Атырау, 26 қараша 04:37
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Аштық: өңірлер бойынша цифрсыз көрсеткіштер

2 062 просмотра


ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің сайтында «Жалпы халық саны бойынша асқа жарымау (аштық) шегінде тұрған халықтың үлесі, %» деген атаумен кесте жарияланды. Онда 2015 жылы біздің елімізде халықтың 3,1%-ының, 2016 жылы - 4,5%-ының аштық шегінде болғаны көрсетілген. 2017 жылға арналған деректер көрсетілмеген, біз сұрап білдік.

«АЖ» сауалына жауап ретінде Комитет төрағасының орынбасары Нияз КӨШКІМБАЕВ 2017 жылы ел ауқымы бойынша бұл цифр 3,6% -ды құрады деп хабарлады. Бұл тұрғыда, ол бұл көрсеткіштің өңірлер бойынша бөлек шығарылмайтындығына сілтеп, Атырау облысындағы асқа жарымағандар санын атаудан бас тартты.

Көшкімбаевтың айтуынша, басқа елдерде бұл «Асқа жарымаудың таралуы» деп аталады және 2030 жылға қарай аштықты тоқтатуды мақсат етіп қойған БҰҰ-ның тұрақты даму бағдарламасындағы негізгі тармақтардың бірі болып табылады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

29 мамыр 2018, 16:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.