Атырау облысы Жылыой ауданында жыл басынан бері тоғыз адам өзіне-өзі қол жұмсаған. Құлсары қаласында 9, 10, 11 сынып оқитын үш оқушы жас өмірлерін қиған.
- Арттарында ешқандай хат қалдырмаған. Кейін суицид себептерін зерделеп қарағанымызда үш оқушы да толыққанды отбасында тәрбиеленген, әлеуметтік жағдайлары жақсы болған. Өлімге итермелейтіндей ешқандай себеп көрінбейді, мектеп шарасына қатысып, өздерін жақсы көтеріңкі көңіл күйде ұстаған,- дейді аудандық білім бөлімі бастығының орынбасары Гүлжансара ҚАЛИЕВА. - Ауданда барлық мектепте штаттық психолог жұмыс жасайды. Олар балалармен жеке жұмыстар жүргізіп, сауалнамалар ұйымдастырады. Психологтардың жеке кабинеттері болғандықтан жұмыс жасауға мүмкіндік толық жетеді. Оқушылармен жұмысты әлі де болса арттыру керек.
Жергілікті тұрғындар бұдан он жылдан астам бұрын аудандағы бір ауылда осындай суицид күрт көбейгенін еске алып жатыр. Онда да өлімге итермелейтіндей себеп анықталмаған.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА