Атырау, 10 қазан 15:46
 бұлттыВ Атырау +15
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Қазған сайын жаңа іс

2 931 просмотра

Қаржы полициясы экс-әкім Бергей РЫСҚАЛИЕВТЫҢ командасындағы тұлғаларға қатысты жаңа қылмыстық сыбайлас жемқорлық істерді қозғауды жалғастыруда.

Атырау облыстық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті «Атырау облыстық құрылыс басқармасы» ММ бұрынғы бастығы азамат К-ге, оның бұрынғы орынбасары азамат А-ға және аты-жөндері аталмаған бірқатар тұлғаларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабының 2-тармағы («Қызмет өкiлеттігін терiс пайдалану») бойынша қылмыстық іс қозғады. Олар «Атырауинждорстрой» ЖШС-не қамқорлық жасай отырып, орындалған жұмыстарды қабылдау актісіне және орындалған жұмыстар құны туралы анықтамаға заңсыз қол қойып, осылайша мемлекетке 10 млн теңге мөлшерінде зиян келтірген деп хабарланады. Құжаттарға ҚР үкіметінің 13.04.10 жылғы №301 қаулысына нұқсан келтіріліп, қол қойылған. Бұл қаулы бойынша инфрақұрылым құрылысының (қайта жарақтау) құны жоба құнының 50 пайызынан аспауы тиіс.

Қаржы полициясының хабарламасында азамат К. деп аталған тұлға – Нұрлан КЕНЖЕБЕКОВ. Ол 2012 жылдың қарашасында «Атырау-Доссор-Мақат» су құбырын салу кезінде 3 миллиард теңгеден астам бюджет қаржысын ұрлауға қатысы бар деген айыппен үйқамаққа алынған болатын. Ал бұдан бұрынырақ оның бұрынғы орынбасары Ибрагим АМИРОВКЕ де қарсы мемлекетке 18 млн теңге сомасында зиян келтірді деген айып бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.

Құрылыс басқармасының қабылдау бөліміндегілер Амировтің ол жерде 20 ақпаннан бастап жұмыс істемейтінін мәлімдеді.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

27 ақпан 2013, 10:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.