Атырау, 13 қараша 19:26
 дождьВ Атырау +7.2
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36

Қазақстанда

Қ.Бишімбаев алькоголь мен темекі бағасы кезең-кезеңмен қымбаттайтынын айтты Қазақстанда

Қ.Бишімбаев алькоголь мен темекі бағасы кезең-кезеңмен қымбаттайтынын айтты

Бүгін ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Парламент Мәжілісінде «Салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырған болатын. Осы заң жобасына сәйкес, министр алькоголь мен темекі акциздерінің құны белгіленетінін айтты, деп хабарлайды Baq.kz. 17 қазан 2016, 15:58 2 198 рет қаралды
Күлекбаев соты түрме ғимаратында өтеді Қазақстанда

Күлекбаев соты түрме ғимаратында өтеді

Алматыдағы теракт бойынша алдын ала сот отырысы басталып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. Бұл іс қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта өтіп жатыр. Процесс тергеу изоляторының ғимаратында ашық тәртіпте өтеді. Руслан Күлекбаев құқық қорғау органдарының және арнайы органдардың сегіз қызметкерінің, сонымен қатар екі бейбіт тұрғынның өмірін жалмаған террористік акт жасады деп айыпталып жатыр. Сондай-ақ, оған үш адамды өлтіруге оқталды деген айып тағылып отыр. 17 қазан 2016, 09:32 2 261 рет қаралды
Қашағаннан экспортқа шығарылатын мұнайдың бірінші партиясы жөнелтілді Қазақстанда

Қашағаннан экспортқа шығарылатын мұнайдың бірінші партиясы жөнелтілді

Бүгін Каспийлік құбыр консорциумы (КҚК) іске қосу-баптау шеңберінде жүргізілген жұмыстар кезінде Қашаған кен орнынан шамамен 7 700 тонна экспортқа шығарылатын мұнайдың бірінші партиясын жөнелтті, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 14 қазан 2016, 15:59 1 612 рет қаралды
Ермекбаев: Салафизмге тыйым салуды қарастырып жатырмыз Қазақстанда

Ермекбаев: Салафизмге тыйым салуды қарастырып жатырмыз

Жаңадан құрылған дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев салафизм - "Қазақстан үшін деструктивті қаупі басым діни ағым" екенін, министрлік қазір оған заңмен тыйым салу мәселесін қарастырып жатқанын мәлімдеді,- деп хабарлады Азаттық. 14 қазан 2016, 15:41 2 381 рет қаралды
Елбасы Бас прокурор Жақып Асановты қабылдады Қазақстанда

Елбасы Бас прокурор Жақып Асановты қабылдады

Кездесу барысында Ж.Асанов Мемлекет басшысына құқық қорғау органдарының жұмысы жөнінде мәлімдеп, «100 нақты қадам» ұлт жоспарын іске асыру жолындағы тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндады,- деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 14 қазан 2016, 15:32 1 651 рет қаралды
Алматыда ереуілге шыққан автобус жүргізушілері жұмыстан шеттетілді Қазақстанда

Алматыда ереуілге шыққан автобус жүргізушілері жұмыстан шеттетілді

Алматыда ереуілге шыққан автобус жүргізушілері жұмыстан шеттетілді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Green Bus Company" ЖШС директоры Бауыржан Күлішев хабарлады. Сондай-ақ, ол № 30, 32 және 121 бағыттағы жүргізушілердің жолға неге уақытында шықпағанын түсіндірді. Айтуынша, кеше ереуілге шыққан жүргізушілер іріткі салған. 14 қазан 2016, 10:32 1 998 рет қаралды
ҚР Премьер-Министрі ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін Ереванға ұшты Қазақстанда

ҚР Премьер-Министрі ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін Ереванға ұшты

ҚР премьер-министрі Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін Ереванға ұшты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап. 14 қазан 2016, 10:30 1 686 рет қаралды
Ақтөбедегі шабуылға қатысты жергілікті полиция басшылары істі болды Қазақстанда

Ақтөбедегі шабуылға қатысты жергілікті полиция басшылары істі болды

Ақтөбедегі жергілікті полиция басшысы Мақсат Шляшев пен оның орынбасары Ермек Шоқановтың үстінен бас прокуратураның тергеу тобы қылмыстық іс қозғады. Бас прокуратура жергілікті полиция басшыларын маусымның басында болған қарулы шабуыл кезінде "қызметте әрекетсіздік танытты" деп айыптап отыр. Бас прокуратураның тергеу тобы қылмыстық іс қаулысын 11 қазан күні қабылдаған,- деп хабарлады Азаттық. 13 қазан 2016, 14:45 2 848 рет қаралды
Матаевтардың ісі мемлекет имиджіне соққы болды - саясаттанушы Қазақстанда

