Атырау, 19 тамыз 16:24
Кешке ашық+23, түнде +19
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 360.87  € 410.27  P 5.40

ҰБТ аудандарда

15 мамыр 10:04


Маусым айының 20-сы мен 1 шілде аралығында бірнеше ағын Ұлттық бірыңғай тестілеу өтеді. Осы және мектеп түлектерінің емтихандар мен ҰБТ кезіндегі жалпы ережелері туралы жақында оқырмандарымызға Ұлттық тестілеу орталығының Атырау филиалы басшысы Айнагүл ДҮЙСЕКЕНОВА әңгімелеген болатын. «АЖ» тілшісі аудандардағы осы сынақтың ұйымдастырылу барысымен танысты.

Жылыой ауданы. Ауданда мектеп бітіруші 839 оқушының 683-і ҰБТ-ға қатысуға өтініш берген. Бұл - 81,4%. Тест Құлсары қаласындағы М. Сатыбалдиев атындағы орта мектеп базасында  өтеді. Тестілеу өткізуге 11 аудитория бөлінген, оның 2-уі резерв. Барлық аудиторияға ауа алмастырғыш, ұялы телефонның дыбысын тұншықтыру құралы, бейнежазу камерасы басқару құралы орнатылған. Ата-аналар үшін мектеп ауласына күркелер орнату, орындықтар, сусындар сатуды ұйымдастыру да ойластырылған.

Индер ауданы. Жалпы білім беретін 14 орта мектепті биыл  294 оқушы бітіргелі отыр. Соның 190-ы тестілеуге қатынаспақшы. Ш. Уәлиханов, М. Мөңкеұлы мектеп оқушылары ҰБТ-ге түгел қатысуға ниет білдірген. Аудан мектептері бойынша 11 оқушы «Алтын белгіге» үміткер. Тестілеу орталығы Индербордағы Ш. Уәлиханов орта мектебінде ұйымдастырылған

Құрманғазы ауданы. Ұлттық бірыңғай тест аудан орталығы – Құрманғазы ауылындағы Абай орта мектебінде өтеді. Биыл аудан бойынша 574 оқушы мектеп бітірмекші болса, соның  327-сі тестілеуге қатыспақ. Оқушылардың көпшілігі алыс елді мекендерден болғандықтан бір күн бұрын келіп, З. Серікқалиұлы атындағы мектеп-интернатқа орналастырылады, бұған жиырмадай автокөлік бөлініп отыр. Ал ҰБТ өтетін орынды жабдықтауға бюджеттен 3 млн теңге бөлінген.

Махамбет ауданы. Ауданда мектеп бітіретін 228 баланың 171-і ҰБТ-ға қатысуға тілек білдірген. 9 оқушы «алтын» белгіге, 2-уі үздік аттестат үміткер. Тестілеу бекеті Махамбет ауылындағы Ағелеуов орта мектебінде орналасқан.  Шалғай Алға, Қосарал, Есбол, Қызыл үй мектептерінің түлектері бір күн бұрын аудан орталығына келіп, «Арай» лагеріне орналасуы тиіс.

Мақат ауданы. Мектеп бітірушілердің жалпы саны 249 болса, 172-сі  ұлттық тестілеуге қатыспақшы.  ҰБТ Доссордағы Б. Қанатбаев атындағы орта мектепте өтеді. Тестілеу бекетінде металл іздегіштер, бейнекамералар орнатылған.

Қызылқоға ауданы. Биыл мектепті 377 оқушы бітіреді, осылардың 230-ы ҰБТ тапсыруға ниет білдірді. Аудан бойынша 10 «Алтын белгіге» үміткер бар. Аудан бойынша тестілеу бекеті Миялы ауылындағы Х. Досмұхамедов атындағы мектепте орналасқан. Бүгінде барлық жабдықтар орнатылып, мектеп ҰБТ қабылдауға дайын.

Исатай ауданы. Аудандағы 10 мектептен биыл 256 оқушы 11-сыныпты аяқтайды. Осылардың 190-ы ҰБТ тапсырады. ҰБТ өткізу бекеті аудан орталығы – Аққыстау ауылындағы Абай Құнанбайұлы атындағы орта мектеп базасында орналасқан. Орталықтан алыс орналасқан Исатай, Нарын, Зинеден ауылдары мектептерінің түлектерін бір күн бұрын осында әкеледі.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

821 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

​Қазақстанда ҰБТ басталды  244 рет қаралды

Қорытынды емтихандар мен ҰБТ туралы  829 рет қаралды

ҰБТ-ны қайта тапсыру басталды – қорытындысын қайдан білуге болады  63 рет қаралды

​Сағадиев ҰБТ-ның болашақта қалай өзгеруі мүмкін екенін айтты  92 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6