Атырау, 26 қараша 05:38
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Алдын ала төлем жойылды

2 931 просмотра


2002 жылдан бастап (ақпанда облыс әкімі болып  мемлекеттік емес «Атырау Жарық» мүддесіне қатаң ықпал еткен Аслан Мүсин тағайындалғаннан кейін) аймақтағы барлық кәсіпкерлік субъектілерін электр энергиясы үшін 100% алдын ала төлем төлеуге мәжбүрледі. Ал арада 16 жыл өткеннен кейін, ағымдағы жылдың 15 мамырынан бастап бұл заңсыз шарт жойылды.

Бұл жергілікті Кәсіпкерлер палатасының, Табиғи монополияларды реттеу департаментінің және Атырау қалалық прокуратурасының бірлескен күш-жігерінің арқасында мүмкін болды.

Бұл көптен бері келе жатқан хикая, бизнесмендер энергішілер тарапынан алдын ала 100% төлем талабының заңсыз екені туралы мәселені әлденеше рет көтерді. Өйткені, ҚР Азаматтық кодексінің 488-бабының 1-тармағына сәйкес, есептегіш аспаптың көрсеткіштеріне сәйкес анықталатын абоненттің нақты тұтынған энергия мөлшеріне ақы төленеді. Алғашқы нәтиже 2014 жылдың қараша айында пайда болған еді, онда Палата мен «Атырау Энергосату» ЖШС шағын бизнес субъектілері үшін алдын ала ақы төлеуді жою туралы меморандумға қол қойды.

Биылғы жылдың 15 мамырынан бастап бизнестің шағын, орта және ірі субъектілерінің барлығы алдын-ала төлем төлеуден босатылады. Енді олардың барлығы есеп айырысудан кейінгі айда нақты тұтынылған электр энергиясы үшін төлейді.

- Алдын-ала төлем жүргізу Электр энергиясын жеткізу туралы шарттың міндетті шарты ретінде 2002 жылдан бастап қолданысқа енгізілді. Бұл қосымша қаржылық салмақ тудырып, бизнестің дамуына кері әсерін тигізді, - деді облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Абдолла ИДРЕСОВ. - Көп жағдайда адамдарға осы мақсат үшін несиелер алуға тура келді. 2014 жылы біз шағын бизнес субъектілері  үшін, ал қазір қалған басқа кәсіпкерлер үшін, алдын-ала төлемді жоюға қол жеткіздік.

«Атырау Энергосату» ЖШС директорының орынбасары Тұрлан ДОШАТОВ былай деп растайды:

- Атырау облыстық Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің 2018 жылғы 25 сәуіріндегі хабарландыруының негізінде, барлық кәсіпкерлік субъектілері электр энергиясы үшін алдын-ала 100% төлем төлеуге қажеттілігінен босатылды.

Бірақ бұл оңай емес. Дошатовтың  айтуынша, олардың өздері өндірушілерден (Атырау ЖЭО-нан, сондай-ақ, Ресей мен Маңғыстау облысынан) электр энергиясын 100% алдын ала төлеу шарттарымен сатып алады екен. Енді «Атырау Энергосату» өздерінің серіктес  жеткізушілеріне келісімшарттарды қайта қарау қажеттілігі туралы хат жолдауды жоспарлап отыр.

Әрине, енді энергішілерге жұмыстануға тура келеді.  Олар кәсіпкерлерге, тіпті, аз/артық тұтынғаны үшін айыппұл салып, жаңа және жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінен желіге қосылу үшін ақылға қонымсыз техникалық шарттарды орындауды талап еткен заман келмеске кетті. 

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

20 мамыр 2018, 10:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.