Атырау, 22 желтоқсан 10:37
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Әлемде

Түркия мен Грекияның арасы шиеленісе түсті Әлемде

Түркия мен Грекияның арасы шиеленісе түсті

Соңғы аптада Грекия мен Түркияның арасы Эгей теңізіндегі даулы аралдарға қатысты шиеленісе түсті. Анкара Афинаны "арандату әрекеттерін жасап отыр" деп айыптады. Грекия Түркия ұшақтарының елдің әуе кеңістігіне жаппай енгенін мәлімдеді. Екі ел қарым-қатынасы өткен аптада Грекия соты өткен жылы шілдедегі мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетіне қатысы бар деп айыпталған сегіз түрік солдатын Анкараға экстрадициялаудан бас тартқанда шиеленісті. 3 ақпан 2017, 11:33 2 295 рет қаралды
Стивен О'Брайен: Сириядағы оқ атпау тәртібінің сақталуы - жақсылықтың нышаны Әлемде

Стивен О'Брайен: Сириядағы оқ атпау тәртібінің сақталуы - жақсылықтың нышаны

Біріккен Ұлттар ұйымы Бас хатшысының Гуманитарлық мәселелер жөніндегі орынбасары Стивен О'Брайен Сириядағы оқ атпау тәртібінің сақталуы жақсылықтың нышаны екенін жариялады,- деп хабарлады 24.kz.  27 қаңтар 2017, 10:48 1 678 рет қаралды
Сирия оппозициясы дағдарысты шешудегі өз жоспарын жариялады Әлемде

Сирия оппозициясы дағдарысты шешудегі өз жоспарын жариялады

Ресей, Иран және Түркияның ресми өкілдері Астанада аяқталған Сирия бейбіт келіссөзінің қорытындысы бойынша Сириядағы әлсіз бітімге бақылау жасау механизмін құруға келісті. Бірақ олар Сириядағы алты жылға созылған соғысты саяси жолмен тоқтату бағытында ілгері қадам жасай алмады,- деп хабарлады Азаттық. 25 қаңтар 2017, 10:37 2 495 рет қаралды
Сирия келіссөзінің алғашқы күні айтарлықтай ілгерілеу болмады Әлемде

Сирия келіссөзінің алғашқы күні айтарлықтай ілгерілеу болмады

Астанада өтіп жатқан Сириядағы соғысты тоқтатуды көздейтін бейбіт келіссөздің алғашқы күнінде айтарлықтай ілгерілеушілік болмады. 23 қаңтарда түс кезінде басталған келіссөзге Сирия үкіметі мен оппозицияшыл топтарының өкілдері бірдей қатысқанымен, бір-бірімен тікелей тілдеспеді,- деп хабарлады Азаттық. 24 қаңтар 2017, 11:08 1 601 рет қаралды
АҚШ Астанадағы Сирия келіссөзіне шақыртуды зерделеп жатыр Әлемде

АҚШ Астанадағы Сирия келіссөзіне шақыртуды зерделеп жатыр

АҚШ осы айда Астанада өтеді деп жоспарланған Сирия бойынша бейбіт келіссөзге қатысу туралы шақыртуды зерттеп жатыр. АҚШ мемлекеттік департаменті өкілінің Reuters агенттігіне хабарлауынша, шақырту "қаралып жатыр". Бұған дейін Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеу АҚШ-ты 23 қаңтар - Ақ үйдің жаңа басшысы Дональд Трамп қызметіне кіріскеннен үш күннен соң өтетін келіссөзге қатысуға шақырғанын хабарлаған. 20 қаңтар 2017, 10:25 2 583 рет қаралды
Сирия: "Ахрар әл-Шам" тобы Астанадағы келіссөзден бас тартты Әлемде

Сирия: "Ахрар әл-Шам" тобы Астанадағы келіссөзден бас тартты

Сириядағы ең ықпалды көтерілісшіл топтардың бірі - исламшыл "Ахрар әл-Шам" тобы Астанада 23 қаңтарда өтеді деп күтілген бейбіт келіссөзге қатыспайтынын мәлімдеді,- деп хабарлады Азаттық. 19 қаңтар 2017, 11:09 1 804 рет қаралды
Иран Астанада Сирия бойынша өтетін келіссөздерге АҚШ-тың қатысуына қарсы Әлемде

Иран Астанада Сирия бойынша өтетін келіссөздерге АҚШ-тың қатысуына қарсы

Алматы. 18 қаңтар.ҚазТАГ - Тегеран 23 қаңтарда Астанада өтетін сириялық шиеленісті реттеу жөніндегі келіссөздерге АҚШ-тың қатысуына қарсы, деп хабарлады Tasnim агенттігі. 18 қаңтар 2017, 10:51 2 631 рет қаралды
Стамбулдағы түнгі клубта 39 адамды өлтірді деген күдікті ұсталды Әлемде

