21 мамыр күні Атырау-Индер тас жолының Бесікті ауылы тұсында кісі өлімі болған ЖКО орын алды.
Бейресми мәлімет бойынша, «Лада Приора» мен «ВАЗ-2110» маркалы автокөлігі соқтығысып, апатқа ұшыраған болатын. Оқиға салдарынан «Приораның» 53 жастағы жүргізушісі мен келесі автокөліктегі 38 жасар жолаушы сол жерде қазаға ұшырады. Бұдан бөлек жарақат алған үш адам ауруханаға жеткізілді.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА