Атырау, 7 желтоқсан 05:13
 бұлттыВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Басқа жаңалықтар

Қырылған балық туралы іс: «АСА» неге хлор алуды көбейтті? Басқа жаңалықтар

Қырылған балық туралы іс: «АСА» неге хлор алуды көбейтті?

№2 қалалық сотында Жайықта балықтың жаппай қырылуы туралы іс бойынша кезекті отырыс өтті. Куәгерлерден жауап алу жалғастырылды - бұл жолы «Атырау Су Арнасы» КМК және тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметкерлерінен (атауын төртінші немесе бесінші рет өзгергеннен кейінгі санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қазір осылай аталады) жауап алынды.  Сурет 23 шілде 2019, 10:52 3 947 рет қаралды
Аудандарда да коммуналдық жағажай болады Басқа жаңалықтар

Аудандарда да коммуналдық жағажай болады

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында облыс аумағында 129 өрт оқиғасы тіркелген. Салдарынан 5 адам қаза тауып, 5 адам жарақат алған. 1 млн 273 мың теңге материалдық шығын келген. Бұл туралы брифингте Атырау облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Асқат ЕРЖАНОВ мәлімдеді. 23 шілде 2019, 12:05 2 489 рет қаралды
Жедел жәрдемге көмек керек Басқа жаңалықтар

Жедел жәрдемге көмек керек

Құлсары қаласында жедел жәрдемге соңғы алты айда 13834 шақырту түскен. Жол-көлік оқиғасы бойынша 35 факт болса, 1970 жүрек, қан қысымы, 2113 нерв аурулары, 5329 адам тыныс жолдары бойынша шағымданған. Алайда шақыртулардың барлығына мерзімінде баруға мүмкіндік бола бермейді екен. Мұнайлы өлкедегі жедел жәрдем қызметінің жағдайын «АЖ» тілшісі қарап келді. Сурет Бейнежазба 23 шілде 2019, 10:50 5 771 рет қаралды
Жемқорлықпен күрестің бір сәті Басқа жаңалықтар

Жемқорлықпен күрестің бір сәті

Өткен жылдың көктемінде Атырауда ҚР Қылмыстық кодексінің  366–бабы 3-бөлімі 4-тармағы («Бірнеше рет пара алу») бойынша айыпталған қалалық әділет басқармасы басшысының орынбасары Айболат КЕНЖЕБЕКОВКЕ қатысты сот отырысы өткен болатын. Оған 7,5 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізген сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро депарматенті қызметкерлерінің қуанышы ұзаққа бармады, өйткені, ең үлкен эпизод (3 млн. теңге пара) бойынша Кенжебеков ақталып шықты, сот ҚК-нің 420-бабы («Куәнің, жәбірленушінің көрінеу жалған айғақтары не сарапшының, маманның қорытындылары»)  бойынша қозғалған қылмыс негізінде жеке ұйғарым шығарды. 23 шілде 2019, 11:13 4 294 рет қаралды
Құлсары гүлдемей тұр Басқа жаңалықтар

Құлсары гүлдемей тұр

Биыл Құлсары қаласын көгалдандыруға жергілікті бюджеттен 50 млн қаржы бөлініп, конкурста 35 млн теңгеге ұсыныс берген «Азамат» ЖК ұтып алған. Мердігерлік талап бойынша жеке кәсіпкер осы жұмыстарды 5 маусым мен 5 қазан аралығында атқарып, бөлінген ақшаның 10 млн теңгесі гүл егуге, қалғанын тал-теректің күтіміне жұмсалуы тиіс болған. Алайда жұмыстар әлі басталған жоқ. Сурет Бейнежазба 22 шілде 2019, 17:08 8 360 рет қаралды
Бассейндегі бассыздық Басқа жаңалықтар

Бассейндегі бассыздық

Осыдан біраз уақыт бұрын "Мұнайшы" орталық жүзу бассейнінде жаттығып жүрген және жүзуден Атырау облысы құрамасының мүшелері болған балалардың ата-аналары бассейн басшылығына судың сапасына қатысты айтарлықтай наразылықтар білдірді. Олардың айтуынша, бассеиндегі суда хлордың көп болуына байланысты балалар дерматологиялық және аллергиялық аурулармен ауыра бастады. Ата-аналардың бассейн өкілдерімен «жылы» кездесуінде АЖ  тілшісі де қатысып, жүзгіштерден басқаларды да толғандыратын бұл мәселенің шешілу барысын бақылаған еді. Сурет 22 шілде 2019, 11:25 5 026 рет қаралды
«Сергек» бол, жүргізуші! Басқа жаңалықтар

«Сергек» бол, жүргізуші!

