Атырау, 13 қазан 07:24
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

ҚР ІІМ АҚШ-та із-түссіз жоғалған студенттің Facebook-тегі акаунтын тексеріп жатыр

1 759 просмотра

ҚР ІІМ АҚШ-та із-түссіз жоғалып кеткен студенттің атынан жазылған жазбаны тексеруге алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаевтың сөзінше, ведомство қазір бұл постты Ержан Еліковтің Facebook-те өзі жазғанын немесе өзге адамның орналастырғанын тексеруде. ІІМ АҚШ-та студентті іздестіру бойынша Интерполмен бірлесе жұмыс істеп жатыр.

29 қыркүйекте болашақ бағдарламасы бойынша шетелге оқуға кеткен Ержан Еліковті іздеуге жәрдемдесу туралы өтініші келіп түскен. Студент ата-анасымен байланысты 2011 жылдың наурыз айында үзген. Ол уақыттан бері студенттің жоғалғаны туралы Қазақстан полициясына ешкім арыз бермеген. Қазіргі кезде қажетті тергеу шаралары жүргізілуде. Тергеу барысы бақылауға алынды", - деді Сәдубаев.

Студенттің атынан жазылған пост Ержан Еліковтің парақшасында 13 қазанға қараған түні жарияланған. Қазіргі кезде жазбаның жойылғанын айт кетейік.

Дереккөз: Tengrinews.kz

17 қазан 2016, 14:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.