Атырау, 11 қазан 15:16
 ашықВ Атырау +12
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Ақтауда жетінші қабаттан құлаған бала аман қалды

Сурет
1 818 просмотра


Ақтаудағы 17-ші ықшамауданда орналасқан Green Park тұрғын үй кешенінде бүлдіршін терезе алдында ойнап отырып, жетінші қабаттан құлап кеткен. Оқиға 21 маусымда кешкі уақытта болған, - деп хабарлайды "Лада".

Куәгерлердің айтуынша, бүлдіршін үйдің металлдан жасалған торлы құрылғысына түскендіктен аман қалған. ТКШ қызметкерлерінің бірі торға түскен балаға қозғалмай, қорықпай отыра тұруын айтыпты. Ал өзі осы уақытта сатыны қойып, баланы түсіріп алыпты. Бала ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер баланың зақым алмағанын айтты.

Құқық қорғау органдары қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үстінде. Осы оқиғаға байланысты жергілікті полиция тұрғындарға үйде бала болса, терезені ашық қалдырмауды кеңес етіп отыр.

Дереккөз: Lada.kz




22 маусым 2016, 10:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.