Атырау, 23 желтоқсан 05:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Сұрақ-жауап

Сұрақ-жауап

Welcome to America

Ислам елдері азаматтарының келуіне қатысты шаралардың қатаюына байланысты жақын арада Қазақстан азаматтары үшін американдық визаның қолданыс мерзімі көп қысқарады деген сөз рас па? Яғни, бүгінде бізге, Қазақстан азаматтарына виза 5-10 жыл мерзімге берілетін болса, енді бұл жарты жылдық виза бола ма? 3 тамыз 2017, 00:00 3 049 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Әуелі келісімшарт болу керек

Сарықамыс-2, №5 көше мекен-жайының бережағы салдарынан газымызды ажыратып тастады. Қарыз келесі күні өтелді, алайда абоненттік бөлім қызметкерлері қосу төлемақысын қабылдамай отыр. Әуелі техникалық қызмет көрсету жөнінде компаниямен келісімшарт жасап, алдын ала 4 700 теңге төлеу керек, содан кейін ғана қосу үшін төлеуге болады дейді. Олардың әрекеттері заңды ма? 3 тамыз 2017, 00:00 2 898 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Үй күреле ме, жөнделе ме?

Авангард 3 ықшам аудандағы №35 үйде тұрамыз. Үйдің 1-қабатында әлеуметтік қорғалмаған адамдар, «Арнаулы автобаза» қызметкерлері, интернат мекемелерінің бұрынғы тәрбиеленушілері тұрады, «Арнаулы автобаза», ПИК кеңселері орналасқан. Біздің үйіміз ескі, 2-подъездің қабырғасы жарылып тұр. Үйдің бірінші қабаты шөгіп қалған, подъезге еңкейіп кіреміз. ПИК терможаңғырту жүргізуге қатысты ТКШ-ге жүгінді, алайда ол жақтан мердігерлердің біздің үймен байланысқысы келмейтіні туралы жауап келді. Олар қандай да болмасын құрылыс жұмыстары үйдің одан сайын бұзылуына әкелуі мүмкін екендігіне сенімді. Біздің «апатты» үй деген мәртебеміз жоқ. Үйімізге терможаңғырту жүргізіле ме? Егер жүргізілмесе, не себепті жүргізілмейді? Егер терможаңғырту болмаса, онда бізге, тұрғындарға ғимараттың одан әрі бұзылуына жол бермес үшін үйді қалай ұстап тұру керек? 29 маусым 2017, 00:00 3 298 рет қаралды
Сұрақ-жауап

«Светланаға» назар аударсаңыз

Біз Орталық ықшамауданы №3 үйдің тұрғындарымыз. Көп жыл бұрын үйіміз апатты деп танылды. Үй эксперименталдық жоба бойынша салынды және жобадағы қателіктердің салдарынан бүгінде үйдің лоджиялары қисайып тұр. 2-қабатқа апаратын баспалдақ бөлігі ауладан шығарылған...  29 маусым 2017, 00:00 4 150 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Бірдей көше атаулары

- Қалада Мұрат Мөңкеұлы атындағы екі көше бар: біріншісі – бұрынғы Кудряшов көшесі, екіншісі – бұрынғы Қостанай көшесі. Қаланың екі бөлігінде орналасқан көшелердің бірдей аталуы тұрғындарға кері әсерін тигізуде.  Телефон арқылы 1 маусым 2017, 00:00 5 259 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Мұрагерлік іс

– Мен танысымнан ауызша келісім бойынша жер телімін сатып алған едім. Бұл (үй салынғанша) уақытша пайдалануға берілген жер телімі. Бізге қойылған шарт мынадай болды: мен үй саламын, қожайын тұрақты мемлекеттік актіні ресімдейді, ал кейін қағаз жүзінде жердің маған берілетіндігін (сатылатындығын) ресімдейтін болады. Мен үйді салдым, бірақ, танысым сол уақытта қайтыс болды. Мұрагерлері бар, олар ауызша келісімнің шарттарын орындауға қарсы емес. Мұрагерлердің алдағы әрекеттері қандай болуы тиіс? 1 маусым 2017, 00:00 3 986 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Анықтама тиесілі

