Атырау, 18 мамыр 11:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

ҰҚК Ақтөбе департаменті бастығының отставкасына комментарий бермеді

2 479 просмотра

Фото: Аzattyq.orgҚазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Ақтөбе облысы бойынша ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті бастығының отставкаға кеткені туралы ақпаратқа комментарий бермеді,- деп хабарлады Азаттық.

Бүгін қауіпсіздік органдарындағы дереккөзі Азаттыққа ҰҚК департаменті бастығы Нұрлан Қадырбаевтың отставкаға кеткенін айтқан.

5 маусымда Ақтөбеде 26 адам екі қару-жарақ дүкенін тонап, Ұлттық гвардияның әскери бөлімін басып алуға тырысқан. Шабуыл мен атыстан ресми мәлімет бойынша 8 адам қаза тауып, 40 шақты адам жараланған. Алты күнге созылған арнайы операцияда шабуылға күдікті делінген 18 адамның көзі жойылып, бірнеше адам ұсталған.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев шабуыл жасағандардың "радикалдық діни топ өкілдері" болғанын және олардың "шетелден нұсқау алғанын" мәлімдеген.

Өткен аптада Қадырбаев Ақтөбеде премьер-министр Кәрім Мәсімовпен өткен жиында облыста радикалдық ұстанымдағы 1 мың 665 адам барын, олардың 90-ы "қауіпті жиһадшыл" екенін мәлімдеген. Қадырбаев "сауатты теологтар мен беделді имамдар аса тапшы болғандықтан оларды райынан қайтару көбіне қиын екені айтқан.

Ол шабуылдар мен одан кейінгі арнайы операциядарда ҰҚК департаменті мен ішкі істер департаменті материалдық-техникалық қамтамасыз етілу жағынан қиындық көргенін де жеткізген.

Дереккөз: Аzattyq.org

20 маусым 2016, 16:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.