Атырау, 18 мамыр 09:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Казкоммерцбанк соттан Байдалинованың жазасын жеңілдетуді сұрады

1 502 просмотра

Фото: Аzattyq.org Казкоммерцбанк Алматы қалалық сотына оппозициялық Nakanune.kz сайтының редакторы Гузяль Байдалиноваға шыққан үкімді жеңілдету туралы өтініш білдірді. Алғашқы сот инстанциясы мамырда Байдалинованы Казкоммерцбанк туралы мақалаларда "көпе-көрінеу жалған ақпарат таратты" деп айыптап, бір жарым жылға соттаған,- деп хабарлады Азаттық.

Банк баспасөз қызметінің хабарлауынша, Казкоммерцбанк апелляциялық алқада Байдалиноваға бас бостандығынан айырмайтындай жаза тағайындауды сұрайды.

Банк сонымен қатар Байдалиновамен бітім келіссөзін жасасуды сұрайды. Ол бойынша, моральдық шығын ретінде талап етілген 20 миллион теңгені 100 мың теңгеге дейін азайтылған.

Байдалинованың адвокаты Инесса Кисилева Азаттыққа комментариінде Байдалинова мен Казкоммерцбанк арасындағы бейбіт келісімді 16 маусымда Алматының Медеу аудандық соты бекіткенін айтты. Келісім шарты бойынша, Байдалинова 100 мың теңгені Казкоммерцбанктің іскерлік беделіне келтірілген шығынды өтеу үшін" төлеуі тиіс екені айтылады. Кисилева банк "журналистің материалдық жағдайы мен созылмалы сырқатпен ауыратынын ескеріп" оның 19 миллион 900 мың теңге қарызын кешіретінін айтады. Адвокаттың сөзінше, тараптар атқару өндірісі аяқталды деп санайды және бір-біріне талап-арызы жоқ. Кисилеваның айтуынша, Алматы қалалық сотының апелляциялық алқасы қарауында жатқан қылмыстық іске бейбіт келісімнің қатысы жоқ.

Nakanune.kz сайтының иесі және редакторы 48 жастағы Гузяль Байдалинова былтыр желтоқсанда Алматыда қамауға алынған. Мамырдың 23 күні Алматының Алмалы аудандық соты Байдалинованы оппозициялық «Республика» және Nakanune.kz сайттарында «Казкоммерцбанкке қарсы тапсырыс бойынша жарияланған мақалаларда көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін» айыпты деп тауып, журналиске бір жарым жыл түрме жазасын кескен.

Байдалинова өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын және үкімге қарсы шағым беретінін мәлімдеген. Оның жақтастары билік журналисті Казкоммерцбанк туралы мақалаларға бола емес, он бес жылдан астам уақыт оппозициялық басылымда жұмыс істеп келе жатқаны үшін жазалады деп санайды.

Дереккөз: Аzattyq.org

21 маусым 2016, 10:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.