Атырау, 13 қараша 20:38
 дождьВ Атырау +7.2
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36

Қазақстанда

Сейітқазы Матаевты қамау мерзімі бір айға ұзартылды Қазақстанда

Сейітқазы Матаевты қамау мерзімі бір айға ұзартылды

Алматының Медеу аудандық соты Қазақстан журналистер одағының төрағасы, ұлттық баспасөз клубының жетекшісі Сейітқазы Матаевтың үйқамақта отыру мерзімін 22 шілдеге дейін ұзартты. Бұл туралы Азаттыққа қалалық соттың баспасөз хатшысы Диас Махамбетов хабарлады. 22 маусым 2016, 12:23 3 014 рет қаралды
Ақтөбедегі теракт жасаған күдіктілердің тізімінде 11-сынып оқушысы бар болып шықты Қазақстанда

Ақтөбедегі теракт жасаған күдіктілердің тізімінде 11-сынып оқушысы бар болып шықты

Ақтөбедегі теракт жасаған күдіктілердің тізімінде 11-сынып оқушысы бар болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты "Диапазонға" сілтеме жасап. Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Байнасай ауылының орта мектебінде 11-сыныпта оқитын Сағынған Сейітқали өзін Ақтөбедегі терактке қатысы бар күдіктілердің тізімінен тауып алған. Тізімді белгісіздер Интернетте 5 маусымда таратқан. Кейін тізім көлік және коммуникация колледжінде де ілініп, бұл оқу орнына түскісі келген түлек сол жерден өзін көріп қалыпты. 22 маусым 2016, 12:11 2 935 рет қаралды
Ақтауда жетінші қабаттан құлаған бала аман қалды Қазақстанда

Ақтауда жетінші қабаттан құлаған бала аман қалды

Ақтаудағы 17-ші ықшамауданда орналасқан Green Park тұрғын үй кешенінде бүлдіршін терезе алдында ойнап отырып, жетінші қабаттан құлап кеткен. Оқиға 21 маусымда кешкі уақытта болған, - деп хабарлайды "Лада". Сурет 22 маусым 2016, 10:37 2 058 рет қаралды
Ақтөбеде "Арлан" арнайы бөлімше командирінің орынбасары қамауға алынды - БАҚ Қазақстанда

Ақтөбеде "Арлан" арнайы бөлімше командирінің орынбасары қамауға алынды - БАҚ

Ақтөбеде облыстық ІІД арнайы мақсаттағы "Арлан" бөлімшесі командирінің орынбасары қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты "Диапазонға" сілтеме жасап. 22 маусым 2016, 10:14 2 190 рет қаралды
Нұрлан Нығматулин мәжіліс төрағасы қызметіне ұсынылды Қазақстанда

Нұрлан Нығматулин мәжіліс төрағасы қызметіне ұсынылды

Мәжіліс депутаты мандатын жаңа иеленген Нұрлан Нығматулин мәжіліс төрағасы қызметіне ұсынылды. Tengrinews.kz сайтының хабарлауынша, Нығматулинді төрағалыққа мәжілісте "Нұр Отан" партиясы фракциясының жиынында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған. Ұсынысты фракция депутаттары бірауыздан қолдаған,- деп хабарлайды Азаттық. 21 маусым 2016, 17:23 3 356 рет қаралды
Елбасы Жарлығымен Ж. Қасымбек ҚР Инвестициялар және даму министрі болып тағайындалды Қазақстанда

Елбасы Жарлығымен Ж. Қасымбек ҚР Инвестициялар және даму министрі болып тағайындалды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Жеңіс Қасымбек Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 21 маусым 2016, 16:57 3 878 рет қаралды
Елімізде Байланыс, ақпарат және БАҚ саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті құрылды Қазақстанда

Елімізде Байланыс, ақпарат және БАҚ саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті құрылды

Елімізде Байланыс, ақпарат және БАҚ саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті құрылды. Комитет ҚР Инвестиция және даму министрлігінің Байланыс, ақпарат және ақпараттандыру комитетінен қайта құрылып, Ақпарат және коммуникация министрлігіне өтті. Бұл туралы ҚР Инвестиция және даму министрлігінің кадр жұмыстары жөніндегі департаменттің директоры Марат Иғали хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 21 маусым 2016, 15:00 3 445 рет қаралды
Сот "Евразия+" арнасына қарсы шағымды қанағаттандырмады Қазақстанда