Бүгінде Атырауда орнатылған 759 бейнебақылау камерасының барлығы да қалыпты жұмыс істеп тұр, – деп сендірді «АЖ» сұрауына Атырау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрлыбек КӨШЕНОВ. Ал 2020 жылға қарай олардың саны 1533-ке жетпек.   22 шілде 2019, 10:11 3 755 рет қаралды
Тұрғын үйдің бастапқы жарнасына миллиард бөлінді Басқа жаңалықтар

Тұрғын үйдің бастапқы жарнасына миллиард бөлінді

Биыл облыстық бюджеттен «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы аясында бастапқы жарнаны әлеуметтік қолдау үшін 1 млрд теңге қаржы бөлінді. Әрбір тұрғын үй сертификаттарының мөлшері 1 миллион теңгеден артық емес мөлшерде болады. Бұл туралы брифингте Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Мұрат ИҒАЛИЕВ мәлімдеді. 20 шілде 2019, 19:58 3 250 рет қаралды
Бейбарыс даңғылындағы жол салу жұмыстары кезінде жабылатын көшелер Басқа жаңалықтар

Бейбарыс даңғылындағы жол салу жұмыстары кезінде жабылатын көшелер

Бейбарыс даңғылының автокөлік жолдарын қайта жаңғырту жұмыстарына байланысты 20 шілде мен 20 тамыз аралығында Махамбет көшесінен Амандосов көшесі аралығы, Бейбарыс даңғылы, Таңқыбаев, Панфилов, Полынин, Аманшин көшелерінде көлік қозғалысы шектеледі. 20 шілде 2019, 15:53 3 321 рет қаралды
Қанша қу болса да, «Кордон» мен радардан құтылмайды Басқа жаңалықтар

Қанша қу болса да, «Кордон» мен радардан құтылмайды

Армениядан әкелінген автомобильдерді тіркеу мәселесі шешілгенше, Атырау полициясы осы көліктердің ереже бұзған жүргізушілерін жауапкершілікке тарту жолдарын іздестіріп, тауып та жатыр. 19 шілде 2019, 13:25 4 058 рет қаралды
Өзіңдікі болса, алып кет Басқа жаңалықтар

Өзіңдікі болса, алып кет

Қалалық №2 полиция бөлімінің қызметкерлері 35 жастағы жергілікті тұрғынды ұстап, одан қылмыстық жолмен табылған 30 түрлі бұйымды тәркіледі. Тәртіп сақшылары жәбірленушілерді табу үшін тағы да әлеуметтік желілерге жүгінді. 19 шілде 2019, 11:08 2 693 рет қаралды
Газ төңірегіндегі толқулар Басқа жаңалықтар

Газ төңірегіндегі толқулар

Мұнайлы астананың автокөлік иелері бір апатадан бері газ тапшылығын сезінуде. Жанармай бекеттерінің бірінде көгілдір отын мүлдем жоқ болса, енді бірінде, жүргізушілердің айтуынша, баға 55-тен  90 теңгеге дейін шарықтап кеткен. «АЖ» тілшісі бұған көзін жеткізу үшін бірнеше жанармай бекеттерін аралап шықты. Бейнежазба 19 шілде 2019, 10:37 3 873 рет қаралды
Жигули түйеге соғысып, үш адам қаза болды Басқа жаңалықтар

Жигули түйеге соғысып, үш адам қаза болды

14 шілдеге қараған түні Атырау-Құлсары трассасының Ескене елді мекені тұсында "ВАЗ 2104" жолда тұрған түйеге соқты. Жүргізушінің ұқыпсыздығынан үлкен қайғы орын алды: үш адам сол жерде қаза болып, екеуі облыстық ауруханаға жеткізілді. 18 шілде 2019, 20:44 3 478 рет қаралды
Қырылған балық туралы іс: куәгерлерден жауап алу Басқа жаңалықтар

