Атырау, 18 мамыр 10:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Е.Ыдырысов Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінiң мүшесi болуға қандай мүмкiндiгi барын айтты

2 785 просмотра

ҚР Сыртқы iстер министрi Ерлан Ыдырысовтың пiкiрiнше, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінiң тұрақты емес мүшесi болуға зор мүмкiндiгi бар екенiн дәлелдеу керек. Бұл туралы ол халыққа есеп беру жиынында айтты, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.

«БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне өту үшін Қазақстан Тайландпен бақталасып тұр, кімнің мүмкiндiгi басым? Жалпы, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақсыз мүшелігі не береді?», - деген сұрақ қойды министрге кездесуге келгендердiң бiрi.

«БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне қатысты мен асығыс пікір айтпай-ақ қояйын. Біздің үмітіміз аздау. Ертең не болатынын болжамай-ақ қояйын, себебі, мен кішкене ырымға сенетін адаммын. Сондықтан, сайлауды күтеміз. Біз өз тарапымыздан белсенді жұмыс жүргізіп отырмыз. Мемлекет басшысы арнайы елшілерді тағайындаған. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше 193 елдің бәріне сапарлап баруға тырыстық. Біз БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақсыз мүшесі болу үшін 129 дауыс жинауымыз керек», - дейдi Е.Ыдырысов.

Министрдiң айтуынша, Қазақстанның арнайы елшілері бастаған делегациялар БҰҰ қауіпсіздік кеңесіне мүше мемлекеттерге барып, оларды еліміздiң саясатындағы және қауіпсіздік саласындағы басым бағыттарымен таныстырған.

«Бүгін біздің делегация Нью-Йоркке аттанды. Делегация Қазақстан туралы ақпарат беретін аптаны аяқтайды. Сондықтан, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі атану үшін Қазақстанның зор мүмкіндігі бар екенін дәлелдеу керек. Ең бастысы, бiздiң кеңестің жұмысына пайдамыз болатынын дәлелдеу қажет», - дейдi ол.

«Қауіпсіздік кеңесіне мүшелік не береді дегенге келсек, ең алдымен саяси бедел әкеледі. Өздеріңіз білесіздер, қауіпсіздік кеңесінің бес тұрақты, он тұрақсыз мүшесі бар», - дейді министр.

Айта кетейiк, биылдан бастап министрлер мен ұлттық жоғары оқу орындарының ректорлары халық алдында есеп берiп жатыр. Бүгiнге дейiн Бiлiм және ғылым, Әдiлет, Iшкi iстер, Мемлекеттiк қызмет iстерi, Энергетика министрлерi атқарылған жұмыс пен алдағы күннiң жоспарымен бөлiстi.

Дереккөз: Вnews.kz

20 маусым 2016, 16:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.