Сот "Евразия+" арнасына қарсы шағымды қанағаттандырмады

Алматы соты қарағандылық адвокат Нұрхан Жұмабековтің "Қазақстанның бірінші арнасы" қарайтын "Еуразия+ОРТ" компаниясына қарсы шағымын қанағаттандырудан бас тартты. Бостандық аудандық сотының судьясы Татьяна Черныш бүгін сот қаулысының қорытынды бөлігін оқыды. Сот өзі шығарған қаулыға ол жарияланған күннен бастап бір ай ішінде апеллиялық шағым түсіруге болатынын айтты,- деп хабарлады Азаттық. 21 маусым 2016, 11:34 2 169 рет қаралды
Нұрлан Нығматуллин Мәжіліс депутаты болып тағайындалды Қазақстанда

Нұрлан Нығматуллин Мәжіліс депутаты болып тағайындалды

Қазақстан Президенті әкімшілігінің басшысы Нұрлан Нығматуллин Мәжіліс депутаты болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілішсі Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап. 21 маусым 2016, 11:16 4 259 рет қаралды
Казкоммерцбанк соттан Байдалинованың жазасын жеңілдетуді сұрады Қазақстанда

Казкоммерцбанк соттан Байдалинованың жазасын жеңілдетуді сұрады

Казкоммерцбанк Алматы қалалық сотына оппозициялық Nakanune.kz сайтының редакторы Гузяль Байдалиноваға шыққан үкімді жеңілдету туралы өтініш білдірді. Алғашқы сот инстанциясы мамырда Байдалинованы Казкоммерцбанк туралы мақалаларда "көпе-көрінеу жалған ақпарат таратты" деп айыптап, бір жарым жылға соттаған,- деп хабарлады Азаттық. 21 маусым 2016, 10:47 1 705 рет қаралды
Бізде енді ауыр атлетикадан Олимпиада чемпиондары жоқ - Седов Т Қазақстанда

Бізде енді ауыр атлетикадан Олимпиада чемпиондары жоқ - Седов Т

Ауыр атлетикадан бұрынғы әлем чемпионы Владимир Седов допинг дауына басты кінәлі адам деп Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ниді атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты Vesti.kz. 21 маусым 2016, 10:39 4 105 рет қаралды
Биыл Қашағаннан 500 мың тонна мұнай өндіріледі - Қ.Бишімбаев Қазақстанда

Биыл Қашағаннан 500 мың тонна мұнай өндіріледі - Қ.Бишімбаев

Биыл Қашағаннан 500 мың тонна мұнай өндіріледі. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлім етті,- деп хабарлады Қазақпарат. 21 маусым 2016, 10:13 2 691 рет қаралды
Ильиннің 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасындағы допинг-сынамасы тыйым салынған заттың барын көрсетті Қазақстанда

Ильиннің 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасындағы допинг-сынамасы тыйым салынған заттың барын көрсетті

Қазақстандық ауыратлет Илья Ильиннің 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасында тапсырған допинг-сынамасы тыйым салынған заттың барын көрсетті. Мұны Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) растап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 21 маусым 2016, 10:09 2 025 рет қаралды
Е.Ыдырысов Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінiң мүшесi болуға қандай мүмкiндiгi барын айтты Қазақстанда

Е.Ыдырысов Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінiң мүшесi болуға қандай мүмкiндiгi барын айтты

ҚР Сыртқы iстер министрi Ерлан Ыдырысовтың пiкiрiнше, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінiң тұрақты емес мүшесi болуға зор мүмкiндiгi бар екенiн дәлелдеу керек. Бұл туралы ол халыққа есеп беру жиынында айтты, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi. 20 маусым 2016, 16:53 3 036 рет қаралды
ҰҚК Ақтөбе департаменті бастығының отставкасына комментарий бермеді Қазақстанда

ҰҚК Ақтөбе департаменті бастығының отставкасына комментарий бермеді

Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Ақтөбе облысы бойынша ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті бастығының отставкаға кеткені туралы ақпаратқа комментарий бермеді,- деп хабарлады Азаттық. 20 маусым 2016, 16:48 2 855 рет қаралды
Орталық Азияға бөтен ниетіміз жоқ - Қытайдың Қазақстандағы елшісі Қазақстанда