 – Күйеуім Теңіз кенішінде жүргізуші болып жұмыс жасайды. 5 баламыз бар. Бір баламыз – мүгедек (жүрегі ауырады). Мен еш жерде жұмыс жасамаймын, балаларымды қараймын. Балаларымның біреуі - бірнеше айлық сәби. Табыс салығы бойынша төлемдерді азайту үшін күйеуім жұмысының есеп бөліміне өтініш берді. Ондағылар әйелінің жұмыс жасамайтыны туралы анықтама сұратып отыр... 1 маусым 2017, 00:00 4 467 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Сақалға шектеу жоқ

– Қалың сақалым бар, оны өзіме үйлеседі деп есептеймін. Автомектептегілер егер сақалымды алып тастамасам, емтиханға кіргізбейтіндерін және жүргізуші куәлігін бермейтіндерін айтады. Автомектеп әкімшілігінің бұл талабы заңды ма? 25 мамыр 2017, 00:00 3 599 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Зейнетақы көп болса жәрдемақы берілмейді

Біз бір пәтерде үш адам тұрамыз. Мен зейнеткермін, қызым ІІ топ мүгедегі әрі жалғызбасты ана және оның 8 жасар қызы бар. Қызым 41 мың теңге мүгедектік жәрдемақысын алады. Балаға 18 жасқа толғанша жәрдемақы алу үшін тоқсан сайын бір рет құжаттар тапсырады. Оның табысы азық-түлік себетінің құнынан асып кетеді деген негізбен оған жәрдемақы тағайындаудан бас тартып отыр. Ал мен азық-түлік себетінің мөлшері 24 мың теңгеден асады деп естідім. Ендеше екі адамға 48 мың теңге шамасында болуы тиіс қой. Ал менің қызым бұл сомадан аз алады. Әлде олар менің зейнетақымды да есептеп отыр ма? 18 мамыр 2017, 00:00 3 020 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Әр сәбидің өз несібесі бар

– Бір айдан кейін декреттік демалысқа шығамын. Сәбиім тамыздың аяғында дүниеге келуі тиіс. Өзім жеке фирмада жұмыс жасаймын. Осыған байланысты – сәби дүниеге келгенде қандай жәрдемақы тиесілі – тек менің кәсіпорнымнан ба әлде мемлекеттен де жәрдемақы беріле ме? 18 мамыр 2017, 00:00 3 529 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Көршілер келіспеген жағдайда

– Біз көп жылдан бері Мир даңғылы, 66 үй, 1-пәтер мекен-жайындағы апатты үйде тұрамыз. Бұл ауданда екі қатарлы үш ескі үй орналасқан. Балабақшаның салынуына байланысты олардың екеуі күреледі. Ал біздің үй тағы да назардан тыс қалды. Бірақ, ол көп уақыттан бері апатты деп танылған және бөлшектеніп бұзылып жатыр. Көршілеріміздің бір бөлігі әкімдіктен өздеріне біздің ескі үйіміз орналасқан ауданнан, яғни, Балықшыдан пәтер беруді сұрайды. Біз үшін бұл міндетті емес, кез-келген ауданнан жаңа баспана берілсе қуаныштымыз. Бастысы – құлап жатқан ғимараттан тезірек кетіп қалғымыз келеді. Биыл біздің үйіміз күреле ме? Ағымдағы жылы қандай апатты және тозығы жеткен үйлерді күреу жоспарланып отыр?..  18 мамыр 2017, 00:00 3 390 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Мұғалімдер жеке кәсіпкерлікпен айналыса алады

