Атырау, 17 желтоқсан 06:37
 ашықВ Атырау -7
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

26 мамырда жағалаудағы қоқыс жиналады

2 717 рет қаралды


Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Атырау облысында 1-31 мамыр аралығында «Таза су қоймалары» дәстүрлі акциясы өткізіледі. Мақсат -Жайық өзенінің жағалау белдеуін қоқыстан тазарту. Бірнеше сенбілік өткізіліп, 50 тоннадан астам қоқыс жиналды.

Ағымдағы жылдың 26 мамырына қаладан 9 км қашықтықта орналасқан «Бугорки» саяжай учаскелері маңында тағы бір сенбілік жоспарланған. Сенбілікке еріктілерді, қоғамдық ұйымдарды тартатын облыстық әкімдіктің ішкі саясат басқармасының Азаматтық орталығы қатысады. Осы науқанға қатысқысы келетіндер 297-297 телефоны арқылы бізге хабарласа алады. Сенбі күні таңертең Махамбет және Исатай алаңына (Қазкомның қарама-қарсы) жиналады. Автобус сағат 8.50-де жүреді.

Нұрлыбек ӘШЕНОВ, Атырау орман және жануарлар дүниесі инспекциясының бөлім басшысы

24 мамыр 2018, 14:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.