Атырау, 26 қараша 04:46
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Резонанс: Жағажайдан наз кетті - 2

2 580 просмотра


Бүгінгі таңда Атырау қаласында 6 жағажайдың құқық растаушы құжаттары әзірленіп, «Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы» ММ теңгеріміне бекітілген:

1. Дене шынықтыру-сауықтыру кешені аумағындағы жағажай (1,073 га) – 2017 жылы 14 наурызда тендер өткізіліп, 24 наурызда №1 сенімгерлік басқару шарты негізінде «Сарсекен» ЖК-не кейіннен сатып алу құқығынсыз 2022 жылдың 24 наурызына дейін сенімгерлік басқаруға берілді.

2. Тұрғын үй қалашығы аумағындағы жағажай (0,36 га) - 2017 жылы 14 наурызда тендер өткізіліп, 24 наурызда №2 сенімгерлік басқару шарты негізінде «Мустафин» ЖК-не кейіннен сатып алу құқығынсыз 2022 жылдың 24 наурызына дейін сенімгерлік басқаруға берілді.

3. Мечников өткелі аумағындағы жағажай (0,8 га) - 2017 жылы 5 қыркүйекте тендер өткізіліп, 12 қыркүйекте №4 сенімгерлік басқару шарты негізінде «Бейсенов Н.М.» ЖК-не кейіннен сатып алу құқығынсыз 2022 жылдың 12 қыркүйегіне дейін сенімгерлік басқаруға берілді.

Сенімгерлік басқарушыға қойылатын шарттар:

- объектіні мақсатына сай пайдалану;

- жағажайларды киініп-шешінетін орындармен, қоқыс төгетін жәшіктермен, биотуалеттермен жабдықтау;

- санитарлық, эпидемиологиялық, техникалық ережелерді қатаң сақтау және өртке қарсы шаралардың алдын алу;

-суда құтқару құралдарымен жабдықтау және медициналық қызметпен, моторлы қайықпен және дауыс ұлғайтқышы бар бақылаушымен қамтамасыз ету;

- жағажайлық суда жүзу арақашықтықтығын сақтау (жүзе шекарасын белгілеу);

- суға түсу орындарын өткір заттардан, тұрмыстық қоқыстардан тазалауды қамтамасыз ету, жағалауға құм төгу, құмның бетін аптасына бір рет механикалық қопсыту;

- арнайы құтқарушы қызметкерлермен қамтамасыз ету; оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында ақпараттық баннерлер мен стендтер ілу, суға түсуге тыйым салынған жерлерге белгілер орнату;

- объектінің қызметін жақсарту жөнінде ұсыныс (инвестиция салу) және т.б.

4. Мұнайшы шағын ауданы аумағындағы жағажай (0,54 га);

5. Қ. Мәмекұлы көшесі аумағындағы жағажай (0,6 га);

6. Балықшыдағы жағажай (0,55 га) бойынша 2018 жылы 17 мамырда www.gosreestr.kz  веб-порталында сенімгерлікпен басқаруға тендер жарияланды, тендер 2018 жылдың 5 маусымында ойналады.

Сонымен қатар, аталған жағажайлар сенімгерлік басқаруға берілгендіктен оларды күтіп ұстауға жергілікті бюджеттен қаражат қарастырылмайтындығын атап өткен жөн. 

Атырау қалалық қаржы бөлімінің басшысы Ш. Арыстанов

30 мамыр 2018, 12:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.