Атырау, 4 тамыз 18:19
 дождьВ Атырау +35.6
$ 475.38
€ 547.73
₽ 5.93

Басқа жаңалықтар

Құстың саңғырығы да ақша Басқа жаңалықтар

Құстың саңғырығы да ақша

Stat.gov.kz сайтының мәліметінше, өткен жылы 2016 жылмен салыстырғанда Атырау облысындағы құс фабрикаларында тауық саны 76 мыңға артып, 484 мыңға жеткен. Салыстырар болсақ, осы екі жылда көршілес Батыс Қазақстан облысында бұл көрсеткіштер тиісінше 430 мың және 1,3 млн болған. Сурет 14 мамыр 2018, 18:06 7 666 рет қаралды
Күйсіз үй, қолжетпес жер Басқа жаңалықтар

Күйсіз үй, қолжетпес жер

Қызылқоға ауданының 7,5 мың адам тұратын Сағыз ауылында баспана мәселесі өткір күйінде тұр. Мысалы, алды салынғанына 80 жыл болған 16 пәтерлік 6 үй күрделі жөндеуге, болмаса күреп тастауға сұранып тұр.  Сурет Бейнежазба 14 мамыр 2018, 09:49 5 648 рет қаралды
Жүгірген жетер Басқа жаңалықтар

Жүгірген жетер

Бұл жолы 24 жастағы Базарбай ДАУТАЛИЕВ 42 шақырым қашықтықта бірінші келіп, марафон-2018 жарысының абсолютті чемпионы болды (өткен жылы ол 21 км қашықтықта жеңімпаз болған еді). Жүлдеге 150 мың теңге, теледидар және арғымақ иеленді. Оның жұбайы әйелдер арасында 10 шақырым қашықтықта алдына жан салмай, отбасы қорына 120 мың теңге пайда әкелді. Сондай-ақ, 42 км қашықтықты әйелдер арасында бірінші болып бағындырған Амина ЗИНОРОВА марафонның абсолюттік чемпионы атанды.  Сурет Бейнежазба 13 мамыр 2018, 22:23 3 365 рет қаралды
Ораза 17 мамырда басталады Басқа жаңалықтар

Ораза 17 мамырда басталады

Биылғы рамазан айының басталуы «Жарамазан айту» дәстүрімен ерекшеленбек. Бұл туралы ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан қажы МАНСҰРОВ БАҚ өкілдерімен болған брифингте мәлімдеді. Биылғы рамазан айының оразасы 17 мамыр – 14 маусым аралығында, 29 күнге созылады. Қадір түні - маусымның 12-не қараған түні. Ораза айт мейрамы 15 маусымда басталады, ал, айт намазы жергілікті уақытпен 07:00-де оқылады. Пітір садақа - кісі басына 300 теңге.   Бейнежазба 13 мамыр 2018, 14:35 9 044 рет қаралды
Қырда өткізген екі түн Басқа жаңалықтар

Қырда өткізген екі түн

Атырау облысы Индер ауданы Елтай ауылынан 9 мамырда қыстақтағы ата-анасына жаяу кетіп, жоғалған 11 жастағы баланы үш тәуліктей уақыт іздеді. Ол көптеген малшылардың балаларындай мектепке ауылдағы туыстарының үйінен қатынайтын.  11 мамыр 2018, 19:37 5 222 рет қаралды
Қорытынды емтихандар мен ҰБТ туралы Басқа жаңалықтар

Қорытынды емтихандар мен ҰБТ туралы

Биыл мұнай астанасының мектептерінде 2 мыңнан астам түлек 11-сыныпты аяқтайды. Көпшілігі Атырау мемлекеттік университетінің базасында Бірыңғай ұлттық тестілеуден өтеді. ҰБТ-2018 форматы туралы «АЖ» тілшісіне Ұлттық тестілеу орталығы филиалының басшысы Айнагүл ДҮЙСЕКЕНОВА әңгімеледі. 11 мамыр 2018, 12:30 3 944 рет қаралды
«Шакмандарды тоқтату керек» Басқа жаңалықтар

«Шакмандарды тоқтату керек»

Атырау облыстық көліктік бақылау инспекциясында жақында ұйымдастырылған дөңгелек үстелге карьер иелері, экологтар, құқық қорғау органдары мен «Нұр Отан» партиясы өкілдері және ҚР Инвестициялар және даму министрлігі көлік комитеті төрағасының орынбасары Самат ҒИЛЫМОВ қатысты. Бейнежазба 10 мамыр 2018, 00:00 5 687 рет қаралды
13 мамыр - марафон: біліп жүрейік Басқа жаңалықтар

