Атырау, 18 мамыр 10:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Нұрлан Нығматуллин Мәжіліс депутаты болып тағайындалды

3 928 просмотра

Фото: Kapital.kzҚазақстан Президенті әкімшілігінің басшысы Нұрлан Нығматуллин Мәжіліс депутаты болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілішсі Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап.

ҚР Орталық сайлау комиссиясы Конституциялық заңның 97-1 бабының 6-тармағына сәйкес "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" негізінде "Нұр Отан" Саяси кеңес бюросының шешімі бойынша Нығматуллин Нұрлан Зайруллаұлын депутат етіп тіркеді.

Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаты Роман Склярдың қызметтік өкілеттігі оның ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметіне келуіне байланысты тоқтатылған болатын.

Нұрлан Нығматуллин 2015 жылдың мамыр айынан бастап Қазақстан Президенті әкімшілігінің басшысы қызметін атқарды. Айта кетейік, Нығматуллин Парламент Мәжілісі төрағасы қызметінде де болды. Ал төменгі палатаның спикері қызметінде 2012 жылдың қаңтар айынан 2014 жылдың сәуір айында болды.

Сонымен қатар, Нұрлан Нығматуллин Қарағанды облысы әкімі және "Нур Отан" партиясы төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

Дереккөз: Tengrinews.kz



21 маусым 2016, 11:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.