Атырау, 2 желтоқсан 01:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Қысқа қайырғанда

2 258 просмотра

«Стоп-трафик» операциясының барысында полицейлер Амангелді көшесіндегі пәтерлердің бірінен Құрманғазы ауданының Нұржау селосының тұрғыны қамқорлық еткен притонды анықтады.ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, онда Оңтүстік Қазақстан облысынан келген үш қыз тұрады екен. Қожайын әйел оларға клиент тауып беріп, сол үшін әр қыздан 500 теңгеден алып отырыпты.

 

4 қыркүйекте аң аулау маусымы ашылған уақытта қайғылы оқиға орын алды: 12-ші калибрлі қаруды қайта оқтау кезінде оқ атылып кетіп, 60 жастағы аңшыны жер жастандырған. Қару қожайыны да аңшы екен, ол бұл туралы полицияға өзі хабарлапты. Аңшылар бір-бірімен әрі көрші, әрі әріптес көрінеді.

 

Жылыой ауданында мектеп тонаған деген күдікпен 16 жасар жасөспірім ұсталды.Полиция жорамалы бойынша, ол Жаңа Қаратон поселкесіндегі мектептің терезесінен түсіп, информатика кабинетінің есігін бұзып кіріп, ол жерден 16 ноутбукты ұрлап кеткен.

 

Жедел топ қызметкерлері «Мұрагер» сауда орталығындағы зергерлік бұйымдарды ұрлады деп күдіктелген екеуді ұстады. Үш бұзақы 22-ші наурызға қараған түні ол жерге терезені сындырып кірген екен. Ұрланған бұйымдардың жалпы сомасы 14 млн. теңге құрайды. Олар олжаларын Алматыға апарып сатыпты. Үшінші қылмыскер іздестірілуде.

 

Жалын атқан автокөлікті сөндіру барысында адам мүрдесі табылды. Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз хатшысы Самал Абированың айтуынша, 6 тамыз күні күндіз Доссор поселкесінен Құлсары жаққа қарай 34 км қашықтықтағы трасса бойында УАЗ көлігі өртенген. Өртті сөндіру кезінде өрт сөндірушілер көліктен жүргізушінің мүрдесін тауыпты. Машина «АтырауГеоконтроль» ЖШС-не тиесілі екен. Оқиға себебі анықталуда.

8 қыркүйек 2011, 17:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.