Орталық Азияға бөтен ниетіміз жоқ - Қытайдың Қазақстандағы елшісі

Қытай тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау үшін Орталық Азия елдерімен, оның ішінде Қазақстанмен әріптестік қарым-қатынаста, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы жыл сайынғы Орталық Азиядағы қауіпсіздік жөніндегі конференцияда ҚХР-дың Қазақстандағы елшісі Ханьхуэй Чжан хабарлады. 20 маусым 2016, 15:07 2 290 рет қаралды
К. Мәсімов Д. Медведевке Карелияда балалардың қаза болуына байланысты көңіл айтты Қазақстанда

К. Мәсімов Д. Медведевке Карелияда балалардың қаза болуына байланысты көңіл айтты

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов твиттер-аккаунтқа Карелияда балалардың қайғылы қазаға ұшырауына байланысты РФ Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведевке көңіл айтты,- деп хабарлады ҚазАқпарат. 20 маусым 2016, 10:54 1 511 рет қаралды
"Қазақалтын" шахтасында жаппай төбелес болды Қазақстанда

"Қазақалтын" шахтасында жаппай төбелес болды

Ақмола облысы Бестөбе ауылындағы шахтаның территориясында "Қазақалтын" АҚ жұмысшыларымен "Мыс-Орда" күзет агенттігінің қызметкерлерінің арасында төбелес шығып, соңы атысқа ұласқан. Оқиға 16 маусымда болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 20 маусым 2016, 09:55 3 310 рет қаралды
Б. Сағынтаев Жер реформасы жөнiндегi комиссияның бесінші отырысын қорытындылады Қазақстанда

Б. Сағынтаев Жер реформасы жөнiндегi комиссияның бесінші отырысын қорытындылады

Жер реформасына қатысты көптеген мәселе бір жүйеге келтірілді. Бұл туралы Жер реформасы жөнiндегi комиссияның Алматы облысында өткен көшпелі отырысын қорытындылаған комиссия төрағасы, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті,- деп хабарладыҚазАқпарат. 20 маусым 2016, 09:47 2 624 рет қаралды
Таразда екі адам жараланған ауданнан полиция қоршауы алынған Қазақстанда

Таразда екі адам жараланған ауданнан полиция қоршауы алынған

Таразда алтыншы шағын аудандағы көпқабатты үйден полиция қоршауы алынғаннан кейін тұрғындар қоныстарына оралды,- деп хабарлады Азаттық. Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің жергілікті баспасөз құралдарына хабарлауынша, бүгін полиция қызметкерлері жүргізген «Борышкер» жедел-алдын алу шарасы кезінде Тараздағы шағын аудандарды бірінде белгісіз біреу қарудан оқ атқан. Соның салдарынан жараланған екі адамның бірі – учаскелік полиция қызметкері деп хабарланды. 19 маусым 2016, 21:56 2 873 рет қаралды
Мектептерде бірінші сынып оқушылары үшін ешқандай тест өткізілмеуі тиіс – ҚР БҒМ Қазақстанда

Мектептерде бірінші сынып оқушылары үшін ешқандай тест өткізілмеуі тиіс – ҚР БҒМ

Бірінші сынып табалдырығын аттайтын балалар үшін мектептерде ешқандай тест өткізілмеуі тиіс. Бұл туралы ҚР БҒМ мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Жаңыл Жолтаева ОКҚ өткен баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды BNews.kz. 17 маусым 2016, 14:42 2 646 рет қаралды
Kz доменді сайттар бірер сағат кідірістен соң қайта ашылды Қазақстанда

Kz доменді сайттар бірер сағат кідірістен соң қайта ашылды

Маусымның 17-сі таңертеңнен бастап бірер сағат бойы қазақстандық көптеген сайттарға кіру қиындап, қайта ашылды,- деп хабарлады Азаттық. Kz доменіндегі сайттарға хостингтік қызмет ұсынып отырған қазақстандық "Интернет-компания PS" ЖШС-нің қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі Инесса Шлапак компанияның Facebook-тағы парақшасында «Желі құрылғыларында ақау пайда болды. Мәселені шешіп жатырмыз. Мән-жайын жұмысын қалпына келтірген соң хабарлаймыз» деп хабарлаған. 17 маусым 2016, 14:39 1 804 рет қаралды