Биыл Атырауда масалармен күресуге мемлекеттік тапсырыстың басым бөлігі «AG Dezinfection» ЖШС-нің еншісіне тиді. Наурыз айының соңында қалалық әкімдік онымен 114,8 млн теңге келісімшарт жасады. Бұл соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіш болып табылады.
Қала әкімінің орынбасары Нұрлан ТАУБАЕВТЫҢ айтуынша, аталмыш фирма тендердің 14 лотының 12-сін ұтып алған. Ал қалған екеуі бойынша Атырау облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаментіне шағым берген.
«AG Disinfection» энтомологы Айнагүл ДӘУЛЕТЬЯРОВАНЫҢ айтуынша, конкурстың мәрелік кезеңіне Атыраудан, Ақтөбе мен Қызылордадан үш компания қатысқан. Тапсырыс беруші әлеуетті мердігерлерге қойылатын талаптар ауқымын кеңейтті. Жабдықтар саны бір мезгілде өңдеуді кеңінен қамту үшін жеткілікті болуы тиіс. Нәтижесінде лоттардың көпшілігін жергілікті компания ұтып алды, ал ақтөбелік «Горизонт» ЖШС-не жүктелген су тоғандары мен теңіз маңындағы аумақтарды өңдеу талқыға салынады.
4 сәуірде 5 бригада Привокзальный тұрғын үй массивіндегі жертөлелерді дәрілеуге кірісіп кетті, содан кейін Азаттық даңғылы мен Жилгородок өңделеді. Дәулетьярованың айтуынша, су тасқыны кезінде Жайықтың жоғарғы жағында орналасқан ресейлік су қоймаларынан әдетте Атырауға масалардың дернәсілдері қаптап келеді. Бұған өткен жылы Оралдағы су тасқыны кезінде шіркейлер мен масалардың жаппай көбейгені дәлел болады.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