Атырау, 19 мамыр 09:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Ауыр атлет Денис Уланов Рио Олимпиадасының қоласын алады

2 427 просмотра

Фото: youtube.com Қазақстандық ауыратлет Денис Уланов Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада-2016 ойындарының қола медалін алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Риодағы Олимпиада ойындарына арналған Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) журналында жарияланған.

Жарыс қорытындысы бойынша 85 келі салмақ дәрежесіне дейін Уланов үшінші орынға ие болғаны көрсетілген, себебі румын Габриэль Синкраянның жеңісін жоққа шығарған.

Румын БАҚ-тарының мәліметінше, 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орын алған зілтемірші Габриэль Синкраянның қанында тыйым салынған заттар бар болып шыққан. Халықаралық ауыр атлетика федерациясы бұл туралы ресми мәлімдеген жоқ. Алайда Сикраянның Олимпиададағы нәтижесі жойылады деп күтіліп отыр екен. Осылай болған жағдайда медаль қазақстандық Улановқа өтеді.

Айта кетейік, Уланов пен Синкраян Рио Олимпиадасында бірдей көрсеткіш көрсеткен - 390 келі. Алайда румын спортшысы қазақстандықтан жеңіл болып, қанжығасына Олимпиада медалін байлаған еді.

Дереккөз: Tengrinews.kz


12 қазан 2016, 09:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.