Атырау, 26 қараша 05:51
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Көршіге қарап, көлігімізді түзерміз?

Сурет Бейнежазба
4 295 просмотра


Жақында көрші Ақтөбеде өз шаруасымен болған «АЖ» тілшісі сол жердегі қоғамдық көлік жұмысына назар аударып, келген соң атыраулық тасымалмен 10 айырмашылығын санамалап берді.


1. Көрші облыс орталығында жол ақысы - 55 теңге. Ал бізде – 80 теңге. 

2. Ақтөбеде мектеп оқушылары жыл бойы жолақының жартысынан аз бөлігін төлейді (25 теңге). Атырауда оқушылар сабақ уақытында ғана тегін жүреді, ал каникул кезінде (қзақ жазғы және үш қысқа тоқсанаралық демалыс) толық төлейді. Зейнеткерлер Ақтөбеде толық бағасын төлейді, алайда зейнетақыларына жергілікті бюджеттен 1 мың теңге үстемақы қосылады. Ал біздің еңбек ардагерлері  50% төлейді. 

3. Көршілерде орталықтағы аялдамалардың барлығында аялдаманың атауы жазулы тұр және ескі дәуірдің ескерткіші сияқты қандай автобустың қай бағытқа жүретіні туралы кесте ілінген. Атырауда аялдамалар жанында электрон таблолар бар, бірақ жұмыс жасамайды. 

4. Ақтөбе жолаушылары автобусынның аялдамаға қай уақытта келетіні туралы телефондағы «AktobeBus» қосымшасы арқылы онлайн қарап отырады. Бізде мұндай қызмет жоқ. 

 



5. Көршілерде автобустар вокзал және базардан басқа аялдамаларда ұзақ тұрмайды. Ал мұнда кісі жинап 5 минуттан артық уақыт тұрып қалатын кездер болады.

6. Ақтөбеде қала ішінде 500-ге жуық автобус 52 бағыт бойынша тасымалдайды, ал бізде
37 бағыт бойынша 380 автобус жүреді.

7. Ақтөбеде 3 бағытқа «ГАЗель» шағын автобустары жүрсе, Атырауда 37 бағыттың 13-інде «ГАЗельдермен» тасымалдайды.

8. Ақтөбеде 2 тасымалдаушы мекеме бар, оның бірі жергілікті бюджеттен қаржыландырылады. Атырауда 6 тасымалдаушы, дотация жоқ, алайда жаңа автобус алуға қаржылай көмектесеміз деген еді.  дың автобустарына мінсең қабырғаға ілінген «осторожно карманники» және өзге де медициналық жарнамаларды оқып тұрасың. Ақтөбенің автобустарында тарихи тұлғалардың өмір жолымен танысып қанатты сөздерін оқып тұрасың.

9. Күн батқаннан кейін Ақтөбенің үлкен автобустарында номері мен маршруттары жанатын кестелермен жабдықталған, ал Атырауда қараңғы түссе автобус жүрмейді.

10. Ақтөбенің автобустарында жолаушылардың кондутордан билет талап ету керектігі ескертілген кестелер тұр және бұл жүйе жұмыс істеп тұр. Ал Атырауда жолаушыларға билет бермейді.

Осы айырмашылықтардан Ақтөбеде қоғамдық көлік біраз жақсы ұйымдастырылғанын көреміз. Мүмкін қазір ұмытыла бастаған «2017-2022 жылдарға арналған Атырау қаласының қоғамдық көлігін дамыту тұжырымдамасы» жүзеге асқаннан кейін теңесерміз. Мүмкін құны қымбат, таңғажайып тұжырымдамаларсыз-ақ, шағын қаламызда көршілердей қарапайым тәртіп енгізсек, түзелер ме еді?

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттер мен видеоны түсірген автор

27 мамыр 2018, 15:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.