13 мамыр - марафон: біліп жүрейік

13 мамырда «Atyrau Marathon -2018» шарасын өткізуге байланысты қала жолдарындағы қозғалыс шектеледі, деп ескертеді шараны ұйымдастыру комитеті. Марафон мұнай астанасында екінші жыл қатарынан өткізілуде. Рейсіңізге кешігіп қалмаңыз, өйткені әуежайға айналма жолмен баруға тура келеді. 10 мамыр 2018, 00:00 3 372 рет қаралды
Жүрегі - қазақ Басқа жаңалықтар

Жүрегі - қазақ

Ресми деректер бойынша, Ресейдің Астрахан облысында 160 мың этникалық қазақ тұрады екен. Олардың басым бөлігі аудандарда қоныс тепкен. «АЖ» тілшісі көрші елдің осы өңірінде қонақта болып, мұндағы қазақтардың тұрмыс-тіршілігін көріп қайтты. Сурет Бейнежазба 8 мамыр 2018, 00:52 4 497 рет қаралды
Шүкеев қалай кооперативтерді «қысты» Басқа жаңалықтар

Шүкеев қалай кооперативтерді «қысты»

Атырау облысы Қызылқоға ауданында 2016 жылы бірнеше ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылған болатын. «АЖ» тілшісі осы ұжымдардың бүгінгі жағдайларымен танысты. Сурет Бейнежазба 7 мамыр 2018, 23:47 6 234 рет қаралды
Ескі қарыздар және жаңа несие туралы Басқа жаңалықтар

Ескі қарыздар және жаңа несие туралы

ҚР Ұлттық Банкі Атырау филиалының директоры Айнұр КӨШЕРБАЕВА брифингте биылғы ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландырудың жаңартылған бағдарламасы және жаңа «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы туралы әңгімеледі. Бейнежазба 7 мамыр 2018, 13:01 3 661 рет қаралды
Жаз болса, су жоқ Басқа жаңалықтар

Жаз болса, су жоқ

«АЖ» редакциясына Құлсары қаласы 1-ықшамауданының төрт көпқатарлы үйлерінің жоғарғы қабатындағы пәтерлер тұрғындарынан шағым түсті – олар бірнеше күннен бері сусыз отыр.   Осы жылдың наурыз айында жазғанымыздай, күн ысыған кезде осындай жағдай орын алады. Бейнежазба 7 мамыр 2018, 11:26 3 694 рет қаралды
Тендерсіз отырғызылмайды Басқа жаңалықтар

Тендерсіз отырғызылмайды

Осы көктем-жаз маусымында жергілікті билік органдары мұнай астанасын тірі хризантемамен және шырайгүлмен безендіріп, 20 мың жапырақты және қылқан жапырақты ағаштар отырғызуды жоспарлап отыр. Сурет 5 мамыр 2018, 17:05 3 763 рет қаралды
Жасыл қала үшін жүгіру Басқа жаңалықтар

Жасыл қала үшін жүгіру

Ертең, 6 мамырда, таңертең сағат 9-да облыстық әкімдік алдындағы алаңда нөмірі бар жасыл таңғыштар таратылып, экологиялық кроссқа қатысушыларды тіркеу басталады. Басталуы сағат 10.00, қашықтық – Жайық жағалауы бойымен Жеңіс саябағына дейін, сондықтан көлік қозғалысы еш жерде жабылмайды. 5 мамыр 2018, 17:47 3 096 рет қаралды
7-9 мамырдағы шаралар Басқа жаңалықтар

7-9 мамырдағы шаралар

7 мамырда облыстық әкімдік алдындағы алаңда, телеарналар бағдарламаларына сүйенсек, сағат 10-да үлкен экраннан ҚР Қарулы Күштерінің Жамбыл облысындағы «Отар» әскери базасындағы Жауынгерлік шеруінің трансляциясы басталады. Біздің жергілікті әскери қызметкерлердің де дайындығы байқалады – бәлкім, олар құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен және құрама оркестрмен қолбасшының атымен аталатын алаңда сап түзеп өтетін шығар. Бірақ тікелей эфирге дейін бе, кейін бе - хабарланбайды. 5 мамыр 2018, 14:35 3 018 рет қаралды
"Таршылықтағы" ой Басқа жаңалықтар

"Таршылықтағы" ой

2016 жылғы сәуірдегі «жер» митингісіне қатысқаннан кейін Макс БОҚАЕВПЕН бірге бес жылға бас бостандығынан айырылған Талғат АЯН бостандыққа шығып, 29 сәуірде Атырауға үйіне келгені белгілі. Жақында ол шағын сұхбат беремін деген уәдесін орындау үшін «АЖ» редакциясына келді.    Бейнежазба 4 мамыр 2018, 10:27 7 110 рет қаралды