Қырылған балық туралы іс: куәгерлерден жауап алу

№2 қалалық сотта өткен жылдың желтоқсан айында Жайық өзеніндегі балықтың жаппай қырылуы туралы іс бойынша сот процесі жалғасуда. Осы отырыста алдымен жәбірленушінің тағы бір өкілі тыңдалып, содан кейін куәгерлерге сөз берілді - іс бойынша олардың саны 30-ға жуық, бұдан да көбеюі мүмкін.     Сурет Бейнежазба 18 шілде 2019, 16:25 4 308 рет қаралды
Премьер-министр Мамин Атырауға келді Басқа жаңалықтар

Премьер-министр Мамин Атырауға келді

17 шілдеде ҚР Премьер-министрі Асқар МАМИН Атырау облысына жұмыс сапарымен келді.  Үкімет басшысы облыстың бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындарын аралады. Соның ішінде  АМӨЗ, «Атыраумұнаймаш» ЖШС, «Шеврон» компаниясының Атырау полиэтилен құбырлары зауытына барды.  «Ұлттық өнеркәсіптік мұнай-химия технопаркі» СЭА жұмысымен де танысты. Кеште ТШО ғимаратында ол мұнай-газ саласындағы жергілікті қамту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Толықтырылды Сурет Бейнежазба 18 шілде 2019, 11:21 5 167 рет қаралды
Күндіз пара, кешке субсидия Басқа жаңалықтар

Күндіз пара, кешке субсидия

№2 Атырау қалалық соты облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Қисмеден ЖАНҚУАТОВҚА қатысты үкім шығарды. Ол шаруа қожалықтары иелеріне "Агробизнес-2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидия беруге оң шешім шығару үшін пара сұраған деп айыпталды. 17 шілде 2019, 16:15 2 730 рет қаралды
Атырау облысында жарты жылда не істелді Басқа жаңалықтар

Атырау облысында жарты жылда не істелді

16 шілдеде облыстық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті. Онда облыс әкімі Нұрлан Ноғаев өңірдің 2019 жылдың бірінші жартыжылдығындағы дамуы туралы айтты. Көрсеткіштерге қысқаша тоқтала кетейік. Толықтырылды 17 шілде 2019, 11:52 2 917 рет қаралды
Атырауда қолөнершілер орталығы ашылды Басқа жаңалықтар

Атырауда қолөнершілер орталығы ашылды

15 шілдеде Атырауда түрлі саладағы қолөнершілердің басын қосатын «Дәстүр» өнер орталығы ашылды. Мұнда келушілер өнерпаздардың қолынан шыққан ұлттық нақыштағы бұйымдармен танысып қана қоймай, шеберлердің сабақтарына да қатыса алады: олар бұл жерде матаға маржан тастар орнату, жүннен бұйымдар жасау, кілем тоқу, біз кестемен жұмыс, киіз басу, зергерлік және қыштан бұйым жасау құпияларымен бөліседі. Сурет 17 шілде 2019, 11:41 5 851 рет қаралды
Су – тілсіз жау Басқа жаңалықтар

Су – тілсіз жау

Атырау облысында соңғы 6 айда 18 адам судың құрбаны болды. Оның ішінде 6 жағдай суға шомылу маусымы кезінде орын алған. Бұл қайғылы дерек Атырау облыстық ТЖД ұйымдастырған пресс-тур барысында айтылды. Журналистер құтқарушылармен бірге катермен Жайық өзені бойымен жүріп, адамдардың көп жағдайда бейғам, мұндай жамандық өздерінен аулақ жүретіндей сезінетіндеріне көз жеткізді. Сурет Бейнежазба 17 шілде 2019, 11:18 6 947 рет қаралды
Сүйіндіктегі қойдың қырылғанын Ресей де естіпті Басқа жаңалықтар

Сүйіндіктегі қойдың қырылғанын Ресей де естіпті

Россельхознадзор 15 шілдеден бастап Ресейге Атырау облысынан ұсақ мал мен оның етін әкелуге уақытша шектеу қойды. Оған «Қазақстанның осы аумағында қойлардың шешек ауруы салдарынан жаппай қырылуы жөніндегі БАҚ –тағы ақпарат негіз болған». Демек, бұл жерде әңгіме көктемде Құрманғазы ауданындағы шаруа қожалықтарының біріндегі болған еділбай тұқымды қойлар мен  қозылардың жаппай қырылуы туралы болып отыр. Ал, ол аймақ РФ Астрахан облысымен шекаралас. 17 шілде 2019, 11:24 3 573 рет қаралды