Атырау, 25 желтоқсан 12:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Мұғалімдер жеке кәсіпкерлікпен айналыса алады

5 880 просмотра

- Мектепте жұмыс жасайтын мұғалім Жеке кәсіпкерлік (ИП) ашып, оқушыға сабақ үйретуші (репетитор) болып қызмет атқара ала ма? Мектептегі жұмысымен қатар осы қызметпен айналысуға рұқсат етіле ме? Мектепте өзі сабақ беретін оқушыларына қосымша сабақ үшін ақы алуға бола ма?

Телефон арқылы

Сұраққа Атырау облысының білім саласындағы бақылау департаменті басшысының м.а. Аманбай ХҰСЫНОВ жауап берді:
- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 «Білім туралы» Заңының педагог қызметкердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі белгіленген 51-бабының 2-тармағы 3-тармақшасында педагог жұмыскердің жеке педагогтік қызметке құқылы екендігі көрсетілген. 

Сондай-ақ, аталмыш Заңның 37-1-бабы 1-тармағына сәйкес, табыс алумен байланысты жеке педагогтік қызмет кәсіпкерлік қызмет болып табылады. Жеке педагогтік қызметпен айналысатын тұлғаны мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 

Мектептердегі жеке және топтық консультациялар, дамытушылық сипаттағы сабақтар ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 25 шілдедегі №296 «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларындағы оқушы компонентіне бөлінген сағаттар негізінде жүргізіледі және ол сабақтар үшін оқушылардан ақы алынбайды.

18 мамыр 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.