге екені белгісіз, бұл іске ол нағыз теледидар көретін уақыт – кешкі сегізде кіріседі. Теледидар бетіндегі ақаулар мен кедергілерден мезі болған үй иесі әйел сыртқа шығады. Үй төбесінде тәрелкені жұлып алуға тырысып жатқан ұрыны көрген ол бірден полицияға қоңырау шалды. Ұры ұсталды.

*                  *                 *

21 тамыз күні таңда Атырау – Орал тас жолы бойындағы қонақ үйлердің бірінде 16 жасар қыз зорланды. Күдікті анықталды. Ол 27 жасар Ақтау қаласының тұрғыны екен. Іздеу жарияланды.

*                  *                 *

Пышақпен қорқытып, Құлсары қаласының екі тұрғыны 21 тамызда 33 жасар әйелдің Daewoo Nexia автокөлігін тартып алып кетеді. Екеуі де ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

*                  *                 *

Судан құтқару бөлімінің қызметкерлері 21 тамызда Алмалы селосы маңында 20 тамызда суға кеткен Махамбет селосының 44 жасар тұрғынының мүрдесін тапты.

*                  *                 *

22 тамызға қараған түні Б. Момышұлы көшесіндегі 9 қатарлы үйдің жеделсатысында өрт шықты. ТЖД ақпараттары бойынша, жану түнгі сағат бір шамасынды болған, бұл кезде жеделсаты бірінші қатарда тұрған. Өрт сөндіру кезінде 30 тұрғын қауіпсіз жерге шығарылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

*                  *                 *

20 тамызда Махамбет ауданы Алмалы селосы маңында Жайық өзеніне 44 жасар жергілікті тұрғын суға кетіп қалды. Бір тәулікке жақын уақыттан кейін судан құтқарушылар марқұмның денесін шығарды.

*                  *                 *

24 тамызда түн ортасында Жилгородоктағы тұрғын үйлердің ауласында екі бірдей қымбат шетелдік көлік - – «Тойота Ланд Крузер 200» мен «Тойота Прадо» отқа оранды. Өрт көліктерді түгелдей жойып жіберді. Сонмен қатар, өрт жанында тұрған гаражға жайылып, «Жигули» автокөлігі де жанып кетті.

29 тамыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.