Атырау, 26 қараша 05:44
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Күйсіз үй, қолжетпес жер

Сурет Бейнежазба
5 309 просмотра


Қызылқоға ауданының 7,5 мың адам тұратын Сағыз ауылында баспана мәселесі өткір күйінде тұр. Мысалы, алды салынғанына 80 жыл болған 16 пәтерлік 6 үй күрделі жөндеуге, болмаса күреп тастауға сұранып тұр.  

Бейбарыс көшесінде орналасқан №53 үй 1939 жылы салынған. Бастапқыда мекеме орындары болған, кейін тұрғындарға баспана етіп берілген бұл ғимараттың әбден тозығы жеткен. Мұнда канализация жүйесі жоқ, сондықтан әжетхана тыста, ал суды шелектеп тасып ішіп отыр.

- Мен бұл үйдің екінші қатарында тұрғаныма 1986 жылдан бері болды. Бұдан екі жыл бұрын үйдің шатырын ауыстырған. Бірақ бәрібір су үйге ағады. Әкімдік «үй жекеменшік, өздерің жасап алыңдар» дейді. Ал мына баспананы күреп тастамаса, жөндеуге келмейді. Бір күні бала-шағамен астында қалып қоямыз ба деп зәре жоқ,-дейді Бижамал ЖАМБОЗОВА.

1945 жылы салынған үйде тұрып жатқан Сәния САҒЫНДЫҚОВА қызыл кірпіштен тұрғызылған баспанасын әлі де мықты дейді:

- Мені су мен әжетхананың болмауы қинайды. Жалғызбасты болғандықтан мен үшін бәрі қиынға соғып тұр. Талай рет әкімдікке жөндеу жөнінде көмек сұрап бардық, шығып жатқан нәтиже жоқ.

Сағыз округі әкімінің орынбасары Нұралы АБИШАННЫҢ айтуынша, ауыл бойынша баспана үшін жер сұрап арыз бергендердің саны 700 адамға, ал үй кезегінде тұрғандар 35-ке дейін жеткен. Негізі ауылдағы тозығы жеткен, ескі екі қабатты үйлерді зерделеу жұмысымен аудандық ТКШ бөлімі айналысып жатыр екен. 2016 жылы қызметтік және үй кезегінде тұрғандарға екі пәтерлік 8 үй пайдаланылуға берілген.   Бұған қоса алдағы уақытта ауылдан үй салып, кезек санын азайту мақсатында ұсыныстар берілген. Бірақ бәрі қаржыға тіреліп тұр.


Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

Суреттерді түсірген автор

14 мамыр 2018, 09:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.