Стамбулдағы түнгі клубта 39 адамды өлтірді деген күдікті ұсталды

Түркияның Стамбул қаласында Жаңа жылдың алғашқы күні түнгі клубта 39 адамды атып өлтірді деген күдікті ұсталды. Түркиялық БАҚ ақпараттарына қарағанда, ұсталған адам – Өзбекстан азаматы,- деп хабарлады Азаттық. 17 қаңтар 2017, 15:27 2 551 рет қаралды
Ресей мен Түркия Сириядағы қақтығыстарды болдырмау және ұшу қауіпсіздігі жайлы келісімге келді  Әлемде

Ресей мен Түркия Сириядағы қақтығыстарды болдырмау және ұшу қауіпсіздігі жайлы келісімге келді

Ресей Федерациясының қорғаныс миинстрлігі мен Түркия Республикасы Қарулы күштерінің Бас штабы Сирия Араб Республикасындағы қақтығыстарды болдырмау және операциялар барысында ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жайлы меморандумге қол қойды. Бұл туралы Мәскеудегі «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Ресей Қорғаныс миинстрлігі сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 13 қаңтар 2017, 10:15 2 493 рет қаралды
Сирия мәселесі бойынша Астана келіссөзіне АҚШ та шақырылады Әлемде

Сирия мәселесі бойынша Астана келіссөзіне АҚШ та шақырылады

Мәскеу АҚШ-тың Сириядағы жағдайды бейбіт жолмен реттеу бойынша келіссөзге қатысуына келісті, деп мәлімдеді Түркия СІМ басшысы Мевлют Чавушоглу. Келіссөз Астанада 23 қаңтарға белгіленген, деп хабарлайды dw.com-ға сілтеме жасаған Turkystan.kz. 13 қаңтар 2017, 14:57 3 703 рет қаралды
Бішкек: Қытай елшілігіне шабуылға күдіктілер Стамбулда жүр Әлемде

Бішкек: Қытай елшілігіне шабуылға күдіктілер Стамбулда жүр

Қырғызстан сыртқы істер министрлігінің ақпараты бойынша, Қытайдың Бішкектегі елшілігіне жасалған шабуылды ұйымдастырған деген күдіктілер Стамбулда жасырынып жүрген болуы мүмкін. Бұл туралы Қырғызстанның Түркиядағы елшісі Ибрагим Жүнісов Қытайдың Түркиядағы елшісі Хонянг Юмен кездесуінде мәлімдеді деп хабарлады Қырғызстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. 10 қаңтар 2017, 10:36 2 441 рет қаралды
Асад: Астанадағы бейбіт келіссөзге қатысуға дайынбыз Әлемде

Асад: Астанадағы бейбіт келіссөзге қатысуға дайынбыз

Сирия президенті Башар Асад Дамаск егер Сирия оппозициясымен келіссөз өткізу ұсынысы іске асса "не нәрсеге қатысты болса да" диалогқа дайын екенін мәлімдеді,- деп хабарлады Азаттық. 9 қаңтар 2017, 16:03 1 623 рет қаралды
Түркияда конституцияның өзгеруіне қарсы жаппай шеру өтіп жатыр   Әлемде

Түркияда конституцияның өзгеруіне қарсы жаппай шеру өтіп жатыр

Түркия полициясы Анкарада парламент ғимаратының маңында жиналған оппозицияның шеруін қуды, олар елдегі президенттік жүйенің енгізілуіне қарсылық көрсеткен, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты Euronews.com-ға сілтеме жасап. Полиция шерушілерге қарсы көзден жас тамызатын газ бен нөлден төмен температурадағы су пушкаларын қолданған. 9 қаңтар 2017, 23:20 1 726 рет қаралды
БАҚ: Стамбулдағы шабуылға Өзбекстан азаматы күдікті саналады Әлемде

БАҚ: Стамбулдағы шабуылға Өзбекстан азаматы күдікті саналады

Түркия полициясы Стамбулда жаңа жыл кешінде түнгі клубқа жасалған шабуылға Өзбекстан азаматы Абдулғадыр Машариповты (лақап аты Абу Мұхаммед Хорасан) күдікті деп санайды. Бұл туралы түркиялық Daily Sabah басылымы хабарлады. 8 қаңтар 2017, 11:32 2 540 рет қаралды
Анкара: Коалицияның әуе базамызды пайдалану шартын қайта қараймыз Әлемде

