Атырау, 13 қазан 05:20
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Назарбаева мұғалiм Пактің iсi туралы: Бас прокурордан iстi тағы да қарап шығуды сұрадым

1 923 просмотра

Сенаттың халықаралық қатынас, қорғаныс және қауiпсiздiк комитетiнiң төрайымы Дариға Назарбаева Бас прокуратураға Қарағандыда сотталған физика мұғалiмi Юрий Пактің iсiне қатысты барлық фактiлер мен айғақтарды тағы да тексерудi сұрап хат жолдады, деп хабарлайды Baq.kz.

«Соттың жұмысына араласуға құқығымыз жоқ. Сенемiз бе, сенбеймiз бе - әркiмнiң өз ойы. Баспасөзде, әлеуметтiк желiлерде қарама-қайшы мәлiметтер болған соң, өз басым депутат ретiнде прокуратураға хат жолдадым. Тағы да осы iстiң барлық құжаттарын қарап, бiзге жауап берудi өтiндiм», - дедi Дариға Назарбаева бүгiн Сенаттың жалпы отырысынан кейiн журналистердiң сұрағына жауап бере отырып.

«Қазiр прокуратураның жауабын күтемiз. Содан кейiн өзiмнiң ой-пiкiрiмдi айтамын», - деп қосты депутат.

Еске сала кетейiк, Қарағанды қаласындағы № 86 мектебiнiң физика мұғалiмi биыл қазан айының басында теракт туралы жалған хабар бергенi үшiн сотталған болатын. Ол сот шешiмiмен екi жылға бас бостандығынан айырылды. Мұғалiм жазасын жалпы режимдегi түзету колониясында өтеп жатыр. Өз кiнәсiн мойындамаған ұстазға берiлген мұндай жаза қоғамдық резонанс тудырып, әсiресе, әлеуметтiк желiлерде қызу талқыланды. Көпшiлiк сот үкiмiмен келiспей, Юрий Пак теракт туралы хабарлаған жоқ деп есептейдi.

Дереккөз: Baq.kz

13 қазан 2016, 11:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.