- Мектепте жұмыс жасайтын мұғалім Жеке кәсіпкерлік (ИП) ашып, оқушыға сабақ үйретуші (репетитор) болып қызмет атқара ала ма? Мектептегі жұмысымен қатар осы қызметпен айналысуға рұқсат етіле ме? Мектепте өзі сабақ беретін оқушыларына қосымша сабақ үшін ақы алуға бола ма? 18 мамыр 2017, 00:00 7 057 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Жер телімін сатып алсаңыз, кезегіңіз жойылмайды

2007 жылы жер телімін алуға кезекке тұрдым. 2011 жылы жер сатып алып, үй салдым. Осыған орай маған мемлекеттен тегін жер телімін беруден бас тартпай ма? Егер бас тартатын болса, мен өз кезегімді ұлыма ресімдей аламын ба? 18 мамыр 2017, 00:00 3 035 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Балалар және таблеткалар

– 1 жасқа дейінгі және 5 жасқа дейінгі балаларға тегін дәрі-дәрмектердің берілуін кім және қалай тексереді? Дәрі-дәрмектердің берілуі әлдебір журналға белгіленуі тиіс пе, бәлкім, оларды алған кезде ата-аналар қолдарын қоюы тиіс шығар? Менің екі балам бар. Тегін рецепт бойынша бірде-бір тегін дәрі-дәрмек алып көрген емеспін. Бәлкім, ешқашан оларды сұрап көрмегендіктен шығар. Бірақ, біздің учаскелік дәрігерлер бұл дәрмектердің бізге тиесілі екенін біледі ғой. Мен емханаға тіркелгенмін, бір жерлерде осы жастағы балалардың есебі жүргізілетін шығар, қажетті дәрі-дәрмектер берілетін болар. Олар қайда кетіп жатыр? 1 жасқа дейінгі және 5 жасқа дейінгі балаларға қандай дәрі-дәрмектер тиесілі? 13 сәуір 2017, 00:00 3 256 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Фармацевт қателессе, жауап береді

– Екі айдан бері әділдікке қол жеткізе алмай келемін. Дәрігер маған үш препарат тағайындап, рецепт жазып берді. Мен барған бірінші дәріхана маған бір дәріні сатты, рецептіде көрсетілген басқа екеуі оларда болмай шықты. Мен басқа дәріханаға бардым, ол жердегілер маған үш дәрі-дәрмек беріп, бірінші дәріханада маған рецептіде көрсетілмеген басқа дәріні бергенін түсіндірді. Тексеру үшін мен айналадағы бүкіл дәріхананы шарлап шықтым. Фармацевтердің барлығы бірінші дәріхананың маған басқа препаратты сатқанын растады. Алайда, рецептіні қате оқыған фармацевт дәрі-дәрмекті алмастыруға және қайтаруға болмайды деген негізбен ақшамды қайтарудан бас тартты. Мен келісер едім, бірақ, сөреден тауарды менің өзім алғаным жоқ қой. Маған дәрі-дәрмекті фармацевтің өзі берді және қателікті ол жіберді. Фармацевтің әрекетіне қатысты қайда шағымдануға болады? 13 сәуір 2017, 00:00 3 211 рет қаралды
Сұрақ-жауап

ЭКСПО-ға дейін 3 ай бар

Күйеу балам әйелім екеумізге ЭКСПО-ға уақыты белгіленбеген күнге билет тарту етті. Біз көрме күндері Астанаға бара алатындығымызға сенімді емеспіз. Бізге билетті тапсырып, ақшасының белгілі бір пайызын қайтаруға бола ма? Көршілерім бұған тырысудың да қажеті жоқ, зейнеткерлер үшін билеттер қымбат емес, дейді. Ал әйелім екеумізді ақшаның далаға кететіні қынжылтады. 2 наурыз 2017, 00:00 3 340 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Депутат үнсіздігі

