Атырау, 5 мамыр 21:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +9
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Оқиғалар тізбегі

2 597 просмотра

Махамбет көшесінің бойындағы жалдамалы пәтерде екі қыз 30 жастағы әйелдің «Нокиа» ұялы телефонын тартып алған. Тонады деген күдікпен бұрын тонау қылмысы үшін істі болған Нұрсая ықшамауданының 23 жастағы және Ақжар поселкесінің 24 жастағы тұрғындары ұсталды.

***

Қарашаның 22-не қараған түні облыстық аурухананың жансақтау бөлімінен Огородный көшесінде уақытша тұрып жатқан Өзбекстанның 27 жастағы азаматшасының арқа тұсынан алынған пышақ жарақатымен түскендігін хабарлады. Қылмыс жасады деген күдікпен зардап шегушінің 24 жастағы күйеуі ұсталып, қабылдау-тарату орнына қамалды.

***

Қарашаның 22-де кешкісін Атырау-Доссор тас жолында кісі өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы орын алды. Тергеушілердің жорамалы бойынша, Доссордан 15 шақырым қашықтықта 50 жастағы жергілікті тұрғын «Дэу-Нексия» көлігін жүргізіп келе жатып, рөлге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, ЗИЛ-130 жүк көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан «Дэу-Нексия» жүргізушісі қаза болды.

***

Қарашаның 22-де кешке Химпоселкеде белгісіз біреу сыртқы есікті бұзып, үйге түскен. 63 мың теңгелік азық-түліктер мен зергерлік бұйымдарды қолды қылған. Күдікті, Привокзальныйдың 39 жастағы тұрғыны ұсталды.

***

Полицияға Өркен ықшамауданының тұрғыны шағымданды. Ол жер учаскесін алуға көмектесемін деп уәде беріп, өзінен 500 мың теңгені алып, ғайып болған 38 жастағы қала тұрғынының алаяқтық әрекетінің құрбаны болыпты. Алаяққа іздеу жарияланды.

27 жастағы Құрманғазы ауданының тұрғынына да іздеу жарияланды. Ол биылғы мамыр айында осындай жолмен Атырау қаласының 45 жастағы тұрғынының 75 мың теңгесін алып кеткен.

***

Полицияға 47 жастағы қала тұрғыны хабарласты. №2 автобус маршрутында қалта ұрысы оның сөмкесінен 22 мың теңгесі бар әмиянын ұрлап кеткен екен. 30 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

***

Қарашаның 25-де таңертең Жилгородокта Островский көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында жүргізуші «Мерседес» көлігін қыздырып, үйіне жылынуға кіріп кетеді. 10 минуттан кейін шыққан кезде көлігі орнында болмайды. Ұрланған көліктің қожайыны дереу «102» нөміріне хабарласып, 8 минуттан кейін жоғалған «Мерс» «Дина» базарының маңынан тоқтатылады. Рөлде бұрын бұзақылығы үшін екі мәрте жауапқа тартылған Әзірбайжанның 19 жастағы азаматы отырған. Тергеу жүргізілуде.

28 қараша 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.