Матаевтардың ісі мемлекет имиджіне соққы болды - саясаттанушы

Алматы. ҚазТАГ – Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев пен ҚазТАГ халықаралық ақпараттық агенттігінің бас директоры Әсет Матаевтың ісі мемлекет имиджіне соққы болды, деп есептейді саясаттанушы Дастан Қадыржанов. 13 қазан 2016, 14:34 2 864 рет қаралды
Назарбаева мұғалiм Пактің iсi туралы: Бас прокурордан iстi тағы да қарап шығуды сұрадым Қазақстанда

Назарбаева мұғалiм Пактің iсi туралы: Бас прокурордан iстi тағы да қарап шығуды сұрадым

Сенаттың халықаралық қатынас, қорғаныс және қауiпсiздiк комитетiнiң төрайымы Дариға Назарбаева Бас прокуратураға Қарағандыда сотталған физика мұғалiмi Юрий Пактің iсiне қатысты барлық фактiлер мен айғақтарды тағы да тексерудi сұрап хат жолдады, деп хабарлайды Baq.kz. 13 қазан 2016, 11:08 2 266 рет қаралды
AI Астананы Боқаев пен Аян сотында өз міндеттемелерін орындауға шақырды Қазақстанда

AI Астананы Боқаев пен Аян сотында өз міндеттемелерін орындауға шақырды

Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы Атыраула белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аянның ісін қарауда "сот процесін әділ өткізудің халықаралық барлық талаптары толықтай сақталатынынан" үмітті екенін білдірді. Лондонда орналасқан Amnest International бұл мәлімдемесін Атырауда Боқаев пен Аянның ісі бойынша алғашқы сот тыңдауы өткен 12 қазан күні жариялады,- деп хабарлады Азаттық. 13 қазан 2016, 10:20 3 622 рет қаралды
Алматыда қантөгіс ұйымдастырған Күлекбаев сыбайластарымен бірге сотқа жіберілді Қазақстанда

Алматыда қантөгіс ұйымдастырған Күлекбаев сыбайластарымен бірге сотқа жіберілді

Алматыда полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған атышулы Руслан Күлекбаев пен оның 5 сыбайласы сотқа жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы қаласы прокуратурасының сайтына сілтеме жасап. 13 қазан 2016, 10:12 2 777 рет қаралды
Бозымбаев: Қашаған кен орнынан алғашқы мұнай өндіріле бастады Қазақстанда

Бозымбаев: Қашаған кен орнынан алғашқы мұнай өндіріле бастады

Қашаған кен орнынан алғашқы мұнай өндіріле бастады, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы барысында айтты. 12 қазан 2016, 15:37 2 790 рет қаралды
Мемлекет басшысы апта соңына дейін ешқандай жиынға қатыспайды – Айдос Үкібай Қазақстанда

Мемлекет басшысы апта соңына дейін ешқандай жиынға қатыспайды – Айдос Үкібай

Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Ақорданың фейсбуктегі ресми парақшасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың хал-жағдайы жақсы екенін баяндады, деп хабарлайды BNews.kz. 12 қазан 2016, 11:33 2 208 рет қаралды
Мұхамедиұлы өзіне тағылған айыпқа қатысты сотқа жүгінбек Қазақстанда

Мұхамедиұлы өзіне тағылған айыпқа қатысты сотқа жүгінбек

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы интернетте өзі туралы жасалған мәлімдемелерге қатысты "ар-намысы мен абыройын тек сотта қорғайды" деп хабарлады Азаттық министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 12 қазан 2016, 11:37 2 456 рет қаралды
Молдова азаматтары 800 астаналықтың карточкаларына ұрлыққа түскен Қазақстанда

Молдова азаматтары 800 астаналықтың карточкаларына ұрлыққа түскен

Сарыарқа аудандық соты Астана қаласы ІІД-нің Молдова азаматтарын Қазақстан Республикасының аумағынан шығару туралы талап арызын қарады,- деп хабарлады Қазақпарат. 12 қазан 2016, 10:34 2 507 рет қаралды
Елімізде трансплантация тегін жасалады Қазақстанда

Елімізде трансплантация тегін жасалады

Елімізде трансплантация тегін жасалады. Бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің өкілдері мәлімдеді. Бұндай қымбат операциялар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізген соң ақысыз жасалады,- деп хабарлады BNews.kz. 12 қазан 2016, 10:20 2 132 рет қаралды