Атырау, 19 мамыр 12:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Мұхамедиұлы өзіне тағылған айыпқа қатысты сотқа жүгінбек

2 231 просмотра

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы интернетте өзі туралы жасалған мәлімдемелерге қатысты "ар-намысы мен абыройын тек сотта қорғайды" деп хабарлады Азаттық министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

9 қазанда интернетте өзін академияда 2011-2015 жылдары оқыдым деген актриса Еңлік Сыдықованың видеосы жарияланған. Сыдықова видеода 2011 жылы сол кезде академия ректоры болып тұрған Арыстанбек Мұхамедиұлын оқуға түсуіне көмектесу үшін "әуелі ақша сұрап, кейін жыныстық бопсалады" деп айыптайды.

Ал 10 қазанда Мұхамедиұлы өзіне тағылған айыптарды терістеп, мәлімдемені "жала жабу" деп атаған. "Бейнежазбадағы қыз адвокаттармен кеңесіп алуы керек еді. Қылмыстық кодексте азаматтарды дәлелсіз айыптамауға шақыратын жала жабу туралы бап бар. Мен заңгерлерімді әлгі видеоны зерттеп, қарсы құқықтық шаралар жасауды сұраймын" деген Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Министрліктің баспасөз қызметі Мұхамедиұлы сот шешімі шыққанға дейін өзіне қатысты мәлімдемелер жайлы ешқандай комментарий бермейтінін айтады.

Дереккөз: Аzattyq.org

12 қазан 2016, 11:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.