Нұр Отан» партиясының қалалық филиалына, менің пікірімше, "Қазақтелекомның", менің пікірімше,  заңсыз әрекеттері туралы шағымдандым. 2015 жылдың мамырынан бастап «Қазақтелеком» абоненттері кәсіпорын қызметін тікелей төлей алмайды және әр төлемнен қосымша 2 және одан да көп пайыз ұстап қалатын терминалдардың көмегіне жүгінуге мәжбүр. Менің бірінші шағымым қалалық мәслихат депутаты М.Шырдабаевқа жіберілген. Мен оның қабылдауында болдым. М.Шырдабаевтың жауабын күтпестен «Нұр Отанға» тағы да шағымдандым. Мені А.Салиховқа жолдады. Бұл жолы да үнсіздік орнады. Үшінші жолы мені депутат А.Ташлыковқа жіберді. Олардың барлығы да әрқайсысы ресми түрде тіркелген жазбаша шағымды қарауға уәде берді. Бірде-біреуі сөздерінде тұрмады. 2 наурыз 2017, 00:00 3 113 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Пациенттердің көші-қоны

Емханалар тұрғындарды бекіту акциясының басталғаны туралы жариялаған кезде мерзімдерін ескертеді. Соңғы рет, 2016 жылы, мәселен, бізде емханада 15 қазан мен 15 қараша аралығында мерзімдері көрсетілген хабарландыру ілініп тұрды. Бұл қаншалықты дұрыс? Жалпы, мен емхананы жылына неше рет ауыстыра аламын және мұны қандай мерзімде жасай аламын? Айталық, қазір мен бір емханаға тіркелгенмін, ал наурызда басқасына кеткім келсе ше? Әлде тұрғындарды тіркеу жүргізілетін белгілі бір мерзім бар ма? 2 наурыз 2017, 00:00 3 005 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Денсаулық сақтауға арналған жүйе

Мен «Жарқын болашақ KZ» ЖШС-нің «КазМедИНФОРМ» жүйесі бүгінгі күні облыста енгізіліп жатқан «Даму» ЖШС-нің кешенді медициналық ақпараттық жүйесінен (КМАЖ) анағұрлым атқарымды, КМАЖ-де «КазМедИНФОРМ» ұсынатын мазмұнның бар болғаны 3-5 пайызы бар, деп оқыдым. Әрі қарай пайдаланған кезде одан да үнемді болады, дейді. Бұл дұрыс па және емдеу мекемелері үшін бағдарламалық қамтуды кімдер таңдайды? 2 наурыз 2017, 00:00 3 784 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Сыйақы тиесілі ме?

«Өрт сөндіруші» АҚ басшысының бұйрығы бойынша біздің мекеме штаты 2016 жылдың 31 желтоқсанында қысқартылды. 25 күн үшін тиесілі өтемақыны алдық. Алайда, кейін штатта қалған қызметкерлер 2016 жылдың қорытындысы бойынша сыйақы алды. Қысқартуға ұшыраған қызметкерлерге бұл сыйақы тиесілі ме? Өйткені, біз 2016 жыл бойына толық жұмыс жасадық қой.  16 ақпан 2017, 00:00 3 056 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Желідегі мазасыздық

Біздің көршілеріміз өз жер телімдерінде ұялы байланыс антеннасын орнатты. Оның есесіне енді біздің үйіміз бірде-бір желіге қосылмай қалды. Бұл заңды ма? Мұндай антенналардың денсаулыққа қаншалықты зияндығы бар?  16 ақпан 2017, 00:00 2 748 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Ауруханаға жату оңай емес

- Бізде ауруханада жатып ем алу неліктен үлкен проблема? Жағдайы ауыр адамдарға амбулаториядан көмек алуды ұсынады. Алайда, мұндай жағдайдағы адамның емханаға бара алмайтындығы, ол жерде алдымен дәрігерге, содан соң таң атпай ұзын-сонар кезекке тұрып, анализ тапсыра алмайтындығы түсінікті. Шақыртуға келген жедел жәрдем мамандары пациенттерге: қазір сізге дәрі егіп,  қан қысымын төмендетеміз, бірақ, ол кезде аурухана сізді қабылдамайды немесе өміріңізге қауіп төндіріп, ауруханаға апарамыз, деп таңдау жасататын жағдайға дейін барады. Сөйте тұра ауруханалардың бос тұрғанын, оларды қайтадан оңтайландырып, кереуеттерді қысқартып, көппрофильді мекемеге айналдыру керектігін айтады. 9 ақпан 2017, 00:00 3 610 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Көзілдірігіңіз қайда?

