Атырау, 2 маусым 13:40
 дождьВ Атырау +15.1
$ 488.96
€ 569.49
₽ 6.81

Басқа жаңалықтар

Аудан орталығына Құрманғазының аты берілді Басқа жаңалықтар

Аудан орталығына Құрманғазының аты берілді

Атырау облыстық әділет департаментінде Құрманғазы ауданының әкімшілік орталығы – Ганюшкино ауылының жаңа атауы реми тіркелді. Енді бұл ауыл Құрманғазы деп аталады. Сәйкесінше Ганюшкино ауылдық округы Құрманғазы ауылдық округы болады. 28 сәуір 2018, 15:29 10 117 рет қаралды
Шатыр жиегінде Басқа жаңалықтар

Шатыр жиегінде

Атыраудағы осы шағын шаруашылық-тұрмыстық жанжал «Құлагер Жайық» ЖК үйінің ортақ чатынан тысқары шығып кетті. Оған қатысушылардың бірі жұртшылық алдында өз-өзіне қол жұмсаймын деп қоқан-лоққы көрсетіп, айыптау хатын әлеуметтік желіге таратып жіберген еді. Сурет Бейнежазба 28 сәуір 2018, 15:44 4 165 рет қаралды
«AСA» ісі: Екінші жапа шегуші - «ақ үй» Басқа жаңалықтар

«AСA» ісі: Екінші жапа шегуші - «ақ үй»

№2 Атырау қалалық сотында аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленді деп айыпталған «АтырауСуАрнасы» КМК бұрынғы директоры Андрей ТАШЛЫКОВ пен осы кәсіпорынның бөлім бастығы Гүлмира ОЖЫРАЕВАҒА қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі жалғасуда. 27 сәуір 2018, 15:47 7 336 рет қаралды
Тергеушінің ізімен... Басқа жаңалықтар

Тергеушінің ізімен...

Екі жыл бұрын Атырау ІІБ полициясының лейтенанты Манарбек ӨТЕУОВ Өзбекстан азаматын айуандықпен өлтіргені үшін 22 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ал 2016 жылдың желтоқсан айында Ішкі істер бөлімінің 9 полицейі әртүрлі мерзімге сотталды, олардың заңсыз әрекеттері туралы Өтеуов өзінің атышулы хатында айтылған еді. Биылғы жылдың 27 ақпанында №2 Атырау қалалық  соты Өтеуовтің сол хатында айтылған тағы бір құқық қорғау органының қызметкеріне үкім шығарды. 26 сәуір 2018, 15:12 6 303 рет қаралды
Велошеру – көлік жүргізушілер үшін емес Басқа жаңалықтар

Велошеру – көлік жүргізушілер үшін емес

30 сәуірде Атырауда қайырымдылық велошеруі жоспарланған, сондықтан сағат 10-нан 13-ке дейін бірнеше көшеде көлік қозғалысы тоқтатылады. Жалпы қашықтық ұзындығы шамамен 9 км деп белгіленген. 25 сәуір 2018, 11:38 3 089 рет қаралды
Тар жол, балшық кешу Басқа жаңалықтар

Тар жол, балшық кешу

Қызылқоға ауданының тұрғындары көптеген жылдар бойы жол азабын тартып келеді. Грейдермен тегістелген қара жол жауын болса, өткізбес өткелге айналады. Редакцияның «Нива» көлігі балшыққа шыға алмастай батқаннан кейін «АЖ» тілшісі мен жүргізуші сүйреп шығаратын көмек іздеп, суық өткір желмен алысып, 15 шақырым жаяу жүрді... Сурет 25 сәуір 2018, 09:54 8 735 рет қаралды
Ноғайтының әлегі Басқа жаңалықтар

Ноғайтының әлегі

Қызылқоға ауданы Сағыз ауылын Ноғайты өзені бөліп жатыр. Көктемгі өр суы келген кезде ауыл арасында қатынас қиындайды. Бұдан бірнеше жыл бұрын демеушілікпен жаяу жүргінші көпірі салынған. Алайда жағалауға су шығып кетіп, тұрақты пайдалану мүмкін болмай отыр. Ал көлікке арналған көпір тұрғындар үшін  армандай болған.  Сурет Бейнежазба 24 сәуір 2018, 09:36 6 509 рет қаралды
«АСА» ісі: Сараптамамен келіспейді Басқа жаңалықтар

