Атырау, 28 наурыз 21:18
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Қылмыс хроникасы

1 715 просмотра

Ақпанның 22-сіне қараған түні Көкарна поселкесі маңындағы «Химик» бағбандық серіктестігінің саяжай үйі өртенді. Өрт 50 минуттан кейін өртке қарсы күрес жасағының күшімен сөндірілді. Өртенген үй орнынан 55 жастағы ер адамның мүрдесі табылды. Тергеу жүргізілуде.

***

Алғабастың 30 жастағы тұрғынына іздеу жарияланды. Ол 2011 жылы тамызда Атыраудағы екі әйелге пәтер алып беруге көмектесемін деп уәде беріп, олардан 5000 және 800 доллар алып, ғайып болған.

***

Полиция өткен жылдың маусымында баспана алып беруге көмектесемін деп уәде беріп, 52 және 42 жастағы екі қала тұрғынынан тиісінше 2 млн және 1 млн 270 мың теңге ақша алып, бой тасалаған 29 жастағы Лесхоз тұрғынын іздестіруде.

***

Ақпанның 23-іне қараған түні Сәтпаев даңғылында «Тойота-Ландкруизер 200» көлігі өртенді. Сол күні Исатай ауданында Атырау-Астрахан тас жолында «Газель» көлігі өртенген. Себептері анықталуда.

***

Ақпанның 23-і күні таңертең Құлсары қаласындағы кеңселердің бірінде 35 жастағы есепші 39 жастағы еден жуушыны соққыға жыққан. Еден жуушы полицияға хабарласты. Оқиға тексерілуде.

***

Ақпанның 23-інде кешкісін Авангардтағы 3-ықшамауданда 25-30 жастағы үш жас жігіт «Тойота-Ландкрузер» көлігінен шығып, өтіп бара жатқан Привокзальныйдың 28 жастағы тұрғынына қоқан-лоққы көрсете бастаған. Бұзақыларды полиция ұстады.

***

Ақпанның 23-і күні кешкісін Махамбет көшесінің бойындағы дүкендердің бірінде 20 жастағы сатып алушының күртесінің қалтасынан ұялы телефоны мен ішінде 15 мың теңгесі бар әмиянын ұрлап кеткен. Тергеу жүргізілуде.

***

Махамбет АІІБ қызметкерлері 23 ақпанда ілеспе құжаттарсыз 2,4 тонна сазан тиелген «Газельді» ұстады.

***

Ақпанның 24-іне қараған түні Жаңа Сарықамыс ықшамауданында қаскөйлер «Приора» көлігінің 4 дөңгелегін түсіріп алған. Зиян мөлшері 80 мың теңгені құрады.

***

Ақпанның 26-сында облыс бойынша «Контрафакт» операциясы басталды. Шараның алғашқы күнінде «Мұрагер» базарынан 55 контрафактілі DVD-дискілер сатқан 24 жастағы саудагер, осындай заң бұзушылықпен «Насиха» базарынан 47 жастағы ер адам, Доссор поселкесінде азық-түлік дүкенінің 47 жастағы қожайыны ұсталды.

***

Ақпанның ортасында Алмагүл ықшамауданында көшеде тұрған «Тойота-Ландкруизер-200» көлігінен несиелік кәртішке ұрланды. Кәртішкеден 310 мың теңге түсіріліп алынған. Ганюшкино поселкесінің 25 жастағы тұрғынына іздеу жарияланды.

28 ақпан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.