Анкара: Коалицияның әуе базамызды пайдалану шартын қайта қараймыз

Түркия билігі "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымына қарсы АҚШ бастаған коалицияның Сириямен шекараға жақын орналасқан стратегиялық маңызы бар Инжирлик әуе базасын пайдалануын тоқтатуы мүмкін екенін мәлімдеді. Коалиция Инжирлик базасын ИМ-ге әуеден шабуыл жасау үшін пайдаланып келген,- деп хабарлады Азаттық. 6 қаңтар 2017, 12:35 2 443 рет қаралды
Измирдегі жарылысты күрд жасағы ұйымдастырған  Әлемде

Измирдегі жарылысты күрд жасағы ұйымдастырған

Түркияның Измир қаласындағы террорлық шабуылды «Күрдістан жұмысшы партиясының» содырлары ұйымдастырған. Бұл туралы оқиға орнында болып қайтқан осы елдің премьер-министрі Бинали Йылдырым мәлімдеді,- деп хабарлады 24.kz. 6 қаңтар 2017, 16:17 1 999 рет қаралды
Бішкек: Түркияда ұсталғандардың паспорттары тексеріліп жатыр Әлемде

Бішкек: Түркияда ұсталғандардың паспорттары тексеріліп жатыр

Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің (МҰҚК) мәліметінше, Түркияда түнгі клубқа шабуылдан кейінгі рейд кезінде ұсталғандардың кейбірінде Қырғызстан паспорты болуы мүмкін. МҰҚК өкілі Рахат Сулаймановтың Азаттықтың Қырғыз редакциясына айтуынша, қазір ұсталғандардан қырғыз паспортының табылғанына қатысты тексеру жүріп жатыр. Ол екі елдің арнайы қызметі өзара байланыста жұмыс істеп жатқанын айтады. 5 қаңтар 2017, 13:02 2 221 рет қаралды
Тегеран: Түркияның Сирияда бітім бұзылды деуі - негізсіз Әлемде

Тегеран: Түркияның Сирияда бітім бұзылды деуі - негізсіз

Иран Түркияның Сирияда Тегеран қолдайтын тараптар бітім шарттарын бұзып жатыр деген мәлімдемесін "конструктивті емес" деп жоққа шығарып, керісінше көтерілісшілерді бітімді бұзды деп айыптады,- деп хабарлады Азаттық. 5 қаңтар 2017, 15:59 1 826 рет қаралды
Ыстамбұлда теракт жасады деген қырғызстандық кінәсін мойындамай отыр Әлемде

Ыстамбұлда теракт жасады деген қырғызстандық кінәсін мойындамай отыр

Ыстамбұлда түнгі клубқа шабуыл жасады деген күдікпен Қырғызстан азаматы Яхья Машрапов ұсталды. Алайда қырғызстандық азамат болған терактіге ешқандай да қатысы жоқ екенін айтып отыр. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде оның паспортының суреті пайда болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты РИА Новости-ге сілтеме жасап. 4 қаңтар 2017, 10:05 1 830 рет қаралды
Стамбулдағы терактіге қырғыз азаматының қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр Әлемде

Стамбулдағы терактіге қырғыз азаматының қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр

Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті (МҰҚК) "1 қаңтар күні Түркияның Стамбул қаласында болған қарулы шабуылға қырғыз азаматының қатысы бар" деген ақпаратты тексеріп жатқанын айтты,-деп хабарлады Азаттық. 3 қаңтар 2017, 20:36 2 233 рет қаралды
Түркиялық БАҚ-қа РФ Елшісі өлімінің тергеуі туралы жазуға тыйым салынды  Әлемде

Түркиялық БАҚ-қа РФ Елшісі өлімінің тергеуі туралы жазуға тыйым салынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия соты бұқаралық ақпарат құралдарына Анкарадағы ресейлік елші Андрей Карлов өлімінің тергеу барысына қатысты ақпараттарды жариялауға уақытша тыйым салды. Бұл туралы newsru.com CNN Turk телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 27 желтоқсан 2016, 10:33 1 749 рет қаралды
Түркия: әлеуметтік желідегі жазбасы үшін мыңдаған адам ұсталды Әлемде

Түркия: әлеуметтік желідегі жазбасы үшін мыңдаған адам ұсталды

2016 жылдың жазынан бері 1656 адам әлеуметтік жазбалары үшін ұсталған. Олардың көбі өз жазбалары арқылы "террористік топтарды қолдады, қазіргі билікті сынады" деп айыпталған,- деп хабарлады Азаттық. 26 желтоқсан 2016, 14:41 2 132 рет қаралды
Сирия әскері Алеппоға бақылау орнатқанын хабарлады Әлемде

