Атырау, 26 қараша 05:40
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Масаларды зеңбірекпен атқылайды

2 121 просмотра


Мамырдың ыстық күндері мен бірнеше күннен бері соғып тұрған теңіз желі Атырауда масалардың ерте пайда болуына себеп болды. Тендер жеңімпазы болған «AG Disinfection» ЖШС мониторинг өткізді. Нұрсая ықшамауданы, Элеваторный мен Огородная көшелері - 80%, АМӨЗ маңы бұл жәндіктерден ең көп зардап шеккен екен.

Энтомолог Айнагүл ДӘУЛЕТЬЯРОВАНЫҢ айтуынша, қазіргі уақытта оларда зиянкестермен күресу бригадаларының саны 4-уден 6-ға дейін көбейген. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімімен жасалған келісім бойынша олар облыс орталығының аумағын сәуір айынан қарашаға дейін айына бір рет толығымен қамтып отыруға міндетті.

Қала маңындағы Балауса, Ракуша, Еркінқала және Тасқала ауылдарына қансорғыштарды құрту үшін пестициді бар арнайы «зеңбірек» - ыстық тұман шығаратын агрегат жіберіледі.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

15 мамыр 2018, 12:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.