18 мамырда Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде кезекті «Музей түні» өтті. Осындай атпен халықаралық мәдениет шарасы көптеген елдерде ұйымдастырылады.
Қала тұрғындары музей экспонаттарымен бірге облысқа белгілі қылқалам шеберлерінің қолынан портреттерін салдыруға мүмкіндік алды. Мұнда кесте тоқу өнерімен әлем деңгейіне танылған, көркем бізкесте шебері Зейнелхан МҰХАМЕДЖАННЫҢ шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Оған 20-ға жуық атыраулықтар қатысып, бізкесте тоқудың сырлары жайында тәжірибе алмасты.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Сурет және бейнежазбаны түсірген автор