Сирия әскері Алеппоға бақылау орнатқанын хабарлады

Сирия әскерилері Алеппода толық бақылау орнатқандарын мәлімдеді. Мемлекеттік арналардың хабарлауынша, 22 желтоқсанда көтерілісшілердің соңғы легі қаладан эвакуацияланды,- деп хабарлады Азаттық. 23 желтоқсан 2016, 11:14 1 728 рет қаралды
ИМ екі түрік солдатын өртегені туралы видео жариялады Әлемде

ИМ екі түрік солдатын өртегені туралы видео жариялады

"Ислам мемлекеті" экстремистік тобы екі түрік солдатын өртегені туралы видео жариялады. Бұған дейін Сирияның Түркиямен шекаралас аймағындағы әл-Баб қаласында түрік әскері мен ИМ арасында қақтығыс басталған,- деп хабарлады Азаттық. 23 желтоқсан 2016, 11:37 1 931 рет қаралды
Түркия ұстанымынан бас тартты Әлемде

Түркия ұстанымынан бас тартты

Түркияның Әділет және даму партиясы Сирияда шамамен 6 жылдан бері орын алып жатқан соғыстың басынан бері ұстанып келе жатқан саясатынан жуық күндері Мәскеуде қол қойған құжат арқылы айнып шыға келді. Ресей елшісінің өлімінен кейін үш елдің СІМ Ресейде бас қосқан болатын,- деп хабарлады Аbai.kz. 23 желтоқсан 2016, 14:50 2 667 рет қаралды
Ердоған: Елшіні өлтірген адам Гүленнің жақтасы болған Әлемде

Ердоған: Елшіні өлтірген адам Гүленнің жақтасы болған

Түркия президенті Режеп Ердоған Анкарада Ресей елшісі Андрей Карловты атып өлтірген түрік полицейі мұсылман діни қайраткері Фетхулла Гүлен ұйымының "мүшесі болғанын" мәлімдеді,- деп хабарлады Азаттық. 22 желтоқсан 2016, 15:35 1 695 рет қаралды
Ресейдің Түркиядағы елшісі қастандықтан өлді Әлемде

Ресейдің Түркиядағы елшісі қастандықтан өлді

Анкарада қастандық жасалып, ауруханаға жеткізілген Ресейдің Түркиядағы елшісі Андрей Карлов қаза болды деп хабарланды. Бірқатар жетекші әлемдік БАҚ-тың жазуынша, "елшіге түрік полицей Ресейдің Алепподағы іс-әрекеті үшін шабуыл жасағанға ұқсайды". Өнер галереясында жасалған шабуыл кезінде бірнеше адам жараланған. Бір күн бұрын Түркияда Ресейдің Сирия президенті Башар Асадты қолдағанын айыптаған қоғамдық наразылық акциясы өткен,- деп хабарлады Азаттық. 20 желтоқсан 2016, 09:38 1 867 рет қаралды
Путин: Мәскеу елшіге қастандықты кім ұйымдастырғанын білуі тиіс Әлемде

Путин: Мәскеу елшіге қастандықты кім ұйымдастырғанын білуі тиіс

Ресей президенті Владимир Путин Ресейдің Түркиядағы елшісі Андрей Карловқа қастандықты кім жасағанын және оның артында кім тұрғанын білуі тиіс деп мәлімдеді,- деп хабарлады Азаттық. 20 желтоқсан 2016, 09:43 1 869 рет қаралды
Анкарада Ресей елшісіне қастандық жасалды Әлемде

Анкарада Ресей елшісіне қастандық жасалды

Түркиядағы Ресей елшісі Андрей Карловқа 19 желтоқсан күні Анкара қаласында қастандық жасалды. Түркиялық NTV телеарнасының хабарлауынша, көркемсурет галереясы ішінде әлдекім Карловқа оқ атқан,- деп хабарлады Азаттық. 19 желтоқсан 2016, 22:39 1 994 рет қаралды
Австрия ЕО-ның Түркиямен келіссөзін тоқтатуды талап етті Әлемде

Австрия ЕО-ның Түркиямен келіссөзін тоқтатуды талап етті

Еуропа Одағының (ЕО) елдері Австрия одаққа Түркияның қосылуы жөніндегі келіссөзді тоқтатуды талап еткен соң Еуропа комиссиясының жаңа ұсыныстарына келісе алмады,- деп хабарлады Азаттық. 14 желтоқсан 2016, 10:13 2 229 рет қаралды