«АСА» ісі: Сараптамамен келіспейді

23 сәуірде Атырау қалалық №2 сотында аса ірі мөлшерде өзіне сеніп тапсырған мүлікті иемденді деп айып тағылған «АтырауСуАрнасы» КМК бұрынғы басшысы Андрей ТАШЛЫКОВ пен бөлім бастығы Гүлмира ОЖЫРАЕВАҒА қатысты сот процесі жалғасты. Толықтырылды 23 сәуір 2018, 16:41 3 698 рет қаралды
Бірін бірі толтырған Басқа жаңалықтар

Бірін бірі толтырған

Атыраулық есту қабілеті бойынша мүгедектерге мамандық пен жұмыс табу қиын. Өйткені жергілікті оқу орындарында мылқау адамдарға арналған сурдоаударма арқылы өтетін курстар жоқ. Солардың бірі – 37 жастағы Атырау тұрғыны Қанат ИМАНҒАЗИЕВ. Ол – мылқау, біз онымен 13 жастағы ұлы арқылы сөйлестік. Сурет Бейнежазба 22 сәуір 2018, 20:30 4 760 рет қаралды
Көкөністен зиянкес тапты Басқа жаңалықтар

Көкөністен зиянкес тапты

Қалалық аумақтық фитосанитариялық бақылау иснпекциясының қызметкерлері Атыраудағы «Дина» көтерме базарында сату үшін Өзбекстаннан әкелінген орамжапырақ партиясынан көкөністер мен жемістерді зақымдаған карантинді зиянкесті – батыс гүл трипсінің дернәсілдерін анықтады. 20 сәуір 2018, 17:08 2 799 рет қаралды
Ауылдарда дәрі-дәрмек тапшы Басқа жаңалықтар

Ауылдарда дәрі-дәрмек тапшы

Атырау облысында 2018 жылдың бірінші тоқсанында нәресте өлімі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 21,1 пайызға, қатерлі ісіктен болатын өлім 2,4 пайызға артқан. Облыстың денсаулық сақтау саласының биылғы жылғы бюджеті 26,6 млрд теңгені құраған.  Бұл туралы брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк АЙМҰРЗИЕВА мәлімдеді. 20 сәуір 2018, 12:16 3 837 рет қаралды
«Шамшырақ» қалай өшті? Басқа жаңалықтар

«Шамшырақ» қалай өшті?

№13 «Шамшырақ» балабақшасының кешені бұзылатын болды. Біздің газетіміз «АтырауБалық» АҚ-ның ведомстволық мектепке дейінгі мекемесінің мүшкіл халі туралы әлденеше рет жазған еді. Жайық жанындағы ағаштар арасында орналасқан осы жайлы бақшаға бір кездері 280 бала баратын... Сурет Бейнежазба 18 сәуір 2018, 16:58 6 028 рет қаралды
Алты қабат ақ үй салынады Басқа жаңалықтар

Алты қабат ақ үй салынады

Облыстық әкімдіктің артқы жағындағы жалғама - «Атырау» мәдениет орталығын бұзу жоспарланған. Осы жерге 6 қабатты ғимарат салынып, онда облыстық әкімдік мен мәслихат орналасатын болады. Қазір тендер жарияланды, құрылыс мерзімі - 25 ай. 17 сәуір 2018, 17:37 5 596 рет қаралды
Періштелер вокзалы ма? Басқа жаңалықтар

Періштелер вокзалы ма?

Қандағаш – Мақат магистралдық темір жол желісінде орналасқан Сағыз станциясының вокзалында билет кассасынан басқа еш инфрақұрылым жоқ.  Ал бұл жерден «Атырау-Алматы», «Атырау-Ақтау», «Маңғышлақ-Ақтөбе», «Маңғышлақ-Астана» жолаушылар және түрлі жүк поездары өтеді. Сурет Бейнежазба 18 сәуір 2018, 09:28 10 543 рет қаралды