– Мен мерзімі өтетін жүргізуші куәлігімді жаңарту үшін медициналық анықтама ресімдедім. Барлық мамандардан медициналық қорытынды алып, мөр соқтыру үшін ДКК (дәрігерлік-консультациялық комиссия) кабинетіне әкелдім. Бұл ресімдеудің соңғы бөлімі. Алайда бұл кабинеттегі маман фотосуретке менің көзілдіріксіз түскеніме сілтеп, мөр басудан бас тартты. Ал офтальмологтың қорытындысында «көзілдірік-пен жүргізуге жарамды» деген мәлімет бар. Яғни, ол жаңартылған куәлікке қажетті медициналық анықтама үшін қайта суретке түсуге міндетті екенімді айтады. Мен көзілдірік кимеймін, линза қолданамын. Емхана қызметкерінің мұндай талап қоюға құқығы бар ма? 9 ақпан 2017, 00:00 3 006 рет қаралды
Сұрақ-жауап

ЕурАзЭО-мен тең

Баспасөзде 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының бұйрығымен реттелетін нарықтардағы үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тiзiлiмінің жойылғаны туралы ақпарат жарияланды. Бұйрықтың күшін түсіндірсеңіздер.azh.kz сайтынан 2 ақпан 2017, 00:00 2 326 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Сот орындаушысына қолайлы

– Неліктен сот орындаушылары ештеңе жасамай-ақ, өз қызметін төлеуге мәжбүрлейді? Мен мойнымда айыппұл бар-жоғын тексеруді ұйғарып, ЖПҚ-ға барып, бір айыппұлым бар екенін білдім. Төлегім келген, бірақ, мені сот орындаушысына жіберді. Ол айыппұлға қоса, оның «қызметі» үшін тағы 5 мың теңге төлеуге тиіс екенімді мәлімдеді. Ол мені іздеген жоқ, ешқандай жұмыс істемеді. Мен өзім келдім, сонда не үшін төлеуге тиіспін? 12 қаңтар 2017, 00:00 4 393 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Препаратпен толық қамтылған

Анам Сәуле Құбаева №1 емханада эндокринологтың есебінде тұр. Ол жыл бойына өзіне тиесілі дәрі-дәрмектерді: сиофор, амарил және басқаларын толық ала алмайды. Оған 1-2 қораптан 3 рет дәрі-дәрмек берді. Бұл тек бір айға ғана жетеді. Емханадағы дәрігерлер дәрі-дәрмектердің медицина мекемесін қажетті көлемде қамтымай отырған облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылардың кінәсінен берілмей отырғанын айтады... 15 желтоқсан 2016, 00:00 2 365 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Асфальт бір жылдан кейін салынады

2010 жылы көршілес Темірханов пен Типографическая көшелері асфальтталды. Ал біздің көше мен Вагонный өткеліне ол кезде, шамасы, ақша жетпеген секілді. Тұрғындар осы уақыт бойына хат жазып, қалалық әкімдік кабинеттерінің табалдырығын тоздырып келеді. Биыл бізге жобалау-сметалық құжаттаманың әзір екенін, жобаның таяу уақытта «НКОК Н.В.» компаниясының қаржысына жүзеге асырылатынын айтқан еді. Асфальттау жұмыстары қашан басталады? 15 желтоқсан 2016, 00:00 2 077 рет қаралды