Атырау, 26 қараша 05:27
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қытайдан келген қазақ жастары-4. Әкім нүкте қойды

Сурет Бейнежазба
4 111 просмотра


Атырау мұнай және газ университетінде оқитын Қытайдан келген этникалық қазақ студенттерге оқу ақысын төлеу кезінде меценаттардың көмегімен 25% жеңілдік ұсынылды. Бұл жеңілдік үш жыл бұрын университетке түсу кезінде уәде етілген болатын, бірақ кейін бұдан бас тартты. Осы және басқа да мәселелер сенбі, 19 мамырда облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың студенттер мен оқытушылардың кездесуі барысында қызу талқыланып, шешімін тапты.

Естеріңізге салсақ, 15 мамырда АтМжГУ 3-курсының студенті Айдынгүл Өмірбек ҮЕҰ өкілдерімен болған ашық кездесуді пайдаланып, әкімге Аспан асты елінен келген жастардың проблемаларын тікелей айтқан еді.

Қазіргі уақытта университетте 3 795 студент оқиды, оның ішінде 57-сі - көршілес шығыс державасынан келгендер. Олардың алтауы грант бойынша оқиды, қалғандары жыл сайын 347 мың теңге төлейді. Яғни, осыншама дау-жанжал тудырған жеңілдік  - шамамен 87 мың, ал 51 студент үшін жалпы сомасы - 4,5 млн-ға жуық. Әкім бұл студенттерге материалдық жағынан көмектесетін жандар табылғанын айтты. Кездесу барысында олардың 39-ының ақшалай қарызы – емтихандар бойынша «кредиттері» бар екені анықталды. Ұзақ талқылаудан кейін бұл мәселе де шешілді.

- Сіздердің барлық шағымдарыңызды тыңдап, проблемаларды шешуге көмектестік, бірақ университет оқытушылары мен басшылығының да тұрмыс тәртібі, оқуға қатысты сіздерге қояр талаптары бар. Мәселе одан әрі бұлай болмайды. Сіздер үнемі басқа жақтан келгендеріңізді, кириллицаны дұрыс білмейтіндігіңізді айтасыздар. Мен де бір кездері сіздер сияқты мұнайшы мамандығын оқыдым. Бұл Мәскеудегі жоғары оқу орны болатын. Орыс тіліне өте нашар болдым, алдымен бір жылдық дайыдық бөлімінде оқыдым, түнгі уақытта қосымша үйренетінмін, бос уақытымда көкөніс базасында қосымша жұмыс істедім, бар болғаны 4-5 сағат ұйықтайтынмын. Мені оқудан шығарып жібереді, сосын үйге қайтуым керек болады, адамдар: «Асқардың ұлы оқи алмапты ғой» деп, айтады деп қорықтым. Қазақстанға келгендеріңізге үш жыл болды, басқа студенттер сияқты өзіңіз үшін жауап беретін уақыт келді ғой, - деп әкім сөзін түйіндеді. Айтпақшы, келген жастардың басым бөлігі ҚР азаматтығын алып, атамекендерінде қалып, еңбек еткілері келеді.



Айнұр САПАРОВА

Суретті және бейнежазбаны түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

20 мамыр 2018, 12:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.